Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Өзіңді тану - басты мақсат
  • 21.01.2017
  • 94 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 21196

Тақырыбы: «Өзіңді тану - басты мақсат »
Мақсаты: Оқушылардың өзін - өзі тануына, өзінің не нәрсеге қызығушылығы, қабілеті бар екендігін анықтауға бағыт беру. Өз - өзі тани білсе ғана көздеген мақсатына жете алатындығын ұғындыру.
Міндеттері: Оқушы өзін-өзі тануға ұмтылады. Өзіне – өзі есеп беріп, өзін-өзі жетілдіріп, тәрбиелеуге талпынады.
Жоспары :
І. Кіріспе
ІІ. Қызығушылықты ояту.
ІІІ. Ой қозғау.
ІҮ. Жағдаяттар шешу.
Ү. Еркін микрафон.
ҮІ. Қорытындылау.
Барысы:
І. Мұғалім сөзі: - Құрметті ұстаздар мен оқушылар, бүгінгі біздің сыныбымыза өткелі отырған «Өзіңді тану – басты мақсат» атты тарбиелік шарамызға қош келдіңіздер!
- Оқушылар, біз саяхатқа шыққанды ұнатамыз ба?
- Ендеше, бүгін «Өзін –өзі тану» еліне саяхатқа шығамыз. Саяхаттар барысында түрлі қызықты да қиын тапсырмалар кезігуі мүмкін. Барынша дайын болыңыздар!
ІІ. Топқа бөлу.
- Менің қолымда тұрған билеттеріңді алып, әрқайсың өз орындарыңызды табыңыздар. Дайын болсаңыздар жолға шығайық.
ІІІ. – Бірінші аялдамаға да келіп жеттік. Ой қозғау. «Мен қандаймын?» «Өзін – өзі тану дегенді қалай түсінесің?» деген сұрақтарға ауызша жауап алу.
- Жақсы балалар, айтқандарыңа қарай сендердің өз істеріңе зер салып, зерделей алатындарыңа куә болдым. Сонда да қаншама жақсы қасиеттерімізді саралап айтсақ та кез-келгеніміздің бойымызда кемшіліктеріміз болады. Қалай ойлайсыңдар, менімен келісесіңдер ме? Олай болса алдымызда тұрған кестені толтырайық.
Жағымды қасиеттерім Кемшіліктерім



- Оқушылар келесі аялдамаға жеткенше ән айтып, би билейік.Ән: «Ертегілер еліне», орындайтындар: Арайлым мен Зухра .
ІҮ. Жағдаяттар шешу.
- Міне, балалар екінші «Жағдаяттар» аялдамасына да келіп жеттік. Бұл кезекте біздер жағдаяттар орындап, оны шешуге тырысуымыз қажет, балалар.
1- Жағдаят: Мысал әңгіме.
2- Жағдаят: Дарқан мен оның достары.
- Оқушылар келесі аралға жеткенше сынып оқушыларының орындауындағы «Бала тілегі» әнін тыңдайық.
Ү. «Сұхбат»аралы
- Ал, оқушылар Соңғы аралға да келіп жеттік. «Еркін микрафон» әдісі деп аталады. Біз өзін-өзі тану пәнінде қандай жақсы қасиеттер туралы білдік соны ортаға салсақ?
«Адалдық, ақиқат», «Тәртіп, тәртіптілік», «Парыз», «Ар-ұждан», «Риясыз сүйіспеншілік», «Татулық», «Достық», «Көмек беру».
ҮІ. Қорытындылау. Осымен балалар бүгінгі саяхатымыз аяқталды. Бұл саяхат біздерге көп нәрсені үйретті деп ойлаймын. Бүгіннен бастап, өздеріңе ақыл бере алатын болдыңдар. 21-ғасыр оқушылары қандай болуы тиіс деп ойлайсыңдар? (Оқушылар жауабы тыңдалады.)
Қандай әсер алдыңдар? (кері байланыс )
Көңіл қойып, тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет. Сау болңыздар! Тәрбие.орг сайтынан Өзіңді тану - басты мақсат Сыныптан тыс жұмыс материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Аккалиева Гульхан

Атырау қаласы, Д.Байбосынов атындағы №13 ұлттық мектеп гимназиясы Бастауыш сынып мұғалімі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Сыныптан тыс жұмыс | Логин: akkalievag
Көрсетілім: 94 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar