22 наурыз мерекесіне арналған «Әже мен немере» сайысы

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 66
  • Тәрбие сағаты
  • 12/Авг/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 23043


22 наурыз мерекесіне арналған «Әже мен немере» сайысы.
Мақсаты: Бүлдіршіндерге ата-баба дәстүрін насихаттап, әжелерден тәлім-тәрбие алып, олардың көрсеткен ұлттық рәсімдерін естеріне сақтап тәлім-тәрбие алу.
Тәрбиеші: Құрметті келген қонақтар, асыл әжелер, кішкентай бөбектер сіздерді ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесімен құттықтаймыз. Осы Наурыз мерекесіне арналған «Әже мен немере» сайысына қош келдіңіздер.
Армысыздар,жамағат!
Ару көктем,әз Наурызым,ақ күнім,
Ала келген бар әлемнің шаттығын.
Қазан-қазан көже жасап,
Азан-қазан көңілменен күй кешу.
Біздер үшін бақ бүгін - дей келе әдемі әуенмен, қошеметпен әжелерді немерелерімен ортаға шақырайық.
1. Кеңес Мөлдір - Гүлжан әжесімен.
2. Жаналы Айдос – Алма әжесімен.
3. Тлеубек Дария - Гауһар әжесімен.
4. Әмірхан Айсұлтан – Сара әжесімен

Үй тапсырмасы.
І. Таныстыру.
ІІ. Ұлттық рәсімдерді көрсету.
ІІІ. Ұлттық ойын
ІV. Өнер көрсету
Байқауымызды бастамас бұрын төрелік етуші әділ- қазылар
алқасын(сайлап)таныстырып өтейік
І. бөлім. Таныстыру.
Әжелер мен немерем келіп жетті танысуға,
Сыпырды толмағасын осы дұға.
Қызып келген қырандай керілтеді.
Әдеппенен, ізетпен танысуға-дей келе әжелер, немерелермен бірге өздерін таныстырып өтсін ІІ. бөлім .Ұлттық рәсімдерді көрсету.
1.Бесікке салу.
2.Шілдехана.
3.Қырқынан шығару.
4.Тұсау кесу.
5.Атқа міну. ІІІ. Бөлім . Ұлттық ойын.


ІV бөлім Өнер көрсету.


Қазақ жұрты киелі,
Өнерліні сүйеді.
Сізді сонша аңсап ел,
Би билеп,ән салып
Ортаға салып береді.
V бөлім . «Кім, жүйрік» Сұрақ жауап. Әжелерге: Жеті атаны ата? Киіз үйдін түрлері? Ұлттық музыкалық аспаптрады атаңыз?
Қазақтың ұлттық киімдерін атаңыз?Наурыз көже қалай жасалады? Мұсылманның бес парызын атаңыз? Немерелерге: Жыл мезгілдерін ата? Қандай үй жануарларын білесіндер? Қандай ұлттық ойындарды білесін?
Бүгін қандай мереке ? Қазір қай мезгіл? Үй жануарының пайдасы.
Әділ- қазылар алқасы өз шешімдерін талқылап шешкенше ортаға
бүлдіршіндердің орындауында «Наурыз» әнін тамашалаңыздар.
Әр әжелер мен немерелердің өнерлерімен, шеберліктерін, тапқырлықтарын бағалай келе
«Сабырлы әже»
«Шебер әже»
«Өнерлі әже»
«Тапқыр әже»
«Парасатты әже» номинациясы бойынша барлық әжелер мен немерелер марапатталды.
«Көп білгеннен емес,көп көргеннен сұра» , демекші осы әжелеріміздің көрсеткенін үлгі тұтып, есімізде сақтап жүрейік.

Осыменен сайысымыз аяқталды. Көріскенше күн жақсы болсын.
Сау болыңыздар. Тәрбие.орг сайтынан 22 наурыз мерекесіне арналған «Әже мен немере» сайысы Тәрбие сағаты материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Гуля Шалова

Пікірлер: 0

avatar