"Толағай" сайыс

  • Жүктеулер: 1
  • Көрсетілім: 83
  • Сыныптан тыс жұмыс
  • 18/Июн/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22955


Тақырыбы: «Толағай» отбасылық сайысы. Мақсаты: Оқушы мен ата-аналарға спорттық ойындарды орындата отырып, спортқа деген қызығушылықтарын арттыру. Адам жанының да, тәнінің де тазаруы, денсаулығының жақсаруы, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу. Түрі: Эстафеталық ойын. Өтілетін орны: Мектеп спорт кешені. Көрнекілігі: Доптар, шар, жалауша, кедергілер, шығыршық,жуа т. б. Жүргізуші: Шынықсаң шымыр боласың, Сауығып айдай толасың. Спортты серік ете біл, Жақсы азамат боласың. Жеңімпаз болу оңайма, Арман болған талайға Болмасаң да ұқсап бақ, Жарысқа түсіп қалайда. Құрметті ұстаздар,ата-аналар және оқушылар бүгінгі «Толағай» отбасылық сайысымызға қош келдіңіздер! Әр таңды бақытпенен атырамыз Өнерді ой көгінде бақылаңыз, Сайысқа қатысуға енді ортаға Иманбаевтар отбасын шақырамыз. Ойнайық, та ойлайық! Күшімізді көрсетейік, сынайық! Жеңсең де, жеңбесең де ренішсіз болайық, Қаймықпайық , көңілді болып тарайық деп ортаға Мамаевтар отбасын шақырамыз. Денсаулық басты байлық өмірдегі Нәр беретін асыл ғой көңілдегі . Салауатты өмір салтын насихаттап, Атанайық жақсы азамат өңірдегі дей келе Боранбаевтар отбасын шақырамыз. Спорт біздің досымыз, Күш қайратын сынға алған. Спортта біздің досымыз, Бала кезден шыңдалған деп Меңдалиевтер отбасын ортаған шақырамыз. Жүргізуші: Тәлімді тәрбие отбасынан бастау алса, дені сау ұрпақ – ұлт болашағы болмақ. Әр отбасында ата-ана – шаңырақтың негізгі іргетасы болып есептелінеді. Сондықтан, бала өмірінде салауатты өмір салтын қалыптастыруда әке мен ананың рөлі орасан зор. Ал, құрметті халайық! Жарысты енді көріңдер Әділ қазы алқасы Әділ баға беріңдер! Сайысты бастамас бұрын, сайысымызға әділ баға беретін әділқазылар алқасымен таныстырайық. Сайыстың бағдарламасы: «Желаяқтар» (кедергілер арасымен жүгіріп,мәреге жеткенде келесі ойыншының қолын соғу керек) Егін егу,егін жинау (жуаны ата-анасы егіп кетеді,балалары жинайды) Қапшықпен секіру (қапшықты киіп секіру,қайтарда жүгіріп келеміз) Матрастан айналу (жүгіріп,матрастың үстінен айналу,қайтарда тағы айналып келу) Скалкалкамен секіру(әр топтан бір қатысушы шығып секіреді) Ожаумен су тасу (суды шашып-төкпей межелеген жерге тасу) Паравоз ойыны (бәрі бірге жүгіріп,қайтып келеді) 8.Допты шеңберге салу. Әр кезеңнен кейін әділқазылар өз бағаларын береді. Құрметті сайыскерлер! Сіздерге сәт сапар! Сайысымызды бастаймыз. «Иманбаевтар» тобын ортаға шақырамыз Топтың ұраны: Бәріміз біріміз үшін! Біріміз бәріміз үшін. «Мамаевтар» тобын ортаға шақырамыз Топтың ұраны: Біз әрқашанда мықты Бәрін жеңіп шықты «Боранбаевтар»тобын ортаға шақырамыз Топтың ұраны: Шынықсаң шымыр боласың, Толысып айдай толасың. «Меңдалиевтер» тобын ортаға шақырамыз Топтың ұраны: Біз шымыр сергек денеміз, өнер сүйер өренбіз. Жүргізуші: Жарыс заңы ежелден — Жеңімпазды анықтау Жеңімпаз болу шарты сол — Еңбектену, жалықпау Біреу озса сайыста, Біреу артта қалады Жеңілгендер ренжімей Тараса бізге жарады Демекші сайысымыздың шарттары бойынша қорытынды шығарып жеңімпаздарды анықтап, марапаттау сөз әділқазыларға беріледі. Өнерсіздік зор айып, Ән мен биге басайық. Арасында тағы бір, Би мен шашу шашайық Би: «Флеш моб» (Әділқазылардың ұпайларын тыңдау) Жүргізуші: Уа, халқым назар аудар денсаулыққа! Өмірде бақыттысың денің сау да. Денсаулық терең бақыт деген сөзді Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да демекші Құрметті қонақтар! Келгендеріңізге көп-көп рахмет. Тәрбие.орг сайтынан "Толағай" сайыс Сыныптан тыс жұмыс материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Уелбаева БибилаНуржауовна

Маңғыстау облысы,Бейнеу ауданы,Боранқұл селосы Боранқұл орта мектебі Орыс тілі мен орыс әдебиеті пәнінің мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar