« Аяулы анашым!»

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 630
  • Тәрбие сағаты
  • 18/Апр/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 18682


« Аяулы анашым!»
Құрметті аяулы аналар,қызғалдақтай құлпырған қыздарымыз,ақ жаулықты әжелер, әріптестер 8- наурыз аналар мерекесіне арналған «Аяулы анашым» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
Ана десем алғыс алам халқымнан
Ана десем теңіз болып шалқыған
Ана десем,ашылады қабағым
Ана десем әділдікті ұғамын
Бір ғана емес
Қадір тұтқан бабалар,
Аналардан туған небір даналар
Ана деген тіршіліктің тірегі.
Армысыздар қасиетті аналар!
-Ардақты аналар мерекелеріңіз құтты болсын!Отбасыларыңызға құт- береке,бірлік,дендеріңізге саулық тілейміз!Ендеше осы асыл аналарымызға арналған балаларымыздың тақпақтарына кезек берейік.
Әлихан: Мен анамның оң қолы
Тілін алып жүремін

Кәусар: Ана біздің күніміз
Ана біздің нұрымыз
Әлжан:Шалқып тасып әніміз,
Жадырасын жанымыз.
Бұлдіршіндердің орындауында ән: « Құттықтаймын мама».
Дінмұхамед: Жүрегімде махаббат
Тілегіңіз мархабат
Анамызға мың алғыс.
Амина: Аналарды сүйеміз,
Ақылын ойға түйеміз.
Ләззат: Әжені де ардақтап
Әдеппен бас иеміз.
Алихан:Менің әжем ақ әжем
Ұл мен қыздың бағы әжем
Ертегі айтып бер десең
Айтып берер тағы әжем.
Жүргізуші: Тілекті ағытып бір тастайық
Аналардың мерекесін бастайық
Көздеріңнен көрем шаттық арайын,
Өтсін солай әрбір күнің әр айың.
Ер балалардың орындауында «Қара жорға» биі.
Жүргізуші: Ана деген ыстық қой әрбір жаңға
Теңеймін аналарды нұрлы таңға
Көктемгі мейрамдарыңыз құтты болсын!
Анадан артық адам бар ма сірә!
Айару А:Үн қатасын бал тілмен
Еркелеймін әр күн мен.
Әлім: Жанымызды жайнатқан
Сіздерсіз ғой аналар.
Қыздарымыздың орындауында «Балапан» биі.
Мырзабек:Бал бөбегін баптаған
Анам үшін мақтанам.

Еркеназ: Мейрамыңыз бүгінгі
Құтты болсын анажан.
(Осы сәтте есік қағылып,залға вальс әуенімен көктем келеді).
Көктем: Сәлеметсіздерме балалар!Аналар!
Сағынышпен жеткен
Келді міне көктем
Жайнап нұрлы гүлі
Мерекеңіз бүгін
Құтты болсын аналар!
Мен сендердің әжелеріңді,аналар мен қыздарды мерекемен құттықтау үшін келдім.
Жүргізуші:Көктем,біз сенің келгеніңе өте қуаныштымыз.Балалар күнің шұғыласын,бұлақтың сылдырын сағынды.Көктем бізге сыйлыққа не әкелдің?
Көктем:(ренжіп)Мен гүл шоқтарың дайындап едім,бірақ оларды келе жатып шашып алдым.
Жүргізуші:Ата-аналар көктемге гүл шоғын жинауға көмектесеміз бе?Сіздермен сергіту ойынын ойнап жіберейік.
Ойын: «Гүл шоғын жинау»
Көктем: Рахмет,жарайсыңдар ата-аналар.Өте керемет жинайды екенсіздер.Мен сіздермен қоштасайын сау болыңдар!
Әсем: Көгімде күн болып
Жұлдыздай жанасын.
Айзере:Ардақтап аялап
Мәпелеп өсірген
Азамат:Анамдай жан бар ма?
Қатемді кешірген.
Әли:Мейрімді,сымбатты
Қадірменді қымбатты,
Ең жақын жан балаға
Кім десеңдер-ол-Ана.
Балаларымыздың орындауында ән «Мишка с куклой»
Жүргізуші:Құтты болсын осы шаттық күніңіз
Бақытты да ұзақ өмір сүріңіз,
Қуанышты жүзіңізбен әрдайым,
Бұл өмірде күліп қана жүріңіз.
Құрметті аналар назар аударып тыңдағандарыңызға көп рахмет сіздерді балабақша және де «Балапан» тобының атынан тағыда мейрамдарыңызбен құттықтай отырып бүлдіршіндеріңіздің сіздерге дайындаған сыйлықтарын қабыл алыңыздар. Сау болыңыздар! Тәрбие.орг сайтынан « Аяулы анашым!» Тәрбие сағаты материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Құмарова Айшолпан Оспанқызы

Атырау қаласы,Ақжар селосы №59 "Ақбөбек"балабақшасы Тәрбиеші

Пікірлер: 0

avatar