Қыз өссе...

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 164
  • Сыныптан тыс жұмыс
  • 03/Ноя/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 23272


Тақырыбы: «Қыз қылығымен...»

Мақсаты
Қыздармен әңгімелесе отырып, ар - намысын, пәктігін, сұлулығын жоғары қоя біліп, жұрт алдында абыройлы болуға тәрбиелеу. Салауатты өмір салтын қалыптастырудағы ой өрісін дамыту, зиянды әрекеттерге еліктеудің, қызығудың өмірлеріне қауіп тудыратынын ескерту. Есірткі, ішімдік және темекінің ағзаға тигізер әсері, келешек өмірлеріне оның зардаптары, адам ағзасына теріс әсері туралы түсіндіру.

Өту орны:
Акт залы
Қатысушылар:
студент қыздар, ұстаздар, медбике, акушер-гениколог, спид центр мамандары, аудандық әйелдер төрайымы.

- Жүргізуші:
- Эксперт қонақтары ( колледж медбикесі, Жастар ұйымының басшысы)
- Тәрбие ісінің меңгерушісі, сынып жетекшілер
Көрнекіліктер: «Әдемі қыз», «Түсік жасау», «Шылым шегушілік», «Тазалық» видеороликтер, слайдтар
Жүргізуші:
Құрметті қонақтар, ұстаздар және қыздар! Сіздердің келгендеріңізге өте қуаныштымыз. Бүгінгі пікірталасты бастауға рұқсат етіңіздер!
Сонымен, тақырып: «Қыз қылығымен...»

Қыз қылығымен сымбатты.
Қыз емес, қыздың аты қызыл алтын,
Көрінер толған айдай жүзі жарқын.
Үлкеннің алдын орап сөз сөйлемес,
Халқының сақтай білген ізгі салтын.

Жастықтың өз жастығымен, пәктігімен әдемі дегендей жас қыздардың өздері - ақ қыздың қызыл гүліндей әсем ғой. Табиғат сыйлаған осы нәзік кезең өзінің әдемілігімен, жастығымен, албырт сезімімен ерекше.
Намысын, сұлулығын жоғары ұстай білген қыз ғана жұрт алдында әрдайым абыройлы, сыйлы.
Барлығымыз бейне фильмге қарайық «Қазақ қызы қайдасың?» бейнефильмі көрсетіледі.

Оқушыларға сұрақ қойылады.
1. Қазақ қызы қандай болу керек?
2. Қыз өссе, елдің көркі... дегенді қалай түсінесіңдер?
3. «Отан отбасынан басталады» деген ұғымды қалай түсінесіңдер?
4. Қазіргі тәрбиемен бұрынғы тәрбиені салыстырғанда айырмашылық бар ма?
5. Үйде ата - аналар балаларын қалай тәрбиелейді?

Сұлу болу, сау болу - өз қолыңда! Адамның, соның ішінде қыз - келіншектердің реңді де сұлу болуы өздеріне байланысты. Себебі, сұлулықтың негізі - денсаулық. Бұл денсаулыққа жеке басты тазалық, гигиена және зиянды әрекеттердің аулақ болуы жатады. Қазіргі кезде қыздар зиянды заттарға елігіп, әуес болады. Ол болашақ ана. Темекі тарту, ішімдік ішу денсаулыққа үлкен қатер төндіреді. Құрметті қатысушылар жеке бас тазалық - гигиена және зиянды әдеттер жайында толығырақ мәлімет алу үшін, ортаға медбике Салтанат апайларыңды шақырамыз.
«Тазалық, денсаулық, гигиена» туралы слайдтар көрсетіледі.

Ал, енді бейнефильмге назар аударыңыздар. /Темекі бейнефильмі көрсетіледі./

Құрметті Салтанат пікірталасымызға келгеніңізге рахмет. Енді жеке бас гигиенасы жайында толық айтып берсеңіз.
Ал, енді бейнефильмге назар аударыңыздар. /Темекі бейнефильмі көрсетіледі./

1. Темекі шегетін адамның өмірі қысқа болады ма?
2. Тәуелділік дегеніміз не?
3. Шылым шегетін жастар қазіргі кезде қанша пайыз?
4. Қалай ойлайсыз, жастар неліктен шылым шегеді?
5. Шылым шегетін адамның ағзасы қандай болады және тағы қандай зияндары бар?
Жүктілік туралы -видеоролик.
Жасөспірім қыз баланың табиғаты, ерекше күтімді қажет етеді. Жасөспірім қыз балалардың денесінің дамуы, гигиенасы туралы айтып берсеңіз.
Ал енді қыз балалардың гигиенасы туралы сұрақтарға жауап беруге ауруханамыздың акушер –гинекологы ____________________________
апайды шақырамыз
1. Жалпы қыз баланың табиғаты туралы айтып берсеңіз?
2. Ағзадағы өзгерістер туралы айтсаңыз?
3. Сырт келбеттегі өзгерістер.
4. Жыныс ағзаларындағы өзгерістер.
5. Алғашқы етеккір.

6. Жыныстық қатынас туралы айтсаңыз?
7. Жыныстық жолмен жұқпалы қандай аурулар бар?
8. Қалай аурулар жұғады?
9. Сақтанатын әдістер қандай?

Бейнефильмге назар аударыңыздар!

«Қызым үйде - қылығы түзде» демекші, қыз баланың жүріс - тұрысы мен киім - киісі тәрбиенің негізі болып саналады.
Келесі қонағымыз қыздар комитетінің төрайымыТекебаева Кермеқас апайларыңды ортаға шақырамыз. Кермеқас апай қош келдіңіз!

1. Қазақ қыздарының киімі тәрбиесіне көңіліңіз тола ма?
2. Дөрекі сөйлейтін қыздар туралы ой - пікіріңіз?
3. Сән мен сымбат туралы айтып берсеңіз?

/«Әдемі қыз» слайд көрсетіледі./

Қорытынды сөзді директордың орынбасарына беріледі. Бүгінгі пікірталастан сендер көптеген мағлұматтар алдындар деп ойлаймын. Сонымен, солай дейік, солай болатынына сенейік!

Соңында Мөлдір Әуелбекованың «Әдемі қыз» әні шырқалып, әдемі қыздар туралы слайд көрсетіледі.
Айгүл Иманбаеваның «Әдемі қыз» әнімен пікірталасымызды аяқтаймыз. Тәрбие.орг сайтынан Қыз өссе... Сыныптан тыс жұмыс материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Шампиева Гульнар Айдаровна

ОҚО, Мақтаарал ауданы Мақтарал аграрлық колледжінің Тарих пәнінің оқытушысы

Пікірлер: 0

avatar