Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Аяласаң, табиғатты аяла
  • 26.11.2016
  • 124 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 20217

Сыныбы: 9 «А» Класс жетекші: Каратаева Кенжегул Медеубаевна
Ашық сабақ тақырыбы: Аяласаң, табиғатты аяла
Ашық сабақ мақсаты: Табиғатты қорғау, сақтау қажеттігі туралы ой, ынта туғызу. Туған жер табиғатына деген сүйіспеншілігін арттыру. Табиғаттағы сұлулықты көре білу, эмоциялық әсер ала білуге, өз ортасында сымбатты да шыныққан тұлға болуға баулу, экологиялық мәдениетті қалыптастыру.
Мұғалім: - Армысыздар құрметті қонақтар мен ұстаздар және оқушылар! Бүгінгі таңда әлемді дүр сілкіндірген ғаламдық «экология» мәселесіне үн қосу үшін «Аяласаң, табиғатты аяла» атты тәрбие сағатымызды бастаймыз.
Сабақтың барысы:
Оқушылар 3-топқа бөлінеді: I топ- Тұлпар; II топ- Бүркіт; III топ- Қыран
I - жүргізуші: Табиғат, Жер – Ана, Отан, Туған жер, Атамекен деген құлаққа жылы естіліп, жүрекке шаттық сезім ұялататын қасиетті қадірлі сөздер.
II - жүргізуші: Адамның өзі Табиғат пен Жер – Ананың перзенті. Жер – Ананы сүйе білу оны аялау – адамның азаматтық борышы.
(Тақтадан видеоролик табиғат туралы)
I-тур:Табиғат, Жануарлар, Өсімдіктер сөздеріне ассоциация жасау

I - жүргізуші:
Табиғатты қорғау үшін бәріміз,
Күресейік, бір-бір ағаш егейік.
Текке отырмай, жасымыз бен кәріміз,
Таза ауа үшін терімізді төгейік.
II - жүргізуші:
Сүйейік табиғатты аялайық,
Біз одан жақсылықты аямайық.
Анадай табиғаттың аясында,
Жадырап жас балаша дем алайық!
II-тур:Кім көп біледі? (Мақал-мәтел, жұмбақ)
Мақал-мәтел
1.Жел дауылды шақырады,
Бұлт жауынды шақырады.
2.Нөсер алдында найзағай ойнайды.
3.Күн күркіресе, көп дүркірер.
4.Күркіреген бұлттың жаңбыры аз.
5.Жауынмен жер көгереді,
Батамен ел көгереді.
6.Жаздың бір күні, қыстың мың күні.
7.Судың да сұрауы бар.
8.Қыз өссе елдың көркі,
Гүл өссе елдің көркі.
9.Атың шықпаса- жер өрте.

Жұмбақ
1. Таңмен көзін ашады,
Әлемге нұрын шашады. «Күн»
2.Тауда өсер, таста өсер,
Қыста өшер. «Шөп»
3. Көзге ілінбейді,
Жұтсаң білінбейді. «Ауа»
4. Қанаты жоқ, ұшады,
Аяғы жоқ, жетеді.
Аузы жоқ,ұлиды. «Боран»
5.Ат шаптырым аумағы,
Байқалмайды салмағы.
Мың кессең де ол мейлі,
Жүреді,ұшып өлмейді. «Бұлт»
6. Қараңғыда жымыңдайды,жанады,
Жарық түссе,бірден сөніп қалады. «Жұлдыз»
7. Қанаты жоқ – ұшады,
Аяғы жоқ – қашады. «Жел»
8.Қыста ғана болады,
Ұстасан қолын тоңады. «Қар»
9. Көктен түседі,
Жер ішеді. «Жаңбыр»
10. Сатайын десем ауыр кілем,
Сатпайын десем тәуір кілем «Жер»
I-жүргізуші:
Табиғат-көркем жырым, асқақ әнім,
Сен ана, мен қашанда жас баламын.
Сөйлеші жерде бұлақ, көкте бұлт боп
Т іліңді түсінуге тырысайын
II-жүргізуші:
Бабалар табиғатты аялаған,
Малын бағып, бауырын саялаған.
Табиғатты Ана деп ардақ тұтып,
Қамқорлығын ешқашан аямаған.
III-тур: Өз өнерін көрсету

I-топ: Көрініс. Немересі мен әжесі.
Немересі газет оқып отыр. Әжесі: - Балам-ау, соншама үңілдің? Газетіңде не жазылған? (Немересі қабағын шытып алады.) Әжесі: - Не болып қалды, түрің өзгеріп кетті ғой? Ауырып қалған жоқсың ба? (басын ұстайды). Немересі: - Жоқ апа, мына газетті оқып қынжылып отырмын. Әжесі: - Не боп қалды? Немересі: - Апа тыңдаңызшы. (Оқиды). Семей аймағында ерекше қарағайлы орман созылып жатыр. Жер бетінде мұндай таспалы орман екі жерде ғана бар. Қазақстанда және Канадада.Канадада сол ормандарын көзінің қарашығындай қорғайды, ал бізде қарағай орманы жауыздықпен жойылуда. Бүгінгі таңда 655 мың гектар орманның 10 мың гектары жойылған. Ай сайын 23 мың текше метр ағаш кесіле берсе, онда 22 жылдан кейін орман біткенді жайпап бітіреді екенбіз. Қазір 6 млн 117 мың 210 текше метр орман қалыпты. Әжесі: - Енді қайттік. 22 жылдан соң жеріміз, еліміз не болмақ?

Марапаттау:
I-топ
II-топ
III-топ
І – жүргізуші: - Табиғатымыз аман болсын, тіршілігіміз таусылмасын!
ІІ – жүргізуші: - Табиғатты түсіне білейік!

Мұғалім:
Құрметті ұстаздар, оқушылар! Осымен «Аяласаң, табиғатты аяла» тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Бүгінгі тәрбиелік шарадан оқушылар жақсы қасиеттерді ала алды деп ойлаймыз. Осыдан кейін оқушыларымыз табиғатты қорғайтын Қазақстанның бір-бір азаматы болады деп сенеміз.
Ән «Атамекен» Тәрбие.орг сайтынан Аяласаң, табиғатты аяла Тәрбие сағаты материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Каратаева Кенжегул Медеубаевна

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Тәрбие сағаты | Логин: Публикатор | Ілмек сөздер: Тәрбие сағаты, аяла, Табиғатты, Аяласаң
Көрсетілім: 124 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar