Топырақ

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 235
  • Сыныптан тыс жұмыс
  • 03/Янв/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 20752


Тақырыбы: Тапқыр достар
Мақсаты:
1. Оқушылардың білімдерін жинақтап, тереңдету.
2. Оқушылардың қызығушылықтарын арттыру, шапшаңдыққа баулу, белсенділіктерін арттыру.
3. Топпен жұмыс істей отырып, өзгенің пікірін құрметтеуге, ұйымшылдыққа баулу.
Көрнекілігі: жұмбақтар, өлең жолдары, үзінділер,
Түрі: интеллектуалды ойын-сайыс

Барысы:
І. Ұйымдастыру
Ойынның тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.
ІІ. Негізгі бөлім
Бәйгеге түсіп жарыспай
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып,
Тәрбие, тәлім табар мән.
Бұл бәйге ойдың бәйгесі
Кім жүйрік ойға, сол алда,-дегендей, бүгінгі интеллектуалды ойынымыз сайыс түрінде өтеді. Осы уақытқа дейін алған білімдеріңді көрсетіп, ортаға салыңдар.
Ойынға 3 топ қатысады. Ойын V айналымнан тұрады.

Ойын ережесімен таныстыру.
Ойынды бастамас бұрын әр топ өзін ,ұранымен таныстырады.

І-топ. Топтың аты – «Сұңқар»
Ұранымыз: Білім алып бүгін алтын ұяда,
Ертең әлі шарықтаймыз қияда.

ІІ-топ. Топтың аты – «Тұлпар»
Ұранымыз: Асау тұлпар желдей ескен арынды,
Оқу менен еңбекке сал барыңды.

ІІІ-топ. Топтың аты – «Болашақ»
Ұранымыз: Болашақтың ұл-қызымыз
Көркейтеміз елді біз.

Енді ойынымыздың І- айналымын бастаймыз.

І -айналым «Ұшқыр ой»
Әр топқа қазақ тілі пәнінен сұрақтар қойылады. Тез, жылдам, нақты жауап беру керек. Әр топта 3 оқушы 3 сұраққа жауап береді.

«Сұңқар» тобына:
1. Мәтін нешеге бөлінеді?
2. Әдемі сөзіне жуық мәндес сөзді ата. (сұлу, көркем)
3. Сұраулы сөйлемнің соңына қандай тыныс белгісі қойылады? (сұрақ белгісі)

«Тұлпар» тобына:
1. Дауысты дыбыстар неше топқа бөлінеді? (2: жуан, жіңішке)
2. Батыр сөзіне жуық мәндес сөзді ата. (ер, қаһарман)

3. Хабарлы сөйлемнің соңына қандай тыныс белгісі қойылады? (нүкте)

«Болашақ» тобына:
1. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді? (3: қатаң, ұяң, үнді)
2. Кейде дауысты, кейде дауыссыз болатын дыбыс. ( у )
3. Аласа сөзіне қарсы мәндес сөзді ата. (биік)

ІІ айналым «Құпия сандық»
Бұл айналымда жұмбақ жасырамын, сендер жұмбақтың шешуін 2 тілде (қазақша, орысша) айтуларың керек. Әр топ кезекпен 1 жұмбақты оқып, шешуін айтады.

1-топ: Қолы менен қаламы жоқ,
Бірақ сурет салады көп. (аяз – мороз)

2-топ: Қоймасын қыс ақтарып,
Жерді жапты ақ мамық. (қар – снег)

3-топ: Бірін-бірі қоштаған,
Бір үйден көрдім,
Қырық екі дос-жаран. (әріп – буква)

Әрі қарай кезектесіп оқи береді.

4. Жұқа тақтай бөлшегі,
Ұзындықтың өлшемі. (сызғыш – линейка)

5. Қалқиып екі құлағы,
Елеңдеп, қорқып тұрады. (қоян - заяц)

6. Жолбарыстан аумайды,
Тышқандарды аулайды.(мысық – кошка)

7. Жеп көріп ем өзім мен,
Жас шығарды көзімнен. (пияз – лук)

8. Бұлаңдаған құйрығы,
Бір алдарлық қулығы. (түлкі – лиса)

9. Әттең, даусым, тілім жоқ,
Құшағымда білім көп. (кітап – книга)

ІІІ айналым «Ойлан, тап»
Бұл кезеңде ұлы ақын-жазушыларымыздың шығармаларынан үзінділер беріледі. Әр топқа 1 шығармадан үзінді (өлең, әңгіме) беріледі. Үзіндіні оқып, шығарманың атын және авторын табу. (Әр топқа тапсырманы беремін, дайындалуға уақыт беріледі)

1. Үйші айтады:
- Тапқан малымның бір бөлігімен борышымды өтеймін, бір бөлігін өсімге беремін.
Көршісі:
- Қойшы, батыр, сенің борышың барма еді және өсімге қашан ақша беруші едің? дейді
Малды пайдаға жарату ( Ы.Алтынсарин)
2. Әкем мен апам бұл ойымды ұнатты, Ертеңіне әкем мені оқуға апарып берді.
Мен қалай оқуға бардым? А.Байтұрсынұлы
-
3. Қартқожа жазық далада. Көйлекшең,жалаңбас. Көк шөпке бауырын төсеп, күнге қарап, қошқыл маңдайынан тері шып- шып шығып, кітабын оқып жатыр.
( «Кітап оқу» Ж.Аймауытов)

Білген сайын келеді біле бергім,
Біле беру емес пе тілегі елдің.
Белден ассаң, алдыңда бел көрінсе,
Қызыққаннан келмей ме жүре бергің.
Сондықтан да келеді біле бергім
Білімдіні сүйерін білім елдің,- дей отырып,

IV айналымды бастаймыз «Айшықты сөздер»
Бұл айналымда бірнеше тұрақты сөз тіркестері беріледі. Бұл сөздермен біз ана тілі пәнінен шығармаларды оқығанда танысқанбыз. Әр топқа 3 сөз тіркесі беріледі. Ойланып, мағынасын айтуларың керек. (Слайдпен көрсетіп, оқытып, жауабын тыңдау)

1. Жұғын да жоқ ( түк те жоқ)
2. Ине шаншар жер жоқ (бос жер жоқ)
3. Қой аузынан шөп алмас (жуас)

1. Қабағынан қар жауды (ашуланды)
2. Жері отты (жері шөпті)
3. Жан тапсыру (қайтыс болу )

1. Арам пиғылды ( жаман ойлы)
2. Көзді ашып-жұмғанша (тез, лезде)
3. Масайрап (рахаттанып)

Ойынымыздың V айналымы «Талапкер» деп аталады. Сендерге өлең жолдары беріледі. Көп нүктенің орнына сөздер қойып, өлең құрастыруларың керек.

1. ... өріп тараған,
... қараған.
Құрт пен майын жинаған,
... сыйлаған.

2. ... қошақан ,
... қалмайды.
Сүп-сүйкімді момақан,
... аумайды.

3. ... бала әрқашан,
Қуантады ... .
Құлыным деп анасы,
... баласын.

Әр топтың құрастырған өлеңдерін оқытқызу.

VI – кезең. Ақтық сайыс. «Шашылған әріптер»
( одан сайыскерлеріміз бірнеше сөздер құрап шығарады.) Алдараспан,Қазақстан,Балмұздақ

ІІІ. Қорытынды
Сонымен біздің ойынымыз да өз шегіне жетті.

Марапаттау.

Бүгінгі сайысқа өте жақсы қатысқандарың үшін сендерге, қонақтарға көп рахмет айтамыз. Осымен ойын аяқталды. Тәрбие.орг сайтынан Топырақ Сыныптан тыс жұмыс материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Байтанатова Жадыра Базарбекқызы

Қызылорда обл Қармақшы ауданы А.Жанпейісов атындағы № 105 мектеп лицейі Бастауыш сынып мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar