Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Қызым-қызғалдағым,ұлым -ізгі арманым .
  • 29.04.2016
  • 570 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 18881

Материалды Tarbie.org сайтынан тегін жүктеу (56.0Kb)

Тақырыбы: Қызым-қызғалдағым,ұлым-ізгі арманым.
Мақсаты: Оқушылар бойында ата-анаға деген сүйіспеншілікті арттыру,адамгершілік қасиеттерін,сана-сезімін дамыту,баланы ата-анасын қадірлей білуге баулып тәрбиелеу. Қазақ қызы мен ер баланың бойына тән ұлттық салт-дәстүр, әдеп-ғұрыпқа баулып, оқушылардың бойында әдептілік қасиеттерді дамыту.
Көрнекілігі:Слайд,мақал-мәтелдер
Көркем сөз:
Ұлың өсіп келеді,
Ата-ананың үміті.
Тәрбиелеп келеміз,
Ел қорғайтын жігітті.
Қыз бой жетіп келеді,
Шуақ шашып әр үйге.
Гүлдей болып өссінші,
Сыйлы болып бәріне.
Ата-ананың жүрегі,
"Бала" деп қана соғады.
Баласы жақсы адамның,
Басына бақыт қонады
Сабақ барысы: Кіріспе сөз
Құрметті қонақтар, ұстаздар !
"Қызым-қызғалдағым,ұлым-ізгі арманым" атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер.
Ұлы ғалым, философ Әбунасыр Әл Фараби "Адамға ең бірінші білім емес,тәрбие керек.Тәрбиесіз берілген білім-адамзаттың қас жауы,ол келешекте оның өміріне қауіп әкеледі" деген екен.
Тәрбие туралы сөз қозғағанда біз алдымен отбасын ауызға аламыз."Отан отбасынан басталады".Отбасы-тәрбиенің алғашқы баспалдағы! Бала ата-ананың сүйіспеншілігімен дүниеге келеді,оған жарық дүние сыйлайды.Отбасы тәрбиесі-бұл жалпы тәрбиенің ең басты бір бөлігі.
Адамға деген сүйіспеншілік,мейірімділік,қайырымдылық ең әуелгі әркімнің өз отбасынан басталады.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев былай деген "Еліміздің болашағы бүгінгі балалардың дұрыс азамат болып қалыптасуы отбасындағы тәрбиеге байланысты».
Отбасының азамат ұрпағына деген ықпалы мен әсер күшін өмірдегі басқа еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайды.Ата-ананың берген тәлім-тәрбиесі
нің орны ерекше.Адам өмірінің мәні мен сұлулығы,адамның келешегіне деген сенімділігі баланың ата-анасын ардақ тұтып,өзінің перзенттік парызын бір сәт те естен шығармауында.Бұл-жас ұрпақтың мәдениеттілігінің,адамшылығының белгісі.Ата-ананың үміт -арманы-баласы.Сондықтан ананың ақ сүтін ақтау, әкенің адал күшін ақтау,бұл әрбір баланың перзенттік борышы.
Қыз бен ер баланы тәрбиелеуге халқымыз ерте заманнан бері ерекше мән беріп келеді.Қыз бен ер баланы құрметтеп,олардың алдында дөрекі сөйлемей ізетті болуды ел тұрманы әшекейленген сұлу жорғаларды қыздарына,қарындастарына мінгізуді,киімнің сәндісін,алтынды бұйымдардың жақсысын қыздарына тарту етуді дәстүрге айналдырды.Жиын тойларда қыз баланы әр уақытта сыйлы орынға отырғызған.Жалғыз келе жатқан қызды көрсе оған қорған болып,баратын жеріне шығарып салу әрбір ер адамның парызы болып келген.
"Қыз өссе-елдің көркі,гүл өссе жердің көркі-дей отырып осы қызғалдақтай болып өсіп келе жатқан гүлдің мезгілсіз солып қалмауына қамқорлық жасаған. Міне біздің ата-бабаларымыз осындай тәрбиелік мәні зор әдет-ғұрыптарды атадан балаға мұра етіп қалдырып келді.Қыз бен ер баланың тәрбиесіне бүкіл ел болып,сонымен бірге ата-анасы ерекше мән берді.Ұл,қыздарға тұрмыстық заттар мен мүліктерді даярлауды үйреткен.Қыз балаларға кесте тігу,құрақ құрау,кілем тоқу тағыда басқа өнерді кішкене кезінен бастап-ақ үйрете бастаған.
Ана-барлық өмірдің бастауы.Ол адамды өмірге әкеледі.Ол адамды адам етіп тәрбиелейді,ана тілінде сөйлетеді.Әрбір қыз бала мен ер бала анасын,әкесін,туыстарын,ұстаздарын сыйлап қадірлей білуді үйренсе,болашақта одан елін,жерін,халқын,сүйетін,өз шаңырағын ардақтайтын,балаларын жақсы көретін ана,әке шығары сөзсіз.
Қазақ отбасында қыз баланы қалай тәрбиелеген екен соған тоқталайық.Оқушылардың үй тапсырмасын тыңдайық.
1-оқушы
Қыз емес,қыздын аты-қызыл алтын,
Көрінер туған айдай жүзі жарқын.
Үлкеннің алдын кесіп сөз сөйлемес,
Халқының сақтай білген ізгі салтын,-дегендей біздің халқымызда қыз деген сөздің өзі әдеміліктің,әдептіліктің,жан-жақты сұлулықтың рәмізі ретінде қолданылады.
2-оқушы
"Қыздың жиған жүгіндей", Қыздың тіккен кестесіндей" деген сияқты теңеулер қыз баланың ұқыптылығын, шеберлігін көрсетеді.
"Қыз-елдің көркі, гүл жердің көркі" деген де мақал бар.Осының бәрі де қыз баланың сүйкімділігінен, жанының нәзіктігінен, әрі іске талапты да алғырлығынан, өнер-білімге бейім тұратын сергектігінен шыққан сөздер болса керек.Халқымыз қыз баланы ардақтап ұстайды,оған қатты сөз айтпай мәпелеп өсіреді.
3-оқушы
Қазақ отбасындағы қыз бала тәрбиесінде ұл бала тәрбиесіне қарағанда біраз ерекшеліктердің бар екенін білеміз.Себебі бүгін отбасында еркелетіп ұстап отырған қыздардың күні ертең бойжетіп өскен соң өзге шаңырақтың түтінін түтетіп,ошағының отын жағатын ана болатынын айтсақта жеткілікті.
4-оқушы
Нәзіктік,сұлулық,ұяңдық,ибалық,сыпайылық,әдемілік,мығымдық,өн- ерпаздық,іскерлік,шеберлік,рухани байлық,ақниет,сүйіспеншілік,махаббат мұратына жетудің қасиеттерімен де қазақ қыздары зор тағылым иесі.
5-оқушы
Қыз бала тәрбиесінде ананың орны ерекше.....
6-оқушы
Иә,біздің халқымыз ер баланы ертеңгі мұрагер санағанымен қыз баланы олардан әсте кем көрмеген.......
7-оқушы
Біз қыз бойынан нені көргіміз келеді:нәзіктік пен сұлулыкты,ұяңдық пен инабаттылықты,сыпайылықты,әдемілік пен ұялшақтықты,өнерлік пен іскерлікті,шеберлік пен ақниеттілікті, ақ көңіл қасиеттерді.
8-оқушы
Қазақ елі қызды сұлулық,әдептілік және нәзіктік белгісі деп білген.Қызды көктемнің күлімдеген күніне теңеген.Қызды сән мен әсемдіктің нышаны тұтқан.
Мұғалім:
Қыз сұлу көрінеді қылығымен,
Жарыса төгілген қос бұрымымен.
Бұл күнде сұлулықтың үлкені осы,
Қыз сұлу көрінеді білімімен.
Қыз сұлу көрінеді шашыменен,
Ай қабақ,қиғаш қара қасыменен.
Қыз сұлу көрінеді толған айдай,
Он бес пен он сегізде жасыменен.
Қыз сұлу көрінеді өрнегімен,
Тізілтіп сөз маржанын тергенімен.
Майысып бұратылып,майда басып,
Жаныңа наз қылықпен келгенімен.
Дарытқан бар асылды өз елінен,
Қыз сұлу көрінеді өнерімен.
Құлпырып қазағымның арулары,
Өткендей сұлулықтың елегінен.
Қызбала-бойжеткен,келін,ана
Бәрі де дер кезінде дара тұлға.
Ұрпағыңның ойласын болашағын,
Қызды сыйла, жамағат, қызды сыйла.
9-Оқушы
Бабаларым қыздарды қастерлеген,
Қыз баладан басталар өмір терең.
Ауыл көркі қыз болып,ән айтылып,
Күн болмаған сазды күй төгілмеген.
Әрине,кемшілік те сыналады,
Қыздарым өкпелемей ұғар оны.
Ұлдарға да тағатын мініміз бар,
Көңілге ап жүрмесінші ұлдар оны.
Мұғалім:Қазақтың жігіттері қандай болу керек?
10-оқушы
Нағыз жігіт қорған болар халқына,
Нағыз жігіт берік болар антына.
Нағыз жігіт жалғастырып дәстүрді,
Адал болар ата-баба салтына.
11-оқушы
Иә,бүгін мектеп партасында отырған ұл бала-ертеңгі жігіт,ер азамат. Ал азматтың жүгі ауыр.Себебі"Мен қазақпын"дейтін азамат өзінің шыққан тегін,кіндік кескен ата жұртын қастерлеп,жеті атасын жадында тұтуы шарт."Жеті атасын білген ұл жеті рулы елді біледі" деп қазақ тегін айтпаған.
12-оқушы
Өткенімізді қарап отырсақ,ел бастаған көсем де,ділмар шешенде,ақиық ақында,ел қорғаған батыр да осы жігіттерден шыққан.
13-оқушы
Иә алысты жақын тұтқан,жақынды бауыр тұтқан,туыстық желіні үзбеген,береке бірлікті бұзбаған,"қыздың жолы жіңішке "деп қарындасын хан көтеріп сыйлай білген де қазақтың қара домалақ ұлдары.
14-оқушы
Қырандай алғыр,сұңқардай ер,арыстандай айбатты,жолбарыстай қайратты,қасқырдай өжет,қабыландай сұсты,нардай төзімді,құландай сүйікті,жылқы мінезді жігіт болу керек.
15-оқушы
Әзілімізді ұға алатын,
Қиындықта сыналатын.
Қыздарды сыйлай білетін,
Қырандай алғыр,
Сұңқардай өр,
Достыққа адал ұлдармыз
16-оқушы
Болады жігіт аты затына сай,
Ниет етсең боларсың өнерге бай.
Артық емес,үйрен де жирен деген,
Бос қалып бұл өмірде жүрмеші жай.
Мұғалім:
Жақсы бол жігіт болсаң ел көргендей,
Досыңа қысылғанда дем бергендей.
Пайдаңды жақсы болсаң көпке тигіз.
Тұйғынға қапастағы жем бергендей,
Жігіт бол жігіт болсаң бұлғақтамай
Орынсыз сөз сөйлеме жын қақандай.
Еліңе жақсы істі жаса әуелі,
Халыққа көңіл бөліп тыңдатқандай.
Болсын дәйім өнерің көпке үлгі,
Көңілі нұр әрқашан,жаны ізгі.
Асыл мұра әр сөзің тасқа жазған,
Жігіттер жасампаз бол жаса мәңгі!

Енді қызбала мен ербала тәрбиесіне орай мақал-мәтелдерге тоқталайық.
1. Әке көрген оқ жонар,
Шеше көрген тон пішер.
2. Ұлдың ұяты әкеге,
Қыздың ұяты шешеге.
3. Әкеге қарап ұл өсер,
Шешеге қарап қыз өсер.
4. Шешесін көріп қызын ал,
Аяғын көріп асын іш.
5 . Қыз мінезді келсін,ұл өнерлі келсін.
6.Қыз қыдырып келгенде төркін болар ұл керек,
Жүрегіне қыздардаың шуақ шашар нұр керек.
7 .Жақсы қыз-жағадағы құндыз.
8 .Қыз отбасының қонағы,
Адам өмірдің қонағы
9 .Иманды қыздан жақсы жар шығады,
Өнеге көрген өмірдің мәнін ұғады.
10.Қыздың жолы жіңішке
Мұғалім:
"Ана-сая болар бауың болса,Әке асқар тауың дейді қазақта".
Бір күн бар жылатар күн,жұбатар күн,
Бір күн бар мұңайтар күн,қуантар күн.
Мейлі ол шаңырақ сәтті болсын,сәтсіз болсын,
"Әке деген сезімді ұмытар кім?!
Ана жарық сыйлаған жан екенсің
Ана шуақ шашатын таң екенсің
Ана өмір,ана-бақыт,ана жүрек"
Деп соққан жүрегімнің әні екенсің.
Ендеше "Ұлылардан қалған ұлы сөздерге" құлақ түрейік.
Мухаммед Пайғамбар:"Әуелі анаңды сыйла,сосын анаңды сыйла және тағы анаңды сыйла!"
Кемал Кеніш: "Үйіміздің шуақты нұры аяулы ана болса,асқар тауы,Ақылшы тірегі-әке өзіңсің"
Махмуд Қашқари: "Атасынан ақыл алса тентек ұлда жөнделер".
Дулат Бабатайұлы: "Ата-ана ақылы-қызылған қара кенмен тең"
Қадыр Мырзаәли: "Қазақ әйелі-бар мұратын отбасының игілігіне арнаған әлемдегі ең ізгі жан иесі:
Ғабит Мүсірепов: "Ана-бар тілегін перзентінің жолына,бақытына арнаған әлемдегі ең мейірбан жан"
Ғабиден Мұстафин: "Балаға сіңірген ата-ананың еңбегін бала өмір бойы ақтап бола алмайды.Олы-өле-өлгенше суынбайтын сарқылмайтын махаббат.
Мұғалім:
Әке мен ананың орны адам өмірінде ерекше емеспе?!
Олай болса ата-аналарымыз жайында өлең жолдарын тыңдайық.
1-оқушы
Ата-анама қарызбын,
Маған өмір сыйлаған.
Бала қамын ойлаған,
Барма сіздей сыйлы адам?
Бала,бала,бала деп,
Бар өмірін арнаған.
Жанұясы жарасқан,
Бар ма сіздей арлы адам.
2-оқушы
Айналайын әкем менің,қорғаным,
Сіз арқылы бақытты өмір орнады.
Сіз арқылы аман-есен ер жеттім,
Сіз арқылы білімді адам болғаным.
Жақсы болу-бізге міндет,түсінем,
Үлгі аламыз әкелердің ісінен.
Алғысымыз арналады сіздерге,
Балаларын әлпештеп-ақ өсірген!
Сіздер барда бақыттымыз әрдайым,
Өміріңді,тағдырыңды жалғайық.
Ұстаздардан білім алып өркендеп,
Қияларға қанат қағып самғайық.
3-оқушы:
Ақын жаны аналарды жырлаған,
жаным ана жарқын өмір сыйлаған.
Аналарға бас иеміз бәріміз,
Бар өмірін баласына арнаған.
Жаным анам,жаутаңдаған жанарың,
Тыным таппай жеткіздің-ау баланы!
"Әжімденіп ақ жүзің де қалған ба?"
Деп ойлана анама мен қарадым.
Балалардан аямадың барыңды,
Аналары әркімге де қадірлі.
Артық адам жоққой сірә өзіңнен,
Көңілі кең,жүрегі жұмсақ,жаны ізгі.
4-оқушы
Жаным әке,бәйтерегім саялы,
Тамырынып жапырағын жаяды.
Өзің барда еркелеймін өмірге,
Арқасында алақанның аялы!
Арқа сүйер асқар тауым әкемсің,
Саған балаң бақыт ылғи әкелсін.
Еңбек еткем,бала үшін аянбай,
Аман жүрші,айналайын әкешім!
Жаным әке,сен мен үшін пірімсің,
Айтылатын әсем әуен,жырымсың.
Өзің барда қысылмаймын қашанда,
Мейірімді,шуағымсың,күнімсің!
5-оқушы
Ата-ана,бақытымсың,барымсың,
Тірегімсің,сүйенішім,бағымсың.
Жалғасындай ата-ананың балалар,
Жақсы атымен бар әлемге танылсын!
Ұлың өсіп ержетті жігіт болып,
Қызың өсіп бой жетті үміт болып.
Мың алғыс ата-анаға біз арнаймыз,
Өнерлі боп өстік біз ақыл толып.
Мұғалім:
Ата-ана баласының қашанда жақсы адам,білімді маман болғанын қалайды.Осы мақсаттан шығу үшін ата-аналарың барлық өмірін балалар,сендерге арнайды.Олай болса әр бала ата-ананың еңбегін бағалай білуге тиіс.Сендер деп түн ұйқысын төрт бөлген аналарың,жанын салып аянбай табаныан таусылып еңбек етіп жүрген әкелеріңді құрметтеу әр баланың өмірлік ұстанымы болуы тиіс.Мына отырған қыздар мен ұлдар келешекте ата-аналарыңның орнын басатын тәуелсіз елдің азаматтарсыңдар!
Олай болса ел болашағы жастар,сендердің қолдарыңда.Сендердің әрбір табысың,жақсылығың,білімді,саналы,болуың ата-ана үшін биік мәртебе,үлкен қуаныш.Осыны әрдайым естен шығармағандарың абзал.
Жақсы болса балалар,
Қуанамыз әрдайым.
Жүректен шыққан сендерге,
Осы бір сөзді арнаймын.
Балам-өмір гүлімсің,
Жарық сәуле күнімсің!
Сендер үшін ата-анаң,
Бірі бәйтерек,бірі шың!
Сендер балам өмірім,
Сөйлейін бүгін төгіліп.
Ұл-қызым жетіп қалды деп,
Алаңдайды көңілім.
"Бауыр етім-балам"деп,
Өмір сүріп келеміз.
"Үміттерді ақтайды"деп
Сендерге біз сенеміз.
Өнер,білім,үйреніп,
Шыңына өмір шығыңдар.
Ата-ананы қуантып,
Мақтаны болып тұрыңдар!-дей келе бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.
Қорытынды: Тәрбие.орг сайтынан Қызым-қызғалдағым,ұлым -ізгі арманым . Сыныптан тыс жұмыс материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Абуова Фарида Мұратқызы

Қызылорда қаласы .Жалаңтөс Баһадүр атындағы спортта дарынды балаларға арналған мектеп -интернаты тәрбиеші

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Сыныптан тыс жұмыс
Көрсетілім: 570 | Жүктеулер: 3
Барлық пікірлер: 0
avatar