XXI ғасыр көшбасшысы

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 404
  • Сыныптан тыс жұмыс
  • 11/Янв/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 20950


Сыныптан тыс жұмыс
Тақырыбы:XXI ғасыр көшбасшысы
Мақсаты: Оқушылардың білім қабілеттерін тексеру, бастауыш сынып оқушылары арасынан ХХІ ғасыр көшбасшысын
Көрнекілігі: Интерактивті тақта
анықтау.

Барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
Жүргізуші: Уа, халайық, халайық!
Бәріне жар салайық,
Бүгінгі кеш төрінде,
Білімділер елінде,
Есеп шешіп жарысып,
Жұмбақ шешіп андысып,
Шабыт тасып, шалқысып,
Көңілді кеш жасайық,
Жұмбақ шеру шашайық
Мұнда қызық табылар,
Жұмбақ, есеп бәрі бар
Ал, сайыскер балалар,
Білімдеріңді сынайық
ХХІ ғасыр
Көшбасшысын табайық.

Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар сіздерді 4 сыныптар арасында өтетін
«көшбасшысы» атты сайыс сағатын көруге шақырамыз.
(Әділқазылар алқасын сайлау)
Біреуінің жүрегінің түгі бар,
Біреуінің арқалап жүрген қоғамдық жүгі бар,
Бәрінен де бастысы – барлығының
Қатты істейтін миы бар! – дей келе, енді осы сайыскерлерімізді таныстырып өтейін.

Сайыскерлерге тілек:
Ғылымның сырын ұғына,
Шығыңдар білім шыңына!
Ұқыптылық пен зеректік,
Жеткізер сіздей өренді
Ғылымдардың сырына!
Қадамдарың оң болсын,
Сәт - сапар енді тілейік!

Ойынымыз 3 турдан тұрады, Әрбір дұрыс жауап үшін қатысушыларға 5 ұпайдан беріледі. ІІ турдан кейін ұпайы төмен оқушылар шығып отырады
(ең соңында бір оқушы, яғни көшбасшы қалу керек )
I тур. «Бәйге»
II тур. «Сөзден сөз шығар»
III тур. «Тапқыр болсаң тауып көр»

Сайыскерлер дайын болса, сайысымызды бастайық.
І тур. «Бәйге» сұрақ – жауап.
Ақындар мен жазушылар: 20 - «Адам болам десеңіз» өлеңінің авторы? Абай.
30 – Балаларға арнап тұңғыш қазақ әліппесін жазған кім? А. Байтұрсынұлы
40 – Қазақ даласындағы « сәулелі жұлдыз» атанған көрнекті ақын? Ыбырай
Ән мен әнші:
20 – Қазақстан Республикасының гимнің әнің жазған кім? Ш. Қалдаяқов
30 –«Елімнің жүрегі» деген Алтынай Жорабаеваның әні қай қалаға арналған? Астана қаласына.
40 – Бір ән айту.
Мақал – мәтелдер: 20 – Білім туралы
30 – Еңбек туралы
40 – Отан туралы
Жалпы сұрақ: 20 - Қазақтың тұңғыш ғарышкері? Т. Әубәкіров.
30 – 120: 4 Жауабы: 30
40 - Жылқыда не жоқ? Өт жоқ.

ІІ тур «Сөзден сөз шығар» «Қазақстан» сөзінен сөздер құрастыру.

ІІІ тур «Тапқыр болсаң тауып көр»
Мақалдарды жалғастыру. 1. Өнер алды қызыл тіл.
2. Әдепті бала арлы бала,
Әдепсіз бала сорлы бала.
3. Көз қорқақ,
Қол батыр.
4. Кітапты сүйіп оқы,
Көңілге түйіп оқы.
5. Егінші жерге қарайды
Құс көкке қарайды.
6. Ақыл жастан шығар,
Асыл тастан шығар.
7. Білім инемен
Құдық қазғандай.
8. Отан оттан да ыстық. Жүргізуші: Сайыскерлеріміздің ұпай сандары дайын болса, сөз кезеңін әділ - қазы алқасына береміз.
«Көшбасшысы» атанған.................................................... осы дипломмен марапатталады. Қатысушыларға алғыс хат беріледі.

Жүргізуші: Оқушыларымыздың білімін, санасын, оқуға деген құштарлығын оятатын зияткерлік сайысымыз көбейе берсін. Көріп тамашалағандарыңызға көп - көп рахмет. Тәрбие.орг сайтынан XXI ғасыр көшбасшысы Сыныптан тыс жұмыс материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Ргебаева Жадыра Дидаровна

Ақмола облысы,Көкшетау қаласы №15 жалпы білім беретін негізгі мектебі Бастауыш сынып мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar