ТІЛІ БІРДІҢ - ТІЛЕГІ БІР

  • Жүктеулер: 1
  • Көрсетілім: 205
  • Сыныптан тыс жұмыс
  • 14/Фев/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 21734


Орыс сыныбына ұйымдастырылған іс-шара
Тақырыбы: Тілі бірдің-тілегі бір

мақсаты:
оқушыларды мемлекеттік тілді құрметтеуге тәрбиелеу;
қазақ тілінің мәртебесін көтеріп, тілге сүйіспеншілікті тудыру;
елін, жерін, Отанын сүюге тәрбиелеу.
әдісі: сайыс
Қатысушылар: 5в сынып оқушылары.
барысы:
1.Мұғалімнің кіріспе сөзі:
1989 жылдың ақпан айында қабылданған жарлыққа сәйкес
«22 қыркүйек – Қазақстан халықтарының тілдер күні» деп жарияланған.
Қазақстан көп диаспоралы, әр тілде сөйлейтін ел. «Жеті түрлі білім біл, жеті
жұрттың тілін біл» деген дана халқымыз. Өз ана тілімен қатар мемлекеттік
тілді-қазақ тілін жетік меңгеруіміз керек. Бүгінгі таңда біздің мектептің
оқушылары заман талабына сай үш тілде білім алуда.
Жыл сайын қыркүйек айында мектебімізде Тіл мерекесі өтеді. Биыл да осы мерекеге байланысты 5в сынып оқушылары арасында бірінші рет сайыс өткізгелі отырмыз.
Шараның ұраны: «Пейіл мен ынта болса, мемлекеттік тілді еркін меңгеруге болады».
Кім білімді, өнерпаз білейікші,
Оқушылар алғыр деп жүрейікші.
Әділқазылар алқасына тек әділдікті,
Сайыскерлерге тек сәттілік тілейікші!
2. Қатысушылар мен әділқазылармен таныстыру:
а) Сайысқа қатысушылармен таныстыру:
Бүгінгі сайысқа 5в сынып оқушылары қатысқалы отыр. Олар ортамызда.Таныстырып өтейін.
1.Андрющенко Гена
2. Андрющенко Надежда
3. Бочкова Анжелика
4.Зажурила Валерия
5.Каменная София
6.Катькал Алина
7.Кучер Света
ә) әділқазыларды таныстыру:
Шын жүйрік шабысынан танылады,
Нақты білім, терең ой сыналады.
Баға берер әділқазы ортамызда,
Оларға құрметпен қол соғылады деп, сайыскерлерімізді бағалайтын,
шындықты жарып айтатын әділқазылар алқасымен таныс болыңдар.
3. Сайыстың өту барысымен, шартымен таныстыру:
Сайыс 6 кезеңнен тұрады. Тапсырмалар әр түрлі болып келеді,
жауаптарын ойланып,уақытты үнемдеп айту керек;
4.Сайыстың тапсырмалары:
1кезең: «Сөз тапқанға қолқа жоқ»
Сұрақтан беріледі,әр жауапқа бір ұпайдан. Жауабын білетін адам қол көтеріп айтады.
Дұрыс жауап – 1 ұпай.
1. Сен нешінші сыныпта оқисың?
2. Бірінші септікті ата?
3. Ең жақын досың ?
4. Еліміздің бас қаласы?
5. Нешінші қабатта оқисың?
6. Сүттен жасалатын қазақтың ұлттық тағамдары?
7. Күз айларын ата?
8. Саған ертегі айтатын кім?
9. Бал жинайтын жәндік?
10. Қыс айларын ата?
11. Қазақ тілінде неше септік?
12. Отбасы сөзінің аудармасы қалай?
13.Көктем айларын ата
14. 1қыркүйек қандай мейрам?
15. Кімде?Неде? қай септіктің сұрағы?
16. Қазақ тілінде буынның неше түрі бар,атап бер?
17. Сиыр, қой, түйе ,ешікі олар нелер?
18. Елбасымыз кім?
19.Әліппе сөзінің бірінші әріпі қандай дыбыс?
20. Апта күндерін ата.
(әділқазыларға сөз)
2 кезең: «Мың бір мақал»
«Мақал сөздің мәйегі» деп мақал мәтелдер жарысын бастайық.
Әр оқушы мақалдарды кезекпен айтады. Кім тоқтап қалады сол,қала береді,әр айтылған мақалға бір ұпайдан беріліп отырады.
(әділқазыларға сөз)
3 кезең: «Маржан сұрақтар». Сурет бойынша 2 сұрақ дайындау.Ол үшін алдарыңызда берілген пазлдарды құрастырып,сол сурет бойынша сұрақтар құрастырасыздар.
Үйдің, Мектептің, Гүлдің, Оқушының, Отбасының,Сағаттың, Домбыраның сурттері
(әділқазыларға сөз)
4 кезең: Кім шапшаң? Суретті крассворд шешу. Кім бірінші сөздерді шешіп ортасындаы сөзді табады сол оқушығ ұпай беріледі.5 ұпай
5 кезең: «Бәріне дайынмын!» Жаңылтпаш айтып жарысу Тез, дұрыс айту.

1.Доп,доп, доп екен,
Доп қуғандар көп екен.
2.Виктор ағай
Диктор ағайға:
«Бұл өзі мықты ірі ағай!
Мықты ірі ағай!» - деді.
3.Жау жүректі
Жау жүрек дейміз,
Тау құдіретті
Тау құдірет дейміз.
4.Жағажайды жағалай,
Жүгіреді Қамажай.
5. Бар, май шайқа,
Байқа, жай шайқа.

(әділқазыларға сөз)
6 кезең: «Өнерлі өрге жүзер». Үй тапсырмасы.
Тіл, Отан, туған жер туралы өлең жолдарын айту.
(әділқазыларға сөз)
5. Мұғалімнің қорытынды сөзі:
Сайысқа белсенді қатысқан оқушыларға алғысымды білдіремін. Бүгінгі сайыста сендер өз білімдеріңді, өнерлеріңді ортаға салып, тіл мәртебесін жоғары көтердіңдер. Болашақта мектепте, басқа да ұйымда өтетін шараларда жүлделі орын алуларыңа тілектеспін.
Әділқазылар алқасына да құрметтерімізді білдіріп, қөшемет көрсетейік.
6. Марапаттау рәсімі. Тәрбие.орг сайтынан ТІЛІ БІРДІҢ - ТІЛЕГІ БІР Сыныптан тыс жұмыс материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Есенаманова Гулжанат Габусановна

БҚО,Шыңғырлау ауданы,Лубен ауылы А.Тихоненко атындағы орта жалпы білім беретін мектебі мемлекеттік тілде оқымайтын сыныптардағы қазақ тілі пәні мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar