Жыл басы - Наурыз

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 791
  • Сыныптан тыс жұмыс
  • 15/Мар/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 17954


Ашық тәрбие сағатының тақырыбы: Жыл басы - Наурыз
Мақсаты: Балаларға «Наурыз» мерекесі туралы түсінік беру. Қазақ халқының салт-дәстүрлерімен таныстыру, ұлттық ойындарды ойнату арқылы ірі және ұсақ қимыл-қозғалыстарын дамыту. Өзін-өзі ұстауға, мейірімділікке, кішіпейілділікке тәрбиелеу.
Дефектолог: Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар!
Жер әлемді жайнатып , әнші құстарды сайратып,
Наурыз тойын тойлатып, Ұлыстың Ұлы күні келді.
Той құтты болсын! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын!
Бүгінгі Наурыз мерекесіне қош келіпсіздер! Кешімізді «ашық» деп жариялаймын!
Наурызды ата-бабаларымыздың сөзімен айтсақ, ақ түйенің қарны жарылған күн. Алдымен «Наурыз» деген сөздің өзіне тоқталатын болсақ, бұл көне парсы сөзі. Қазақша аударсақ, алғашқы буыны «нау» - жаңа, «рыз» - күн деген ұғымды білдіреді. Сонда жаңа күн деген сөзден шыққан екен. Наурыз – жаңа күн, яғни жылдың алғашқы күні – жыл басы. Бұл біздің халқымызда күн мен түн теңелер мезгіл – наурыз айының 22-жұлдызына сәйкес келеді. Бұл – қыс бойғы қар еріп, жер жүзі көгеріп, көктеп, тіршілік атаулыға жан бітіп, жасарып жаңартқан шақ. Бұл күні аталарымызбен әжелеріміз үй-үйді, ауыл-ауылдарды аралап, наурыз көжеден дәм тататын. Үлкен-кішіге ақ баталарын беріп, ізгі тілек тілесетін болған. «Ұлыс күні қазан толса, ол жылы ақ мол болар» деп нақыл айтып, ауыл арасын бірлікке, татулыққа, ынтымаққа шақыратын.
Наурыз – шыр айналған жылдың басы,
Адамның өлшенеді өмір жасы.
Қазақтың пейіліне жарасады,
Әр үйде дастарханға толған асы.

Наурыз тойға жиналған халқым менің,
Бәріңнің ойға алғаның жарқын сенің.
Бүгінгі той, ертеңгі ардақты ісің –
Ғажап болсын алдағы еңбектерің!
Наурыз мейрамы – праздник весеннего обновления в Казахстане. Для казахов этот праздник является символом весеннего обновления, торжества любви, плодородия и дружбы. В старину до прихода Наурыза люди приводили свои дома и хохяйство в порядок, в честь праздника сажали деревья, цветы. Считалось, что если Наурыз входит в чистый дом к хорошему хозяину, то болезни, неудачи, невзгоды обходят его стороной.
Празднования сопровождаются повсеместным весельем, играми, лошадиными скачками и другими увеселениями. Главным ритуальным блюдом этого праздника является «наурыз коже» который должен состоять из 7 ингредиентов, символизирующих 7 элементов жизни: вода, мясо, соль, жир, мука, злаки (рис или пшеница) и молоко. Эти ингредиенты символизируют радость, удачу, мудрость, здоровье, благосостояние, скорость, рост и божественную защиту.
Ближе к вечеру начинается айтыс – словесное состязание акынов в сопровождении домбры. В нем могут участвовать мужчины и женщины, пожилые и молодые. Побеждает тот, кто лучше прославлял Добро!
В разгар праздника молодежь собирается у качелей – алтыбакан. Все поют песни, танцуют, веселятся и играют в национальные игры.
Бүгін біз де ата-аналарымызбен бірге ұлттық ойындар ойнап, өлең айтып, наурыз көже ішіп Наурыз мерекесін қарсы алайық.

Дамир: Наурызда күлімдеп,
Күн көзі жылынды.
Өзгеше бүгін леп,
Қыс тауға тығылды.

Айжан: Жылғалар былдырлап
Тыншуды білмеді.
Самалмен сыбдырлап
Тал-қайың бүрледі.

Айша: Тыраулап тырналар
Көктемді жырлайды
Көк қуып қырда мал
Байласаң тұрмайды

Әділет: «Әбігер жұрт неге?»-
Деп бекер таңданба.
Қайнатып құрт көже
Той қамын қамдауда.

Мадина: Күн сайын қырқалар
Құлпыра түскендей
Дала да бусанар
Құрт көже ішкендей.

Денис: Наурызды халқымыз
Жыл басы санайды.
Көнермей салтымыз
Көп елге тарайды.

Алеся: Мы здесь сегодня собрались
Чтоб встретиь праздник – Наурыз!
Улыбки, шутки, звонкия смех
Пусть радуют сегодня всех!

Гүлнұр: Наурыз тойы жырымыз
Көңіл гүлдей жайнасын
Құлпырып тұр қыр мен ой
Құтты болсын Наурыз той!

Еркежан: Жаңғырып бар тіршілік,
Түрленді де дала, қыр
Дүниені жыршы ғып,
Келді өлкеме Жаңа жыл.

Мейірбек: Ұлы күнде, халайық,
Қалай қарап қалайық,
Сәйгүліктей ағайық,
Жасын болып жанайық.

Дана: Ұлы тойда, әдемі
Әннен шашу шашайық.
Ал, балалар кәделі
Наурыз жырға басайық.
Айгерім: Есебімен дананың
Күн мен түнді теңеген
Наурызымыз – жаңа күн
Парсы сөзі көнеден.

Көрнекіліктермен жұмыс (киіз үй, кереге, текемет, көпшіктер, сандық, түлкі, қамшы, домбыра, ағаш ыдыстар, бауырсақ, құрт, т.б.). Киіз үй жабдықтарымен таныстыру. Қазақтың салт-дәстүрлерінен үзінді көрсету. Ұлттық тағамдармен таныстыру.

Ойын: «Не өзгерді?» Дастарханда тұрған жеті түрлі тағамның орындары ауыстырылып, балалардан қай тағамдардың орны өзгергенін сұрау. Жеңімпазға Сандықтан кәмпит беріледі.

- Балалар, ортамызға №4 мектептің оқушысы Назым бізге әсем әнін ала келіпті. Қарсы алайық!

- «Мақта қыз бен мысық» ертегісіне қойылған көріністі қабыл алыңыздар.
Мақта қыздың рөлінде – Гүлнұр
Мысықтың рөлінде – Дамир
Сиырдың рөлінде - Әділет
Теректің рөлінде – Денис
Су тасушы қыздар – Айжан
Дүкенші - Әйгерім
Тауықтың рөлінде – Мадина
Тышқанның рөлінде – Алдияр


Ойын: «Арқан тарту»

«Теңге алу»

Мөлдір барлығымызға қозғалыс жаттығуын көрсетеді. Барлығымыз бірге қайталап жасайық.

- Денистың орындауындағы қазақ биін тамашалаңыздар.

Назым. «Ақ тілек» әні
Кабинет меңгерушісінің атынан Назымға алғыс хат беріледі.

- Енді осы ұлыстың ұлы күні ата салтымыз бойынша ортамызға ақ әжемізді шақырайық. Шашу шашып, баршамызға ақ тілек, ақ батаңызды берсеңіз!

Бақжамал Қадылбекқызы:
- Көктемдей көңіл, гүлдей құлпырған өмір тілеймін! Әрбір шаңыраққа бақ-береке, ырыс-ынтымақ орнап, жыл басында тілеген игі тілектеріңіз орындалсын демекпін! Алла Тағала әрбірімізге өнегелі ата-ана, қайырлы ұрпақ, жарқын болашақ нәсіп етсін!
Ұлыс оң болсын,
Бестік баға мол болсын!
Қайда барсаң жол болсын!
Денсаулықтарың зор болсын! – деп, балалар төс қағыстыру салтын орындайды.


- ППТК әдіскеріне құттықтау сөз беріледі.

Әйгерім: «Қара жорға» биі.

«Наурыз көже»-ден дәм тату.

Естелікке суретке түсу. Қоштасу Тәрбие.орг сайтынан Жыл басы - Наурыз Сыныптан тыс жұмыс материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Абылкайрова Айнур Бауржановна

ШҚО Күршім ауданы "Күршім ауданының психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті" КММ педагог-дефектолог

Пікірлер: 0

avatar