Қызықты математика әлемінде

  • Жүктеулер: 3
  • Көрсетілім: 246
  • Сыныптан тыс жұмыс
  • 17/Дек/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 20556


«Қызықты математика әлемінде» атты сыныптан тыс іс-шара. Мақсаты: 1) Математика пәніне деген қызығушылығын арттыру. 2) Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп,шығармашылық қабілеттерін дамыту. 3) Алғырлыққа,тапқырлыққа,шапшаңдыққа тәрбиелеу. Әдісі: Топ бойынша жұмыс. Әр тапсырма 10 балдық жүйемен бағаланады. Кіріспе сөз. Бүгінгі шәкірт- ертеңгі азамат. Сол азамат бойында тапқырлықты,алғырлықты қалыптастыру мектеп табалдырығынан басталады. «Білімді азамат-ел ертеңі», «Білікті бірді жығады,білімді мыңды жығады деген» қазақ халқының даналық сөзі бар, дей отырып,құрметті менің білім сайысына қатысқалы отырған оқушыларым , сендерге Ақ жол тілеймін! Сайысымызды бастамас бұрын,біз әділ-қазылар алқасымен таныстырып өтейік.Олар: Бүгінгі сабаққа қатысып отырған Ерейментау өңірінен келген қонақ ұстаздарымыз. Бүгінгі ойын топтық сайыс түрінде өтеді. Математика сырлары Қызықтырады біздерді. Ойынға бірге қатысуға Шақырамыз сіздерді. Ортаға : 1-топ: «Шеңбер» тобын,2-топ : «Төртбұрыш»тобын.3-топ: «Үшбұрыш»топтарын шақырамыз. 1- Таныстыру. Әр топ өздерін таныстырады: «Шеңбер»тобымыз. Ұранымыз: Шеңберге біз тұрамыз Шаттық тілеп достарға. Ақыл-ойды тәртіпке Келтіреміз шеңберде. «Төртбұрыш» тобымыз. Ұранымыз: Парта, тақта, кітап та Бәрі дағы төртбұрыш. Айналаңды қоршаған Барлық заттар төртбұрыш. «Үшбұрыш» тобымыз. Ұранымыз: 1.2,3, жинап алып күш Сайысқа бізбен түс. Тапқыр,шапшаң балалар Үшбұрыштан табылар. Сайысымыз,міне, басталды Ұмыт болғанды еске алды. Қиын да болса ,қызық сабақ Жұмыс істетейік бастарды.-деп, тақтадағы нақыл сөзге назар аударайық. « Математика керек әр күнге, Математика қажет өмірде деген» екен. -Олай болса, «Білім теңізіне» жүзе отырып, «Қызықты математика әлеміне» саяхат жасаймыз. Математика деген ғажайып елді аралау үшін білімімізді ортаға салайық. Ол елдегі олжаға жету үшін жолдағы аралдардағы кедергілерден сүрінбей өтуіміз керек. -Бізге теңізде жүзу үшін не қажет? -Кеме. Әр топ өзінің кемесіне мініп саяхатымызды бастаймыз. 1-арал: «Сандар аралы». Әр топ өз үйлеріндегі тапсырмаларды орындайды. Сандар құрамын еске түсіру. 2-Арал: «Сиқырлы пішіндер» аралы. 1) Бос торкөздерде не болуы тиіс? 2) Геометриялық фигуралардан зат құрастырып,оны сипаттап беру 1-топ: Гүлдің суретін құрастыру. 2-топ: Құстың суретін. 3-топ: Қоянның суретін. Үш топта құрастырған заттарын сипаттап айтып береді. 3-арал. «Есептер аралы.» 1. « Қызықты математика» есептерін шығару. 2. Логикалық есептер шығару. 1.Талдан ұшты топ торғай,Емес бірақ көп торғай. Алдында оның- бастаушы,(1) Артында төртеу- қостаушы,(4) Ойың жүйрік болса егер, Торғай нешеу есепкер?(5 торғай). 2. 3 қыз мектепке келе жатып,алдарынан мектептен келе жатқан 2қызды кездестірді.Мектепке неше қыз келе жатыр?(3) 3. Біздің сыныптың 3 оқушының ішінде Ержан Мақсаттан ұзын.Мақсат Тлеужаннан ұзын.Кімнің бойы ұзын?(Ержанның) 4. Қасқыр мен түлкі тегін балыққа тап болды.Қасқыр айтты «Мен математикаға нашармын,балықты сен бөл»дейді түлкіге.Сонда түлкі:саған біреу,маған екеу,саған екеу,маған үшеу,саған екеу,маған төртеу.Қасқыр неше балық алды?(5) 5. Өлең есеп. Саянда болды 8 алма, Сайранға берді 4 алма. Ойланып, қане,көрейік Саянда қалды қанша алма?(4). 6. Автобуста 10 жолаушы келе жатты.Аялдамадан5 жолаушы түсіп,5 жолаушы мінді.Автобуста қанша жолаушы?(10). 7.Біз үлкен жанұя, Ең кішіміз Әлия,(1) Қалғанымы мыналар: Раушан,Болат,Дариға;(3) Айтжан,Ержан,Даналар,(3) Гүлназымыз тағы бар,(1) Қане, есептеп табыңдар? Жауабы: 8 адам. 8. Бір-бірімен жарысқан, Төрт аю, бір арыстан,4+1 Екі қоян, бір түлкі,2+1 Бәрі нешеу кім білді? (8) 9. Үстелде 8 майшам жанып тұрды,оның үшеуін өшірсе,неше шам жанып тұрады? (8-3) =5. 2- арал: «Демалыс» аралы. «Күле білейік». Санамақ айту. 1. Сабитова Сағыныш. 2. Иманшапих Алмас. Алмас.- Он дегенім-Отаным, Тоғыз- туған топырағым. Сегіз- сеңгір тауларым, Жеті- жасыл бауларым. Алты- алтын күн төккен нұр, Бес- бұлағым мөп-мөлдір. Төрт- туған ел дәулетті, Үш- үйлерім сәулетті. Екі- ата-анам өбектер, Бір- бақытты бөбектер. Аман болса осылар, Жасыма жас қосылар. Қадірімді дос ұғар, Кезім болмас тосылар. 2.Сағыныш. Бірден кейін тұрағым, Бірден кейін тұрамын. Бірді бірге қосқанда, Мен шығамын шырағым.(2) 3.«Өтірік өлең».Берлан Тілеужан. Жүзге келген ініме, Велосипед сыйладым, Алпыстағы ағамды, Кәмпит жеуден тыймадым. Көйлек тігіп ағаштан,Киіп бардым қонаққа. Темір етік киіп ап, Би биледім сабақта 4. «Қожанасырдың бес қойы». Автор рөлінде:- Нүрила. Қожанасыр рөлінде:-Ержан. Баласының рөлінде: -Тілеужан. 5-арал: «Олжа» аралы. Парақшадағы есептерді шығару арқылы «Рақмет» сөзін шығарып,хормен айтып сабақты аяқтау. Қорытынды: Сөз кезегі әділ-қазылар алқасына беріледі. 3-арал: «Есептер аралы». 1) Қызықты математика есебі. 2) Логикалық есептер. Тәрбие.орг сайтынан Қызықты математика әлемінде Сыныптан тыс жұмыс материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Мухатова Райхан Шпекпаевна

Ақмола облысы Ерейментау ауданы Балабек Жахин атындағы Новомарковка орта мектебі Бастауыш сынып мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar