Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен.
  • 29.03.2016
  • 446 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 18225

Тақырыбы: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен.
Мақсаты: Оқушыларды кішіпейілділікке, үлкенді сыйлауға, көмектесуге үйрету,
Адамгершілік қасиетті бойларына дарытып, ата-анасына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.
Көрнекілігі: Түрлі-түсті суреттер, нақыл сөздер.
Әдісі: ауызша баяндау, сұрақ-жауап.
Мұғалім: Бүгінгі заман адамды сегіз қырлы бір сырлы болып өсуі қажет.
Оның ең бастысы адамгершілік. Ата-ананың тілегі сенің жақсы адам азамат
Болуың. Сенің еңбек сүйгіштігің оқу мен еңбектегі табыстарың ата-ана үшін
шексіз бақыт. Ата-ана алдында шыншыл болып, өзіңнен үлкеннің ақыл-кеңесін
тыңдау қажет. Бойында осындай қасиеттері бар баланы қандай бала дейміз?
(Оқушылар өз ойларын айтады).
Мұғалім: Тәртіптілік ең алдымен мектеп ережесін қатаң сақтаудан басталады.
Егер сен бала кезіңнен тәртіпті,әдепті бала болып өссең есейе келе ата-анаңның, отаныңның мақтанышы боласың.
Ұлы Абай атамыз:
Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң әрқалан.
Сенде бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тапта бар қалан.-дегендей, сендерді ғажайып болашаққа шақырған.
Мұғалім: Ал, енді қандай нәрсені жаман деп түсінесіңдер?(балалар өз ойларын айтады).
Оқушы: Біз қандай да бір көңілімізге ұнаған жақсы нәрсені әдемі дейміз.
Әдептілік туралы айтқан сөздердің барлығы жақсы қасиеттер.
Ендеше әдептілік те әдемілік екен.
Сәлемдесе білу де мәдинеттілік белгісі. Көшеде, мектепте, үйде таныс адамдар, үлкен кісілер кездессе не деу керек?
Оқушы:-Үлкен кісі қолындағы заттарды көтере алмай келе жатса,
Оған қандай көмек көрсетуіміз керек?
Оқушы:-Байқаузызда біреуді қағып кетсең, не ағат сөз айтсаңыз, не деу керек?
Оқушы: Апаң сенің базардан,
Алма сатып әкелді.
Ең үлкенін жақсысын,
Саған таңдап әперді.
Не деп барып жеу керек?
Оқушы: Әжең сенің үстелге,
Қант,кәмпит қойды мол.
Жұрттан бұрын ыдысқа,
Өз бетіңмен салдың қол.
Жөн еді не айтқаның?
А. Асылбековтың «Әдептілік әліппесі» өлеңді кезекпен айту.
Мұғалім: Жалпы қазақ халқының қандай тәрбиесі болмасын, үлкенді
сыйлаудан бастау алады. Салт- дәстүр, өнеге ретінде қазақтың қанына
сіңіп, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келген. Қазақ халқының амандасу
салты- мазмұны жағынан өте бай, ол жастарды кішіпейілділікке,
сыйласымдылыққа баулыйтын ата дәстүр.
Сонымен балалар жақсы қасиеттер туралы тағыда ойларымызды
Тұжырымдайық.
Қортынды:(Оқушылар жақсы және жаманның не екенін кезектесіп айтады). Тәрбие.орг сайтынан Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен. Сыныптан тыс жұмыс материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Тоғжан Рымова Қариева

Алматы облысы Алакөл ауданы Ж.Балапанов ауылы «Қызылащы орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын о Бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Сыныптан тыс жұмыс
Көрсетілім: 446 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar