Тілім менің - тірлігімнің айғағы

  • Жүктеулер: 2
  • Көрсетілім: 572
  • Сыныптан тыс жұмыс
  • 19/Окт/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 19733


Тақырыбы:«Тілім менің – тірлігімнің айғағы»
Мақсаты: Оқушыларға ана тілінің құдыреттілігін сезіндіру, ұғындыру.
Ана тілімізді сүюге, сақтауға, қастерлеуге, қорғауға шақыру. Тілдің маңызын арттыру.
Көрнекілігі: Видеослайд, тіл туралы плакаттар, нақыл сөздер.
Бағыты: саяси-құқықтық, патриоттық, салауаттылық, өзін-өзі тану мен өзін-өзі дамыту қажеттілігін қалыптастыру.
Түрі: Танымдық сабақ
Өткізілу барысы:
1. Кіріспе /Ұйымдастырукезеңі/
2. Гимнді орындату.
3. Видеослайд көрсету.
Мұғалім сөзі: Қазіргі ең таза, ең бай, ең табиғи және бұзылмай, бұрынғы қалпында сақталып қалған тіл болса, ол – қазақ тілі мен қазақ әдебиеті.Біз мұны ашық айтуымыз керек. Қ.Р. Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2003 жылғы 15 қарашадағы жарлығымен 22 қыркүйек ҚР халықтары тілдерінің күні ретінде атап өтілетін болды.
- Әрбір ұлттың өз тілі бар. Тіл бар жерде ұлт бар. Тіл атадан балаға мирас болып келе жатқан баға жетпес мұра. Тіл – ұлттың жаны. Елбасымыз: Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде»,
«Ана тілі – бәріміздің анамыз», - деп айтқан сөзі бар. Тілді құрметтеу – ең алдымен өз-өзіңді құрметтеу. Тіл мерейі – ел мерейі.
Туған тілім – тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сөз ойдағы.
Өссе тілім – мен де бірге өсемін,
Өшсе тілім – мен де бірге өшемін,-деп Ә.Тәжібаев атамыз жырлап кеткен болатын.
1-жүргізуші: -Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі біздің ана тіл мерекесіне орай өткізгелі отырған 6 «а» сыныбының «Тілім менің – тірлігімнің айғағы» атты Сыныптан тыс сағатына қош келдіңіздер!
2-жүргізуші: 22 - қыркүйек «Тіл мерекес»і күні болып аталып келеді. Яғни 1997жылы 22 қыркүйек күні қабылданған Қазақстанның тіл туралы Заңында Республика халықтарының тілдерін қолдау мен дамыту құқығының негізі бекітілген.
Тіл – әрбір ұлттың заңы сезімнің, ойдың жанды бейнесі. Қазақ халқы – сөзге шешен, ойы ұшқыр, мақалдап сөйлейтін халық. Кез-келген дауды атақты билеріміз бір ауыз сөзбен шеше білген. Осыншама жылдар бойы жеңілмей келе жатқан тіл.
Ендігі кезекті әнге береміз. Ән: «Анамның тілі»
Орындайтындар: Саматдин және Мұхит.

1-жүргізуші:
Балалар құтты болсын тілің бүгін!
Ашатың жан сарайын білімдерінің,
Кешегі анаң айтқан, бабаң айтқан,
Тіліңе зер салыңдар бұрынғының.
2-жүргізуші:
Қазақ тілім өз тілім, ана тілім
Абай, Мұхтарсөйлеген дана тілім.
Қастерлейдіұл-қызыңмәңгісені
Болашағым, бақытым дара тілім,-дей келе келесі кезекті әнге береміз.
Ән: «Балалық шақ». Орындайтын: Толғанай және Темірлан.
1-жүргізуші:
Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып,
Ана тілін білмеу қандай заңдылық.
Өсер балаң, байтақ далаң тұрғанда.
Қазақ тілі жасау керек мәңгілік.
2-жүргізуші:
Сен ана тіл жүрегісің анамның,
Жүрекана мен өзіңненжаралдым.
Сағатсайынсаулығыңдытілеймін,
Сенсізмағанкерегіжоқғаламның.
Ендігі кезекті ойшыл, тілтанушы ғалымдардың тіл туралы айтып кеткен тақпақтарына сөз берейік. (Ортаға оқушылар шығып тақпақтарын айтады).
1-жүргізуші:
Сенің арқаң қанып ішсем тұнықтан,
Сенің арқаң дүниеден сыр ұқсам.
Анашымды ұтытқаным емес пе,
Ана тілім егер сені ұмытсам?
Ендігі кезекте ән: «Тілім менің». Орындайтындар: Аиша, Аяулым, Ақбаян.
2-жүргізуші:
Тілім, дінім, самғаған, шарықтасын
Самғаудан еш уақыт жалықпасын
Өз алдында өмірден теңдік алған
Ана тілім көгімде қалықтасын,- дей келе ендігі кезекті ойшыл ғұлама, ғалымдардың тіл туралы айтып кеткен даналық сөздері тоқталып өтейік.
Ағыбаева Дана. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының даналық сөзі:
Қазақ тілінен асыл, қазақ тілінен бай тіл жоқ. Егер қазақ тілін білсе, дін де осында, ғылым-білім де осында. Дүниедегі ең асыл тіл – араб тілі, одан кейін түрік тілі, түрік тілінің ішіндегі гауһары – қазақ тілі деген.

Абдрасыл Ажар. Василий Радловтың сөзі:
Ең сауатсыз деген қазақтың өз тілін жете меңгергендігі сондай, ондайды біз Еуропада француздар мен орыстардан байқаймыз. Егер олар әңгіме айта қалса,сөз оралымдары көркем де сүйкімді, тілі өткір де майда, шешен де тапқыр,-деген.
Құлатай Бекарыс. Жүсіп Баласағұнның сөзі:
«Адамға екі нәрсе тіректегі, бірі-тіл, бірі-ділің жүректегі»-деп, қазақ тілінің көсегесін көгерту алдымен өзін қазақпын деп санайтындар ғана емес, Қазақстан топырағында тұратын таза ниетті әрбір азамат, мемлекеттік тіл — қазақ тілін өзіне тірек етіп, ол тілді жүрегімен сүюі тиіс,-деген.
Ахметова Айым. Ахмет Байтұрсынұлы:
Қазақ тіліне шын жаны ашыған, тілін қорғай білген қазақтың біртуар азаматтары. Қазақтың бес арысы атанып кеткен аталарымызды айтпасқа болмайды. Олар: Ахмет Байтұрсынов, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мағжан Жұмабаев, Міржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов.
Ахмет Байтұрсынұлы қазақ әліппесі мен қазақ тілі оқулықтарын жазуды жылдардан бастап қолға ала бастады. Онымен қоса қазақ графикасын жасайды. Ең алғашқы әліппесі «Оқу құралы» деген атпен жарық көрген. Ғалым «Әліпбидің» жаңа түрін «Тіл құрал» деген атпен жазып шықты.
«Ахаң түрлеген ана тілі, Ахаң салған әдебиеттегі елшілдік ұраны «Қырық мысал», «Маса», «Қазақ» газетінің жылдағы қан жылаған қазақ баласына істеген еңбегі, өнер-білім, саясат жолындағы қажымаған қайратын біз ұмытсақ та, тарих ұмытпайтын істер болатын. Оны жұрттың бәрі біледі,-деп Мұхтар Әуезов айтып кеткен.
Мәнерлеп оқитын Нұрсұлтан Альбина. Міржақып Дулатов :
Қазақтың аса көрнекті ағартушысы, қоғам қайраткері, ақын,жазушы, жалынды көсемсөз шебері қазақ халқына арнап «Оян қазақ» өлеңін шығарған.
1-жүргізуші:
О, адамдар, қадіріне жетіңдер
Ана тілің – анаң сыйлап өтіңдер.

Туған тілін танымаған көрсоқыр
Болып өтер, ертең мәңгі өкінер,- дей келе ендігі кезекті күйге береміз.
Күй «Балбырауын». Орындайтын ЖакупЕрнат.
2- жүргізуші: Бүгінгі кешті аяқтай келе, сіздердің көңіл сәулелеріңізге нұр шаштық деген ойдамыз. Осы қасиетті, қастерлі, аяулы ана тілімізді шұбарламай, өзіміз де, өзгенің де сыйлап, құрметтеуіне жол салайық, -дей отырып Рахат Санжардың орындауындағы «Егемен ел» әнімен аяқтаймыз. Тәрбие.орг сайтынан Тілім менің - тірлігімнің айғағы Сыныптан тыс жұмыс материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Нареге Гүлназ Қойшыбайқызы

Алматы қаласы, №136 мектеп-гимназия қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғплімі

Пікірлер: 0

avatar