Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
ӨЗІҢДІ СҮЮ, ӨМІРДІ СҮЮ
  • 03.11.2016
  • 159 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 19869

Материалды Tarbie.org сайтынан тегін жүктеу (21.7Kb)

Мектеп: «Өзін-өзі тану» гимназиясы
Мерзiмі: 18.02.15ж.
Тақырып: «Өзінді сүю, өмірді сүю»
Құндылық: Сүйіспеншілік
Қасиеттер:Сүйіспеншілік, қамқорлық, мейірімділік
Мұғалiм:Бакашева М.Н. Сынып: 7 «А». Оқушылар саны:12

Сабақ мақсаты: Оқушыларды айналаны сүюге , әр нәрсеге сүйіспеншілікпен қарауды үйрете отырып, қиянат жасамау құндылығы мәнін ашу.
Міндеттері:.
1. Білімділік: Өмірдің мәні туралы, жеке дара тұлға болып қалыптасып, өмірмен байланыстыру арқылы дағдыларын қалыптастыру
2. Дамытушылық: сұрақ-жауап арқылы ой - өрісін дамыту
3. Тәрбиелік: Оқушыларды сүйіспеншілікке, мейірімділікке тәрбиелеу. Ресурстар:
(құралдар, мәлiметтер)
Оқулық,, маркер, плакат, түрлі түсті қағаздар, интерактивті тақта

Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңi.
Оқушылардың құрал-жабдықтарын түгендеу
5 «Т» ұстанымын еске түсіру:
Тәртіп; Талап; Тыныштық; Тазалық; Татулық;
2. Тыныштық сәтi. «Нұрға бөлену» Сабақ
барысын талдау:
3. Дәйексөз.
«Өмір – теңіз, Онда жүзем демеңіз,
Ізгіліктен жасалмаса кемеңіз»
Рудаки
a. Дәйексөзді оқыту.
b. Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?
c. Қорытындылау.
4. «Ойлануға арналған балықтар» ойын
Жүргізуші:
Біз бір-бірімізді жақын тану үшін әрбіреуіне «балық аулауды» ұсынамын. Топтың әр қатысушысы сөйлемі бар үлестірмені алады да, өз сөздерімен аяқтайды.
Үлестірмедегі сөйлемдер:
Мен мынадай адамдарға сенбеймін...
Мен ренжимін, егер...
Мен ұмытпаймын, егер..
Маған көңілсіз, егер...
Егер маған дауыс көтерсе, мен..
Мен қарсыласқанда...
Егер мен сенімсіз болсам, онда...
Жүргізуші: Сөйлемді аяқтағанда, сіз қандай сезімде болдыңыз? Әрине, әрқайсымыз қорқыныш, сенімсіздік, сәтсіздік сезімдерінен өттік. Ренжіген, нашар көңіл-күй немесе көңілсіздік болған шығар. Бұл сәтте қолдау мен сүйенішті қажет етеміз. Ежелгі кезде адамдар өздеріне бойтұмарлар ойлап табатын. Бүгін біз өзімізге қолдау ойлап табамыз. Тәрбие.орг сайтынан ӨЗІҢДІ СҮЮ, ӨМІРДІ СҮЮ Сыныптан тыс жұмыс материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: БАКАШЕВА МАХБАРА НУРЛАНОВНА

РМҚК ҰҒПББСО "Бөбек" "Өзін-өзі тану" гимназиясы География пәнінің мұғалімі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Сыныптан тыс жұмыс
Көрсетілім: 159 | Жүктеулер: 2
Барлық пікірлер: 0
avatar