Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
22 наурыз
  • 14.03.2016
  • 670 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 17920

Тақырыбы : «Қош келдің, Наурыз!»
Сабақтың мақсаты: Балаларға ұлтымыздың салт-дәстүрлерін көрсете отырып отансүйгіштікке, бауырмалдыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Ұлыстың ұлы күні туралы мағлұмат бере отырып ой өрістерін кеңейту. Ұлттық ойын, саз әуендер арқылы сезім, қимыл-қозғалыс белсенділігіне тәрбиелеу.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: сахналық көрініс, ойын, сұрақ-жауап.

Көрнекіліктер: ұлттық нақыштағы ою-өрнектер, нақыл сөздер.

Жүргізуші: Уа, жараңдар, жараңдар!
Бәрің бері қараңдар.
Наурыз думан басталды!
Жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, наурыз тойын тойлатып Ұлыстың ұлы күні келді, той құтты болсын! Ақ мол болсын! Дендеріңіз сау, отбасыларыңыз аман болсын! Тойымыз тойға ұлассын дей отырып мерекемізді бастаймыз!

Алдар көсе мен Шығайбай (сахналық көрініс)
Алдар: Ассалаумағалейкум, байеке! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын! Анау алыс шалғайдан наурыз тойы болған соң құдайы қонақ болып қыдырып келдім. Наурыз құтты болсын!
Шығайбай: Әй, Алдар, қайдағы наурыз мерекесін айтып тұрсың?! Той тойлайтын жайым жоқ! Қыстың қандай қатты болғанын өзің де көрдің емес пе! Соятын мал да жоқ, өзі қыстан бәрі арық болып шықты.
Бәйбіше: Байеке-ау, о не дегенің?! Алдар жақсы келді. Бүгін расында да жай күн емес, Ұлыстың ұлы күні ғой. Күн мен түннің теңелген күні, жер ананың жібіген күні. Жаңа жылымыздың келген күні ғой! «Ұлыс күні қазан толса, сол жылы ақ мол болар» деп бекер айтылмаған ғой. Пейіліңді кеңейтсеңші! Мен наурыз көже пісірейін!
Шығайбай: - Бәйбіше сөзіңнің жаны бар-ау деймін! Ал, Алдар, жүр үйге кірейік!
Жүргізуші: Шаттанып бүгін жаңа жыл
Халқына шашып жаңа нұр.
Келеді Қыдыр атамыз
Жүректен төгіп жаңа жыр.
(Алдар көсе мен Шығайбай Қыдыр атаны қарсы алып, төрге шығарады)

Қыдыр ата:
Ау, аман ба, жараңдар!
Алтын таңға қараңдар.
Ерте жайнап атты таң, естіліп тұр шаттық ән.
Жұрағатым қуанып,
Рахатын тапты жан.
Келе жатыр жылымыз,
Мейрамдаймыз мұны біз.
Жас балаша нұрланып,
Жадырайды күніміз.
Күннің жаңа нұры бар,
Мұның ғажап сыры бар.
Халық сүйген мейрам – бұл!
Қарсы алайық тұрыңдар!

Күн ана Наурызды ертіп келеді
Сәлем ата-аналар!
айналайын, балалар!
Қыдыр баба аман ба?
жаса жайлы заманда
Уақыт үдеп келдім мен
Бақыт тілеп адамға!
Наурыз: Ұлыстың ұлы күні құтты болсын ағайын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Жаңа жыл жақсылыққа толы болсын!
(шашу шашылады, Алдар қонақтарды төрге шақырады)
Жүргізуші: Жарасады міне, енді
Наурыз тойдан қашпасақ.
Таласады кім енді
Салт-дәстүрден бастасақ.
- Қыдыр ата, Күн ана, Наурыз, сіздер бүгін жақсы келдіңіздер. Бүгін той үстіне той болып отыр. Ұлыстың ұлы күнімен қоса Наурызбектің тұсау кесер тойы еді. Ақ әжелеріміз тұсау кесу рәсімін бастаса...
(тұсау кесу рәсімі)
1. Бүлдіршіндердің наурызға әзірлеген тақпақтары
2. Наурыз біздің әніміз
Салтанатты сәніміз.
Наурыз тойда қуанып,
Би билейік бәріміз! (“Қаражорға” биі)
- Қадірлі қонақтар, бүгін Шығайбайдың көңілі ашылған күн болып отыр. ол осы тойға арнап аламан бәйге, жарыс өткізіп сый беремін дейді.
Шығайбай: Уа, халқым! Мына тойға арнап бәйге өткізгелі отырмын. Бас бәйгеге «темір тұлпар»!Қане, бері келіңдер! Кім тұлпардың иесі болғысы келеді?
1. Арқан тартыс
2. Қыз қуу (екі ата-ана мақал айтып жарысады)
3. Ханталапай

Әжелер:
Ау, айналайы, балалар,
Тоя ішсін деп тамсанып,
Жеті түрлі дәм салып
Наурыз көже пісірдік
Оттан қазан түсірдік.
Бал көжеден татыңдар,
Бар қызыққа батыңдар!
(әжелер наурыз көжені дастарханға әкеледі)

Қыдыр ата (бата береді):
Сұрасаң, міне, бата,
Дарысын Қызыр ата
Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!
Қайда барсаң жол болсын!
Әр күнің жақсы болсын!
Достығымыз берік болсын!
Білім-өнер серік болсын! Әумин!
Жүргізуші: «Жаңбырменен жер көгерер, батаменен ел көгерер» дей отырып бүгінгі наурыз мерекесіне арналған ертеңгілігімізді аяқтаймыз!

Дайындаған: Жапарова Айнур Тәрбие.орг сайтынан 22 наурыз Тәрбие сағаты материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Жапарова Айнур

ШҚО Үржар ауданы Балбөбек балабақшасы тәрбиеші

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Тәрбие сағаты | Логин: aikosha_2006
Көрсетілім: 670 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar