Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
5 сыныпқа қабылдау рәсімі
  • 03.02.2016
  • 440 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 15410

Қушоқы ЖББО мектебінің 5 «А» сыныптарын орта буынға қабылдау салтанатты жиының өтілу
Жүргізуші :
1 ) . Қайырлы күн құрметті ұстаздар! Сәлеметсіңдерме балалар !
2). Бүгін біздің мектебімізде өте атаулы күндердің бірі . Яғни
5 сынып оқушыларын орта буынға қабылдау мерекесі .
3) . 5 сынып оқушыларымен сынып жетекшісін қошеметпен қарсы алайық.
4) . 5 «А» сынып жетекшісі Хихметова Гульназ Каировнаны
5). Сөз кезегін 5 сынып оқушыларына берейік.
Дилназ :
Жұп жазбастан жүреміз
Біздің сынып – мақтаулы
Өйткені біз сүйеміз
Дәйім тәртіп сақтауды
Біздің сынып мақтаулы
Ерасыл:
Оқуда да алдамыз
Біздің сынып- өнерлі
Жақсы үйреніп алғанбыз
Талай би мен өлеңді
Біздің сынып өнерлі
Арайлым:
Еңбекте де қолы епті
Ынтымақты дос ыңғай
Біздің сынып әдепті
Біздің сынып осындай
Біздің сынып осындай
6). Жаңа үмітпен , жаңа армандармен сендер 1 қыркүйек бірінші рет орта буын оқушысы болып мектеп табалдырығын аттадыңдар.
7). Сендер білім теңізінде мектеп кемесімен алғашқы қиындықтар-
ды жеңіп келесіңдер.Бірақ сендер нағыз бесінші сынып оқушылар болу үшін , орта буын оқушысының антын беруді ұмыттыңдар !
Сендер 5 сынып оқушылары салтанатты түрде достарың мен ұстаздарыңның алдында ант беріңдер!
Мектеп тәрбібін бұзбауға,
Дамир: Оқулықты қаптауға,
Тақпақты тез жаттауға
Жансая : Дәптерге таза жазуға,
Үй тапсырмасын орындауға,
Ермек: Күнделікті дұрыс толтыруға,
Түтікпен қағаз атпауға,
Лаура: Ешкімнің аяғын баспауға,
Гүлдерді өсіріп , баптауға,
Жандарбек:Есікті қатты жаппауға,
Мектеп мүлкін құртпауға,
Арман: Сабақтан ешқашан қашпуға,
Рекряцияда ысқырмауға,
Тимур : Жаман сөздер айтпауға,
Сыныпта тыныштық сақтауға,
Жұлдыз: Кабинетті шашпауға,
Мектеп формасын бұзбауға,
Ерасыл: Үлкендерді сыйлауға ,
Кішіге қамқор болуға
Арайлым : Үй жұмысын ешкімнен көшірмеуге,
Күнделіктегі екіні өшірмеуге,
Дильназ : Ұстазымыздың еңбегін ақтауға ,
Бесінші сыныпты беспен аяқтауға,
«Қушоқы жалпы білім беру мектебінің оқушысы» деген құрметке лайық болуға ант етеміз ! Ант етеміз! Ант етеміз!
8). Енді міне, сендер нағыз орта буын оқушылары болыңдар !
Жоғары сынып оқушыларының сендерге айтар тілегі :
Күйші болыңдар,
Бал тамған бармағынан .
Биші болыңдар,
Шығып бір арманнан.
Әнші болыңдар,
Кәдімгі күміс таңдай.
Батыр болыңдар ,
Айбатты арыстандай.
Ғалым болыңдар ,
Тілдескен даналықпен.
Әлемге мәлім болыңдар ,
Ашқан көп жаңалықпен.
Көзінен күлімдеген ,
Бір ұшқын сезмін мен.
Адымен Білім деген,
Бәйгеден озып келсең.
Оқудың озатына
Арман да таяу болар ,
Білімнің боз атына
Мінбеген жаяу қалар . Тәрбие.орг сайтынан 5 сыныпқа қабылдау рәсімі Тәрбие сағаты материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Хихметова Гульназ Каировна

КММ Қушоқы ЖББО мектебі Математика пәнінің мұғалімі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Тәрбие сағаты | Логин: gulnaz-hihmetova
Көрсетілім: 440 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar