Жақсы көңіл күй жан азығы

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 175
  • Сыныптан тыс жұмыс
  • 06/Фев/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 21554


Тақырыбы: «Жақсы көңіл күй жан азығы» Мақсаты: мұғалімдердің көңіл-күйлеріңізді көтеруге, өз бойларыңыздағы шығармашылық қабілеттеріңізді бағалай білуге, өз-өзіне құрметпен қарауға, бір-бірімізбен сыйластық қарым-қатынаста болуға. ұйымшылдыққа шақыру. Түрі: тренинг Барысы Сәлемдесу тренингі. Салем сөздің анасы дегендей қазір бір-бірімізбен түрліше амандасып көрсек. Дыбыстау арқылыКүлімдеп амандасу (смайлик суреті) * Қол беріп амандасу (алақанның суреті) * Құшақтасып амандасу (жүректің суреті) * Сүйіп амандасу (еріннің суреті) «Шеңбер бойынша сөз тізбегі” ойыны тренингке қатысушылардың сөздік мағыналы ойлауын, топтық қатынасын, сөйлеу мәнерін дамытуға ықпал етеді. Ойынның ережесі: Қандай да бір қарапайым сөйлем таңдап, қатысушылар сол сөйлемді түрлі дауыс ырғағымен жалғастырулары қажет. Мысалы “Біз компетентті, кәсіби білімді маманбыз”. Енді оң жақтағы ойыншыдан бастап осы сөйлемді кезекпен айтамыз. Ойынның әр қатысушысы сөйлемді жаңа интонациямен айтуы тиіс (сұраулы, қуанышты, таңқалушы, немқұрайлы және т.б). Егер қатысушы жаңа дауысқа сала алмай айтылғанда қайталаса ойынан шығарылады. Осылайша ойын бірнеше рет ойналады. Басқа адамның интоннациясын қайталауға болмайды. «Оның есесіне мен...» жаттығуы. Барлық қатысушыларға аяқталмаған сөйлемдері бар карточкалар таратылады. Сөйлемдерді әр қатысушы өз ойымен аяқтайды. - Мен бәліш пісіре алмаймын, оның есесіне ..... . - Мен шаршадым, оның есесіне ...... . - Мен жақсы билей алмаймын, оның есесіне .... . - Мен көп үндемейтін адаммын, оның есесіне .... . - Мен көп ұйықтаймын, бірақ оның есесіне .... . - Мен жұрттың бәріне құрметті бола алмаймын, оның есесіне ... . - Мен еден жууды ұнатпаймын, оның есесіне ... . - Мен Үндістанда болған жоқпын, оның есесіне .... . - Мен пәлендей батыл емеспін, оның есесіне ..... . - Мен өзім туралы көп ойламаймын, оның есесіне...... . - Мен тез ашуланғыш адаммын, оның есесіне..... . - Мен соншалықты сымбатты емеспін, оның есесіне .... . - Мен тым толықпын, оның есесіне.... . - Менің аяқтарым ұзын емес, оның есесіне ... . - Менің кемшіліктерім көп, оның есесіне ... . - Менің жазуым әдемі емес, оның есесіне ..... . Отырысына, тұрысына қарап мінезін байқау Осыған дейін адамның мінезін кесесі, киімі, шалбары, меңдері, әжімдері, қан тобы, күлкісі, әшекейі, сүйіп жейтін шоколад түрі және т. б. қарап тануға болатындығы туралы жазылды. Енді адамның мінезін отырысы мен тұрысына байланысты болжап көрейік. Тұрып тұрғанына қарай: 1. Аяқтары бірге, тік тұрады. Бұл кісі салмақты, ұқыпты, сабырлы адам. Тілдесуге, арқа сүйеуге болатын жақсы дос. 2. Бір аяқты тіреп, екіншісін кішкене алдыға шығарып тұратын адам ортасында танымал болғанын қалайды. Белсенді, мақсаттарын айқындап, оларға жете біледі. Армандарын орындау жолында қажетті икемділік пен ақылды көрсете алады. 3. Аяқтарын бір-бірінен алшақ, ашып тұратын кісі өз ойында нық тұрады. Жасаймын деген ісін тындырмай қоймайды. 4. Мінезін білгіңіз келген адам аяқтарын айқастырып тұрғанды ұнатса, ол танымал болғанын қалайтын атаққұмар кісі. Сондай-ақ ол армандарының орындалуын көп күткісі келмейді, шыдамы аз. Психологтар қыз-келіншектердің сөмкені қалай ұстайтынына қарап, олардың мінез-құлқына баға беріпті. Олай болса, сөмке ұстаудың да өзіндік сыры бар екен. Сөмкені бауырына қысып ұстап, қолын төмен түсіріп жүретіндер сабырлы, ұстамды, сыпайы, орнықты адам болып есептеледі екен. Егер сөмкені қарына іліп, қолын білегінің тұсына дейін иіп ұстаса, ол – тәртіпті, көрер көзге жақсы көрінетін жан. Үй шаруашылығына бейім, басқалардың ойын айтпай түсінеді. Сонымен қатар, өз бағасын жақсы біледі. Сөмкені иыққа таман, жоғары ұстайтын болса, ол батыл, әсершіл, кез келген күрделі мәселені шешуге қиналмай тез кірісетін адам болғаны. Көпшіл, барлық адаммен тіл табыса алатын, жалғыздықты жаны сүймейтін жан. Сөмкені бір шетінен ғана ұстап жүретіндер – сөмкені отырған орнына алаңсыз тасап кете беретіндер. Бұл – өз-өзіне сенімді, өзі туралы айтылып жатқан басқалар пікіріне құлақ аспайтын бекем жан. Сонымен келісіп алайық. Ең жақсы жұмысшы – тапсырманы ешқандай сылтаусыз орындап шығатын әрі өміріне риза адам! Осы мәтелді ұмытпайық... Мектеп мұғалімдеріне арналған тренинг олардың бойындағы мынадай маңызды сапаларды: кәсіби іс-әрекеттердің эффективті индивидуалды стилін қалыптастыру; оқушылармен, олардың ата-аналарымен, мектеп басшылығымен, әріптестерімен сонымен қатар өз отбасы мүшелерімен ойдағыдай қарым-қатынас жасай алуын қалыптастырып, дамыту үшін қажет. Мектептегі оқушылардың басым көпшілігінің тәртібі "қиын", болғандықтан тренинг жаттығулары мұғалімдерге оқушылармен қарым-қатынастың тиімді жолдарын шешудің жолын қарастырады. Тренингке қатысушы мұғалімдер жаттығу барысында басқалардың іс-әрекетін бақылай отырып, өз мүмкіндіктерін бағалайды, эмоционалдық тұрғыда көңіл-күйлерінің орнығып, жұмысқа қабілеттері артады. Тренингке мұғалімдер ерекше қызығушылықпен қатысады. Тәрбие.орг сайтынан Жақсы көңіл күй жан азығы Сыныптан тыс жұмыс материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Егизбаева Жангул Жалгасовна

Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Сағыз селосы, Кенбай орта мектебі Ағылшын тілі пәні мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar