«Тілім - менің тірегім»

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 740
  • Сыныптан тыс жұмыс
  • 18/Май/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22839


Тақырыбы: «Тілім - менің тірегім» атты сыныптан тыс шара (саптық жиын).
Мақсаты: Оқушылардың «тіл», «Отан» құндылықтары туралы түсініктерді кеңейту.
Аружан жүргізуші: Армысыздар! Құрметті мұғалімдер және оқушылар! Баршамызға Тіл мерекесі құтты болсын! Тіл – әрбір ұлттың заңы сезімнің, ойдың жанды бейнесі. Қазақ халқы – сөзге шешен, ойы ұшқыр, мақалдап сөйлейтін халық. Кез-келген дауды атақты билеріміз бір ауыз сөзбен шеше білген. Осыншама жылдар бойы жеңілмей келе жатқан тіл.
Сұлтанбек жүргізуші:Тіл-қандай ұлтта, елде болмасын әрқашан қастерлі де құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл - әрбір елдің жаны.
Аружан жүргізуші: 1989 жылы 22 қыркүйек күні "Тіл туралы" заң қабылданған болатын. Бұл заңда Қазақ ССР-нің мемлекеттік тілі қазақ тілі, ал орыс тілі — ұлтаралық тіл деп бекітілген еді.
Сұлтанбек жүргізуші: Қазір дүниеде 2796 түрлі тіл қолданылады. Дүниежүзінде ресми тіл саны алтау: қытай тілі, ағылшын тілі, орыс тілі, испан тілі, француз тілі, араб тілі.
Аружан -жүргізуші: Жалпы 6 мыңға жуық тілдің 100-і ғана мемлекеттік деген статусқа ие болған. 1989 жылы «Тіл туралы» Заң қабылданғаннан бері қазақ тілі де осы мемлекеттердің қатарына кіргеніне қуаныштымыз.
Сұлтанбек жүргізуші: Көрермен қауымға тіл туралы қызықты деректерімізді бөлісіе кеткеніміз жөн сияқты.
Аружан -жүргізуші: Ендеше, адамзат тарихындағы көп тілді меңгерген полиглот ғалымдар мен басқа да тіл туралы қызықты фактілерімізді естеріңізге сала жүріңіздер.

Т.Аружан : Шығыс ғұламасы Әл-Фараби 70-ке жуық тілді меңгерген.Ұлы Абай орыс-қазақ тілдерімен қатар парсы, араб тілдерін меңгерген. Орыс тілін орта жастан асып барып, кеш меңгерген.

Бекжан : А.С.Пушкин француз, ағылшын, неміс, итальян, испан, латын, грек, славян тілдерін білген. Көне еврей тілін зерттеген.Луначарский испан тілін 57 жасында үйренген екен.

Айсара: Профессор Құдайберген Жұбанов көп тіл білген кісі. Тіпті ана тілімізді салыстырмалы жүйемен үйренуге де, зерттеуге де себі бар деп жапон тілін де игерген.Кибернетика “атасы” деп есептелетін Норберт Винер 13 тілді зерттеген.

Айнура: Дүниедегі барлық аударма шығармалардың 33% ағылшын тілінен аударылса, 15 % – француз тілінен, ал 1% неміс тілінен аударылады.

Гүлбар Ерболатқызы- Қазақ тілі - Әйтеке, Төле, Қазыбек билер сынды шешендердің, Абай, Жамбыл, Ахмет, Мағжан, Сәкен, Мұхтар сияқты алып ақын - жазушылардың, Қажымұқан, Бауыржан батырларың тілі. Қазақ тілі - қазақтың жоғын жоқтап өткен Ш. Уәлиханов пен Т. Рысқұловтай арыстың тілі.Ендеше назарларыңызға
Сахналау
Ортаға патша шығады.Уәзірі келеді:

- Уа,хан,ием! Сізге көрші ауылдан хат келді. .Бұл сұрақтың жауабын білсең қазынамның жартысын беремін.Сонымен:
Дүниеде не ащы?
Дүниеде не тәтті?
ПАТША: - Мұның мәнісі неде екен? - деп оқушылардан сұрайды.
Мұның жауабын білу үшін «Қазыбек биден сұрайық» Төрелігін сол айтсын.

Қазыбек би:Ең тәтті де – тіл!
Ең ашшы да – тіл!
Ең жұмсақ та-тіл!
Ең қатты да-тіл!
Тіл ұлттың жан дүниесі.Тіл жоқ жерде –ұлт жоқ.Дұрыс сөйлей білуде өнер, жүйесін тауып сөйлеген сөз жүрекке жетіп, жүйені босатады. Сондықтанда тіл - тәтті. Жебе салған жара жазылар, балтамен оталған орман қайта өсер, бірақ тілдің жарасы жазылмас. Сондықтан да тіл - ащы.Тіл-ұлы,құдіретті,көмектеседі,үйретеді,ұлықтайды.Біздің болашағымыз-ана тіліңде!- Мен сендерге кітап берейін ,бұл кітап жай кітап емес,қазыналы кітап.Өз ана тіліңді үйрететін,тарихыңды меңгертетін білімнің кілті кітапта.Бұл менің хан ием сізге сыйым болсын!
ПАТША: - Ойпырым - ай! Тілдің құдіреті осы де.

Сұлтанбек жүргізуші: Қазақ тілі – дүние жүзіндегі ең бай, беделді де бейнелі тілдердің бірі.
Өткірдің жүзі,
Кестенің бізі,
Өрнегін сендей сала алмас – деп ұлы Абай атамыз таңырқап тағзым еткен де осы қасиетті тіліміз. Халық байлығы- әр елдің мақтанышы. Ол атадан-балаға мирас болып қалған баға жетпес мұра. Олай болса, достар, өз ана тілімізді құрметтеу перзенттік парызымыз екенін ұмытпайық.
Сұлтанбек: Жүрегімнің бөлшегі
Қаның, жаның - тілінде,
Арың, нәрің тіліңде.
Ұмтыл оны білуге.
Тілден алып ғибрат,
Құлшынасың білімге.
Ана тілің - ертегің,
Ана тілің - өркенің,
Ана тілің - ертеңің.
Қадірле ана тіліңді -
Жүрегіңнің бөлшегін.
Аружан - жүргізуші: Язык-это общественное явление, которое действует на протяжении всего существования человечества. История не знает ни одного человеческого коллектива, который бы не пользовался языком. И это понятно. Человек существует только в обществе. Он постоянно связан с другими людьми. Средством общения служит язык. При помощи языка люди передают свои мысли,желания,чувства.
Язык связан с мышлением, сознанием людей. Он возник в глубокой древности. Он тесно связан с жизнью общества.
Айнара: Знать язык сегодня стало
Лишь один, не скрою, мало.
Если два- вопросов нет,
Ты для всех – авторитет.
Тех, кто три прекрасно знают,
Все за гениев считают.
Ну, а, если все четыре-
Нет людей богаче в мире.
Сұлтанбек жүргізуші: Знание английского языка помогает стать грамотным, эрудированным специалистом во всех отраслях науки и техники.
A lot of people speak English in China, Japan, India, Africa
and other countries. It is studied as a foreign language in many
schools. So it is very useful to learn foreign languages. Knowledge
of foreign languages helps us to develop friendship and
understanding among people.
Аружан -жүргізуші: Тіл – халық тарихы, тіл – ұлттық қазына, тіл біздің намысымыз, арымыз, байлығымыз, барымыз.
Мөлдір: Қазақ тілім-өз тілім,ана тілім,
Абай,Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені
Болашағым,бақытым,дара тілім.
1- Туған тілім! Тас бұлақтың тұнығы да сенде!
2- Туған тілім! Ана сүтінің жұғымы да сенде!
3-Туған тілім! Райхан гүлдің жұпары да сенде!
4- Туған тілім! Мәжнүн ғашықтың іңкәрі де сенде!
Бірге: Туған тілім! Қыран құстың жанары да сенде! Тәрбие.орг сайтынан «Тілім - менің тірегім» Сыныптан тыс жұмыс материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Г.Е.Муфтахова

Пікірлер: 0

avatar