Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Жас математиктер сайысы
  • 18.03.2016
  • 587 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 18049

№18 орта мектеп



Тақырыбы: Жас математиктер сайысы 6 сынып
Өткізген: Кенжешова Ылипа


2015-2016 оқу жылы
Тақырыбы: Жас математиктер сайысы
Мақсаты: Білімділік ; Оқушылардың зеректік қабілетін дамытып ой өрісін кеңейту, озық ойлы оқушыны анықтау білімге қызығушылығын және ойды жүйелеу қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Өз мүмкіндігін дұрыс пайдалана алатын зейінді тұлғаны тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Плакаттар, ойынға қажет әртүрлі презентациялар.
Сайыс төрт кезеңнен тұрады:
Шақырамыз, келіңдер жарысуға.
Күш, өнер, білімменен алысуға.
Бар өнерді салайық ортамызға,
Қанеки кім шығады сайысуға
Сонымен ортаға сайыскерлерді шақырайық.
Сонымен құрметті көрермендер, сайысымызды бастайық.
Сайысымыздың алғашқы туры „ Бәйге “
Бұл тур бойынша сайысқа қатысушы оқушыларға сұрақтар қойылады, әрбір дұрыс жауапқа 10 ұпай.
1-тур Бәйге
1-топ
90°-тан кіші бұрыш ( сүйір)
Екі жай сан ба, құрама сан ба?( жай)
3/4 - ке кері сан ( ( 4)/( 3) )
Бөлудің нәтижесі ? ( бөлінеді )
20 мин сағаттың қандай бөлігі ( 1/3 )
Метрде неше сантиметр бар? ( 100)
Бұрышты өлшеу құралы ? ( Транспортир)
Қай кезде көбейтінді нөлге тең болады ? ( көбейткіштердің біреуі нөлге тең болса)
Шеңбердің радиусы 6 см . Диаметрі қанша ( 12 )
Миллион санының жазылуында неше нөл ( 6 )

2-топ
Сағаттың 1/4 бөлігі неше минут ? ( 15 минут )
Ең кіші натурал сан ? (1 )
Көбейтудің нәтижесі ? ( көбейтінді )
Жазыңқы бұрыштың өлшемі ? (180°)
Шеңбердің екі нүктесін қосатын кесінді ?( хорда)
1 тонна мақта ауырма, 1 тонна темір ауырма? ( бірдей)
Шеңбердің диаметрі 8 см, радиуы ? (4)
Ең үлкен екі таңбалы сан ? (99)
Санды қандай санға бөлуге болмайды (0-ге)
Бір ғасырда неше жыл бар ? (100)
ІІ- тур Жеті керемет
20- ұпайлық
1-топ
Квадрыттың қабырғасы 9 см . Периметрі нешеге тең ? (36 см)
Қабырғасы 6 см және 8 см тіктөртбұрыш ауданы неге тең ? (48 〖см〗^2)
|y|= -1,6 теңдеудің шешімін табыңдар
2-топ
Қабырғасы 7 см және 3 см тіктөртбұрыштың периметрі қанша болады ? (20 см )
Квадраттың қабырғасы 6 см ауданы неге тең ? (36 〖см〗^2)
|x| = 3,5 теңдеуін түбірін табыңдар
ІІІ- тур Көкпар
Логикалық есептер
1-топ
Төрт пен бестің арасына қандай тңба қойылғанда 4- тен артық , 5-тен кем сан шығады ? ( үтір )
Тауық бір аяғымен тұрса 2 кг, ал екі аяғымен тұрса неше килограмм болады ? ( 2кг )
70 мин көп пе, әлде 1сағ 10 мин көп пе ? ( тең )
2- топ
Корзинадағы 7 алманы 7 қызға тең бөліп беру керек және 1 алма корзинада қалу керек. Бұл қалай ? (соңғы қызға корзинамен бірге беру керек)
Отбасында 5 ағайынды бар . Олардың әрбіреуінің 1 апайы бар. Отбасында барлығы неше бала ? (6)
Столдың басында 2 әке және 2 бала отыр. Оларға 3 алманы қалай тең бөліп беруге болады ? (атасы, әкесі, баласы )
ІV-тур „ Кім көп біледі “
1-топ
„С“ әрпімен басталатын 7 математикалық сөздерді ата (сүйір, сектор, сәуле ,сигмент
2- топ
„ К“ әрпімен басталатын 7 математикалық сөздерді ата ( көбейту, куб, кесінді, көлем
Қорытынды :
Сайыс соңында қазылар алқас ойын жеңімпазын анықтап , белсене қатысқан оқушылар марапатталады. Тәрбие.орг сайтынан Жас математиктер сайысы Сыныптан тыс жұмыс материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Кенжешова Ылипа

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Сыныптан тыс жұмыс | Логин: Пвамв
Көрсетілім: 587 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar