Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
«Зерделілер мен Зейінділер»
  • 21.05.2016
  • 406 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 19085

«Зерделілер мен Зейінділер» сыныптан тыс кеш.

Кұралханова Г.Р.
Қазақстан орта мектебінің физика пәні мұғалімі.

Сыныптан тыс жүргізілетін кеш оқушылардың пәндерге деген қызығушылықтарының бастамасы.
Кештің мақсаты:
 Оқушылардың физика,география пәндерінен алған теориялық білімдерін шыңдау, жүйелеу, білім мен біліктіліктерін арттыру.
 Оқушылардың ой-өрісін, ойлау қабылеттерін дамыту.
 Оқуға, саналы сезімге, жауапкершілікке, өз бетінше еңбектенуге, топтағы ісекрліктерін шыңдауға тәрбиелеу.

Кештің өтетін орны: қанатты сөздер ілінген, құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіліп безендірілген зал.
Кешке қатысушылар: 8,9,10 сынып оқушылары.
Пәнаралық байланыс: физика,география,қазақ әдебиеті,математика, тарих.

Кештің жүру барысы:
 Ұйымдастыру (кештің өту жоспарымен, шарттарымен таныстырылады,әділ-қазылар алқасы құрылады);
 Неізгі бөлім:
І-кезең – «Өзін-өзі таныстыру» (шарт бойынша әр топ топтың аты,ұраны,төсбелгісі арқылы өздерін таныстырады – 5 ұпай);
ІІ-кезең – «Өткел» (викториналық сұрақтар қойылады, әрбір дұрыс жауап 5 ұпаймен бағаланады);
ІІІ-кезең - «Ғажайып жетілік» (ұяшықтарға жасырынған сұрақтарға жауап беріледі, әрбір дұрыс жауапқа ұяшықтағы ұпай беріледі)
ІУ-кезең – «Мені анықта» (берілген суреттеме бойынша жер-су мен атақты ғалымдардың атын атау, әрбір дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі);
У-кезең – «Жерұйық»(үйге берілген тапсырманы қорғау);
 Қорытынды (жүлдегерлерді анықтау, марапаттау).
І – кезең «Өзін-өзі таныстыру».
Жүргізуші:

Көлде жүрген қоңыр қаз,
Қыр қадірін не білсін.
Қырда жүрген дуадақ,
Су қадірін не білсін.
Көшіп-қонып көрмеген,
Жұрт қадірін не білсін.

Асан-қайғы бабамыздың осы айтқан дана сөзін пір тұта отырып, сайысымызды бастайық. Әр топ өздеріңізді таныстырып өтсеңіздер.
ІІ – кезең «Өткел».
Жүргізуші: Мықты болсаң – алдағыны басып оз,
Мықты болсаң - арттағыны жеткізбе,
Мықты болсаң - тайғанама көк мұзда,
Мықты болсаң – бөгеттерді бұзып өт – деп келесі сайсымыз «Өткелден» өтеміз. Бұл сайысымызда әрбір топтарға викториналық сұрақтар мен жұмбақтар беріледі.Соларға жауап бере отырып әрбір өткелден өтеді. Ал, кәнеки сайыскерлер сәттілік тілейміз!
І топқа берілген сұрақтар:
1. Қазақстан Республикасының жер көлемі? (2,7 млн.шаршы шақырым)
2. Қазақстандағы ең төмен нүкте? (Қарақия ойысы)
3. Қазақстандағы ең биік нүкте? (Хан Тәңірі, 6995 м)
4. Қазақтың тұңғыш географ-ғалымы? (Ш.Уалиханов)
5. Қазақстандағы ең ұзын өзен? (Ертіс өзені)
6. Заттың бу күйінен су күйіне өту процесі? (Конденсация)
7. Өз сұйығымен динамикалық тепе-теңдікте болатын бу? (қаныққан бу)
8. Дененің жылулық күйін сипаттайтын шама? (Температура)
9. Мензуркамен нені өлшейді? (сұйықтың көлемін)
10. Дененің жұмыс істейтін қабылетін сипаттайды? (энергия)
ІІ топқа берілген сұрақтар:
1. Қазақстан Республикасы жер көлемі жағынан дүниежүзінде нешінші орында? (9 орын)
2. Нені сандыққа тыға алмайсың? (Күн сәулесін)
3. Қазақтан шыққан тұңғыш геолог-ғалым? (Қ.Сәтбаев)
4. Адам өзінің көлеңкесінен оза ала ма? (Күн сәулесінен түскен көлеңкеден оза алмайды, жасанды жарық көзінен түскен көлеңкені қуып жетуі мүмкін)
5. Мал шаруашылығының басты саласы? (қой)
6. Су түбіндегі балықты соғып алу неліктен қиын? (адам балықтың суда біршама ығысқан кескінін көреді)
7. Қазақстанда алғашқы санақ қай жылы өтті? (1999 ж)
8. Қыстың күні айналада қар жатыр. Егер аспанда ай шығып тұрса неліктен айнала жап-жарық болады? ( қардың майда кристалдары ай сәулесін жақсы шашыратады және шағылдырады)
9. Қазақстандағы ең ірі агломерация? (Қарағанды-Теміртау)
10. Неліктен жақсы сүртілген ыдыстар, аяқ-киімдер жақсы жылтырайды? (олар айналық бет болып табылады)
ІІІ – топқа берілген сұрақтар:
1. Фотон дегеніміз не? (жарық бөлшектері)
2. Еліміз нешінші сағаттық белдеуде жатыр? (3,4,5)
3. Қандай құбылыс фотоэффект деп аталады? (жарықтың әсерінен заттардың электрондық ұшып шығуы)
4. Дүнижүзілік су айналымының түрлері? (кіші, үлкен су айналымы)
5. Ең бірініші электрқыздырғыш шамын кім ойлап тапты? (А.Н.Лодыгин)
6. Ет өндіруден үшінші орындағы ел? (Бразилия)
7. «Мен енді білемін, атомның қандай екенін!» - осы сөзді айтқан кім? (ағылшын физигі Э.Резерфорд – 1991 ж)
8. Күріштің негізгі шығарылатын жері? (Қытай)
9. Денелердің қозғалысының негізгі заңдарын және тартылыс заңдарын ашқан кім? (И.Ньютон)
10. Серпімді деформация заңын ашты...? (ағылшын физигі Гук)
Жүргізуші: Ендігі кезек – жұмбақтарда.
І топқа:
1. Кең көлемді кернейді, 2. Қыздырып соқсаң иленеді,
Көзің бірақ көрмейді. Балға мен төстен именеді.
(ауа) (темір)
2. Пайдаланды мені жұрт, 4. Аса қажет өмірге халық үшін
Отын мен жарыққа. Пайдаланам күн сайын жарық үшін.
Қызмет етем әрқашан (шам)
Түсіне білген халыққа.
(электр тогы)
ІІ топқа:
1. Қара таудың басында киік кетіп барады,
Қол-аяғы бауырына тиіп кетіп барады.
(Тұман)

2. Қане көлді санап ал, 3. Ток бар жерде біреу бар,
Ағынды,тұйық және бар. Өлшемі вольт, киловольт.
Дәміне қарай тағы да, (кернеу)
Ащы-тұщы аталар.
(Зайсан, Балқаш)
4.Қозғалысқа келтіріп, жылдамдығын береді.
Өлшемдерін қарасаң, Ньютонға ол келеді.
( күш)
ІІІ- топқа:
1. Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да.
Ұзындығы жазулы тұр бойында.
( сызғыш )
2. Бірдей санды бірнеше рет көбейтуден тұрады.
Егер оны ықшамдасаң қандай атау болады?
( дәреже )
3. Салынған көпір керемет, 4. Әуеде ақ мамық
Қызығушы өте көп. Қалбалақтап ұшады.
Ал бірақ-та не керек, Қанаты талып,
Кісі өтетін жолы жоқ. Жерді барып құшады.
( күншуақ ) ( қар )
Жүргізуші:
Асып әсте саспайық
Еркіңді билер барынша,
Батыл қадам бастайық,
Жарыста сірә қалыспа.
Сайыста жеңу үшін өздеріңіз белсенділік танытып, берілген сұрақтарға өзгелерден бұрын жауап берулеріңіз керек.

ІІІ – кезең – «Ғажайып жетілік».
Ұяшықтарға жасырынған сұрақтарға жауап беріп, тиесілі ұпайды қоржынға салу керек.

10 20 30 40
10 20 30 40
10 20 30 40
10 20 30 40
10 ұпай.
1. Темір мен никельден тұратын Жердің ең орталық өзегі? ( Ядро )
2. Астана, Пермь, Қызылтас, Алакөл, Шахтинск, электроскоп сөздерінен бір әріптен алып, француз оқымыстысының тегін шығарыңдар.
( Паскаль )
3. Ауаның горизонталь бағытта бір жерден екінші жерге ауысуы? (жел)
4. Жердің атмосферасы қанша және қандай қабаттардан тұрады?
(тропосфера,стратосфера,мезосфера,термосфера,экзосфера)
20 ұпай
1. Біз сусындарды қалай ішеміз?
(Ішер алдында өкпе клеткасын кеңейтеміз де, ауыз ішіндегі ауа қысымын азайтамыз.Бұл кезде ауыздағы атмосфералық қысымнан сырттағы атмосфералық қысым артық болғандықтан сусындар ауызға бағытталған қозғалыс жасайды)
2. Дүниежүзінің «түсті» теңіздерін атаңыздар.
(Ақ, Қара,Қызыл,Сары)
3. Екі жұмыртқа берілді. Піскен жұмыртқаны шикі жұмыртқадан қалай айыруға болады? Тіжірибе арқылы түсіндіріңіздер.
( екі жұмыртқаны бірдей шыр айналдыру керек, сонда піскен жұмыртқа шыр айналады, шикі жұмыртқа айналмайды).
4. Әрбір 1000 м сайын температура қанша градусқа төмендейді?
( 60С)
30 ұпай
1. Стаканның беті қатты қағазбен жабылып, үстіне тиын қойылды. Қағазды саусақтың ұшымен шертіп қалғанда қағаз ыршып кетеді де, тиын стақанның ішіне түседі? Неге? ( инерция салдарынан)
2. Қазақстанның ең биік тау жүйесі...
(Тянь-Шань таулары)
3. Ауыз су жер шарының көп жерінде жетіспейді. Сондықтан оны теңіз суынан алуға тура келеді.Қандай әдіспен ішуге жарайтын су жасап алуға болады? (электролиз әдісімен)
4. Канаданың туында не бейнеленген? (үйеңкі жапырағы)

40 ұпай
1. Дүние жүзіндегі ең қуатты жылы ағыс... (Гольфстрим)
2. Эксперименттік тапсырма: «Төгілмейтін су» су құйылған стаканды төңкергенде су төгілмеу керек. Қажетті құралдар: су,стакан,қағаз. (Стаканға су құйылады, бетін қағазбен жауып алақанмен қысып тұрып стаканды төңкеру керек. Сонда атмосфералық қысым мен стакандағы судың қысымы теңеседі де қағаз жабысып қалады да су төгілмейді)
3. Аңызда: құдай бүкіл пайдалы қазбадарды осы тауда көміп тастады деп айтылған мысты таулар... (Анды таулары)
4. Ғасыр ақыны М.Мақатаевтың «Таудағы көктем» өлеңінде мына: «Қысқа бұлақ,
Тастан құлап
Бара жатыр шапқылап» деген жолдарымен қандай физикалық заңды түсіндіруге болады? (тастан құлап аққан судың потенциялық энергиясының кинетикалық энергияға айналуымен, яғни энергияның сақталу заңын түсіндіруге болады)

Жүргізуші:
Жиналған ылғи дарындар,
Жүрегі от болып жалындар.
Тапқырлар тобын халайық,
Қол соғып қарсы алайық.
ІІІ – кезең – «Мені анықта».
Берілген суреттеме бойынша жер-су мен атақты ғалымдардың атын атау керек.
І топ – 8 сынып.
1. Биік таулардың бірі, Альпі тау жасалу кезеңінде түзілген тауларға жататын, ұзындығы 300м, биік жері 2992 м. төбелерінде мұздықтар жоқ тау? (Тарбағатй таулары).
2. Көрнекті неміс физигі мектеп мұғалімі болып қызмет еткен. Ол тізбектің бөлігі үшін ток күшінің кернеуге тәуелділік заңын, сондай-ақ тұйық тізбектегі ток күшін анықтайтын заңды ашып, ток күшін өлшейтін сезгіш құралды өзі жасап, кедергінің өткізгіш ұзындығына және оның көлденең қимасының ауданының тәуелділігін тапты. Бұл қай ғалым? (Георг Симон Ом 1787-1854ж.ж.)

ІІ топ – 9 сынып.
1. Ертіс өзенінің сол жағында жатқан, ең биік нүктесі Сарышоқы; батыс жағында Шар аңғары Сарыарқамен шектелген, тау төбелері жұмырлау,бектейлері әбден тілімделген кей жерлері жазық болып келетін тау жотасы? (Қалба жотасы)
2. Итальян физигі, электр тогы туралы ілімнің негізін салушылардың бірі, бірінші гальвани элементін жасап, электр тогы туралы ғылымға алғаш рет жол салған ғалым кім? (Вольта Алессандро 1745-1827жж)

ІІІ топ – 10 сынып
1. Көлдің Солтүстік жағалауы жарқабақты, оңтүстігі көтеріңкі құмды жазықтардан тұратын қандай көл? (Балқаш көлі)
2. Француз физигі және математигі электрлік және магниттікқұбылыстар арасындағы байланыстар туралы алғаш теорияны жасаған магнетизм табиғаты жөніндегі гипотезаны ұсынып, «электр тогы» деген тұжырымды егізген физик кім? (Ампер Андре Мари 1775-1836жж)
Жүргізуші: Туған жердің әрбір тасына дейін қасиетті, киелі әулие. Қаныш Сәтбаевтың «Туған жердің қара тасын мақтан ете білмеген азамат басқа жердің алтын тасында мақтап жарытпайды» - деген ұлағатты сөзін Отанын сүйетін әр перзенттің жадында мәңгі сақталуы тиіс.
Сақалыңнан айналдым қарт бабалар,
Ұрпағыңа не айтасың артта қалар.
О, тірі шежірелер, қалдырыңдар,
Қанеки, нелерің бар салтқа жарар. –
деп Мұқағали Мақатаев айтқандай ата-бабаларымыздың төл тарихына құрметпен қарайтын, олардың аруағын сыйлайтын ұрпақтар Сіздерсіздер. Ендеше бүгінгі күні ұрпақтары үшін мәңгі құнын жоймайтын мұра халқымыздың рухани мәдениетіне тарихына қатысты қандай сыр шертер едіңіздер..... Келесі кезеңіміз:
У кезең – «Жерұйық».
Бұл кезеңнің тапсырмасы «Зайсаным құт мекенім» тақырыбы бойынша әр топ шығармашылық жұмыстарын қорғайды.
Назар аударайық!
(Әр топ жұмыстарын қорғап ұпай жинайды)
Жүргізуші:
Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер, - демекші бүгінгі білім сайысын қорытындылаймыз. Әділ қазылар алқасына сөз береміз.

Көңіл аударып таңдағандарыңызға көп рахмет! Тәрбие.орг сайтынан «Зерделілер мен Зейінділер» Сыныптан тыс жұмыс материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Кұралханова Г.Р.

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Сыныптан тыс жұмыс | Логин: Публикатор
Көрсетілім: 406 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar