Толағай отбасылық сайысы

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 511
  • Сыныптан тыс жұмыс
  • 19/Ноя/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 20100


Тараз қаласы Ө.Жолдасбеков атындағы № 50 орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі Айполатова Анар Базарбайказиевна

Сертификат алу үшін

Сыныптан тыс жұмыстың тақырыбы : «Толағай» отбасылық сайысы
Мақсаты: Балалар мен ата-аналарға спорттық ойындарды
орындата отырып , спортқа деген қызығушылық-
тарын арттыру. Салауаттану – адам жанының да ,
тәнінің де тазаруы, денсаулығының нығайуы ,
салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.
Керекті құралдар: доптар, кеглилер, доп, шелек, шар, қапшық, стакан, секіртпелер, жұмыртқа, қасықтар.
1 - жүргізуші: Шынықсаң шымыр боларсың,
Сауығып айдай толарсың.
Спортты серік ете біл,
Жақсы азамат боларсың.
Жеңімпаз болу оңай ма,
Арман болған талайға
Болмасаң да ұқсап бақ,
Жарысқа түсіп қалайда.
Құрметті әріптестер, ата-аналар және балалар бүгінгі «Толағай» отбасылық сайысымызға хош келдіңіздер!
2 - жүргізуші: «ТОЛАҒАЙ» отбасылық сайысы - еліміздегі отбасылардың атсалысуымен өтетін тәрбиелік маңызы зор ойын – сауықтың бірі. Олай болса сайысымызды бастайық.
Ал, құрметті халайық!
Жарысты енді көріңдер.
Әділ қазы алқасы
Әділ баға беріңдер.
Сайысымыздың әділ бағасын беретін әділқазылар алқасымен таныс болайық.
1. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары : Абитаева Н.
2. Бастауыш сынып мұғалімі: Биназарова Г
3. Бастауыш сынып мұгалімі: Тұрғымбаева Н
Сайысымыз 6 кезеңнен тұрады.
І Кезең: «Таныстыру»
ІІ Кезең: «Мергендер» сайысы.
ІІІ Кезең: «Кім жүйрік» сайысы
ІV Кезең: «Жұмыртқаны түсірме» сайысы
V Кезең «Кім шапшаң» сайысы
VІ Кезең: «Ептілік» сайысы
Спорттық сайысымыз 5 балдық жүйемен бағаланады.
1-жүргізуші: Көңілді жарысымызға 3 сынып оқушылары мен ата-аналары қатысады.
Жарысқа қатысушыларды шақырамыз,
Әр таңды бақытпенен атырамыз.
Өнерді ой көгінде бақылаңыз,
Сайысқа қатысуға енді ортаға -
Жарысқа қатысушыларды шақырамыз.
1. «Барыс» тобын шақырамыз. 3 «А» сыныбы
2. «Бүркіт» тобын шақырамыз. 3 «Ә» сыныбы
3 «Бейбарыс» тобын шақырамыз. 3 «Б» сыныбы
4. «Тұлпар» тобын шақырамыз. 3 «В» сыныбы
5. «Қыран» тобын шақырамыз. 3 «Г» сыныбы
6. «Жүйріктер» тобын шақырамыз. 3 «Д» сыныбы
(әр отбасы орнына келіп тұрып, тобын таныстырады)
2- жүргізуші: І Кезең: «Таныстыру»
Өнер қуып отбасы өтер дейміз
Бір басына өнері жетер дейміз
Сайысқа келген топтар кезектесіп,
Таныстырып өздерін өтсе дейміз.
Әр отбасы топтың атымен, ұранымен таныстырады.
1 - жүргізуші: Уа, халайық назар аудар денсаулыққа!
Өмірде бақыттысың денің сауда.
Денсаулық терең бақыт деген сөзді
Құр айтпаған Ұлы Абай данамыз да.

ІІ Кезең: «Мергендер» сайысы.
Ойын шарты: допты екі аяқтың арасына қысып, түсірмей кедергілер арасымен өтеді, ілініп тұрған шарды жарып қайта келеді.
Әділ- қазылар ұпай сандарымен таныстырсаңыздар.
2-жүргізуші:
Ойын ойнап,ән салмай
Өсер бала бола ма?
Күміс күлкі көрмей ол
Кемеріне толап ма?
Айгөлек-ау, Айгөлек
Айдыңжүзі дөңгелек
Айдай толған кезімде
Би бибейміз дөңгелеп

ІІІ Кезең: «Кім жүйрік» сайысы
Шарты: Қаптың ішіне кіріп, қос аяқпен секіреміз. Ойынның шартын бұзбаймыз, бірінші келген топ жеңімпаз.
1-жүргізуші
Шынықсаң шымыр боласың,
Сауығып айдай толасың.
Спортты серік ете біл,
Жақсы азамат боласың, - деп келесі кезеңге көшеміз
ІV Кезең: «Жұмыртқаны түсірме» сайысы
Ойын шарты: Кедергілер арсымен қасықтағы жұмыртқаны түсірмей өтіп, қайта келеді. Бірінші келген топ жеңімпаз.
2-жүргізуші:
Қалма жұрттың соңында,
Қажет болса мың атта
Аздық етер оныңда,
Жету үшін мұратқа, - деп келесі кезеңге көшеміз.
V Кезең «Кім шапшаң» сайысы
Ойын шарты: Әр топ логикалық есептер шешеді
1- жүргізуші:
Шынықсаң шымыр боласың,
Сауығып айдай толасың.
Спортты серік ете біл,
Жақсы азамат боласың.- деп келесі екінші бөлімге көшеміз
VІ Кезең: «Ептілік» сайысы
Ойын шарты: әр топ шелектегі суды стаканмен екінші шелекке апарып құю керек.
2- жүргізуші: Төреші әділ-қазыларымыз ұпай сандарын есептеп, қай топ жеңіске жеткенін хабарлағанша, барлық қатысушылардың орындауында жалпы биді тамашалаңыздар.
Қорытынды.
1- жүргізуші: -Ендеше, осы денсаулықты зор байлық деп білетін белсенді де білгір, денсаулығы мықты спорт десе ішкен асын жерге қойып, алтын уақытын спортқа арнайтын спортты сүйетін отбасылардың жетістіктерін марапаттау рәсіміне көшейік.
Сөз кезегі әділ-қазыларда (Марапаттау рәсімі)
Салауатты өмір салтын сақтап, болашағымызды сәулелендірейік. Тәрбие.орг сайтынан Толағай отбасылық сайысы Сыныптан тыс жұмыс материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Айполатова Анар Базарбайказиевна

Тараз қаласы № 50 орта мектебі Бастауыш сынып мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar