"Толағай" отбасылық сайысы

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 461
  • Сыныптан тыс жұмыс
  • 21/Май/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 19090


Тақырыбы : «Толағай» отбасылық сайысы. 3-ші сыныптар арасында.
Мақсаты: Балалар мен ата-аналарға спорттық ойындарды
орындата отырып , спортқа деген қызығушылық-
тарын арттыру. Салауаттану – адам жанының да ,
тәнінің де тазаруы, денсаулығының нығаюы ,
салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.
Керекті құралдар: доптар, кеглилер, шығыршық, уақ доп,
үлкен қолғап, құрсаулар, аттар, конфеттер,
себеттер, қаптар.
Жүргізуші: Шынықсаң шымыр боларсың,
Сауығып айдай толарсың.
Спортты серік ете біл,
Жақсы азамат боларсың.
Жеңімпаз болу оңай ма,
Арман болған талайға
Болмасаң да ұқсап бақ,
Жарысқа түсіп қалайда.
Құрметті әріптестер, ата-аналар және оқушылар бүгінгі «Толағай» отбасылық сайысымызға хош келдіңіздер! Көңілді жарысымызға ата-аналар өз отбастарымен қатысады.
Әр таңды бақытпенен атырамыз.
Өнерді ой көгінде бақылаңыз,
Сайысқа қатысуға енді ортаға –
Жарысқа қатысушыларды шақырамыз.
1. Баймурзиндер отбасын шақырамыз.
2. Тажмухановтар отбасын шақырамыз.
3 Қуанышовтар отбасын шақырамыз.
(әр отбасы орнына келіп тұрып, тобын таныстырады)
Жүргізуші: «ТОЛАҒАЙ» отбасылық сайысы - еліміздегі отбасылардың атсалысуымен өтетін тәрбиелік маңызы зор ойын – сауықты бағдарламалардың бірі. Олай болса сайысымызды бастайық.
Ал, құрметті халайық!
Жарысты енді көріңдер.
Әділ қазы алқасы
Әділ баға беріңдер.
Сайысымыздың әділ бағасын беретін әділқазылар алқасымен таныс болайық.
1. Мектеп директоры: М.Қ. Кулсарина.
2. Тәрбие ісінің міндетің атқарушы: Д.Ж. Жұмабекова.
3. Дене тәрбиесі пәннің мұғалімі: М.Е. Еңсепбаев.
Сайысымыз 6 кезеңнен тұрады.
І Кезең: «Желаяқтар»
Ойын шарты: Бірінші ойыншы бастапқы орыннан кедергілер арасымен межені жүгіріп айналып келіп, екінші ойыншыға қол беру. Келесі ойын осы бағытта жалғасын табады. Бірінші аяқтаған топ жеңіске жетеді.
ІІ Кезең: Шығыршықтан өту.
Ойын шарты: Бастапқы орыннан бірінші ойыншы шығыршықты ұстайды қалған ойыншылар шығыршыұтан өтеді. Келесі ойыншы ұстайды, арғарай ойын жалғасын табады. Межені айналып, қай топ келсе сол топ жеңіске жетеді.

ІІІ Кезең: «Картоп егіп кел де, жинап ал. »
Ойын шарты: Ойыншылардың алдында 10 кішкене шеңбер және топ басшының қолында дорбада 10 картоп болады. белгі бойынша топбасшылар картопты шеңберге отырғызады да шапшаң жүгіріп барып дорбаны 2 - ойыншыға береді. Ол картопты жинайды, 3 - ойыншы егеді, 4 - ойыншы жинайды, Ойын осылай жалғасады
ІV Кезең: «Секірмек»
Ойын шашты:Бірінші ойыншы допты аяқ ортасына қысып секіріп келу. Екінші ойыншы құрсаумен секіреді, ал үшінші ойыншы атпен шауып келеді.
V Кезең: «Мұртты кенгуру»
Ойын шарты: Бала қарындашты мұрнына қысып, жартылай отырып жүріп отырып екінші жаққа келіп берілген есепті шығарады. Қайтарда жүгіріп барады да әкесінің алақанынан ұрып келесі эстафетаны әкесіне береді. Сонан соң әкесі қайталайды.
VІ Кезең: « Кенгуру»
Ойын шарты Қаппен секіру.
VII Кезең: «Тасымал»
Ойын шарты: Команданың барлық мүшесі бірге қатысады. Анасы мен әкесі қолдарын баланы отыратындай ыңғайлы етіп,баланы көтеріп кедергілерден өту арқылы жүгіру.
VIII Кезең: «Арқан тартыс»
Жүргізуші:Жарыс заңы ежелден-
Жеңімпазды анықтау
Жеңімпаз болу шарты сол-
Еңбектену, жалықпау
Біреу озса сайыста,
Біреу артта қалады
Жеңілгендер ренжімей
Тараса бізге жарады.
Сайысымыздың қортындысын шығаруға кезекті әділқазы алқасына сөз кезегін береміз. (Әділқазыларды тыңдау)
Уа, халайық назар аудар денсаулыққа!
Өмірде бақыттысың денің сауда.
Денсаулық терең бақыт деген сөзді
Құр айтпаған Ұлы Абай данамыз да.
Құрметті бүгінгі сайысымыздың қонақтары! Сіздерге сайысымызға келгендеріңе көп-көп рахмет! Тәрбие.орг сайтынан "Толағай" отбасылық сайысы Сыныптан тыс жұмыс материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Жапарова Луиза Достанқызы

Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Қарабұтақ орта мектебі Бастауыш сынып мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar