Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Алтын күз
  • 11.10.2016
  • 254 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 19656

Материалды Tarbie.org сайтынан тегін жүктеу (24.1Kb)

«Аяулы күз, алтын күз» кешінің бағдарламасы
Мақсаты:
Мектебімізде өткізіліп жатқан «Алтын күз» мерекесіне ұйымшылдықпен қатыса отырып, күз-байлық, күз-береке, күз-молшылық, күз-шаттық, күз-қуаныш екенінін оқушы санасына жеткізу. Өздеріне ерік бере отырып, ауызбіршілікке, ынтымақтастыққа баулу.
Барысы:
1. Күз жайлы композициямен ашу
2. Тыңдаңыздар, тыңдыңыздар, «Аяулы күз, алтын күз» кешіне күз ханзадасы мен ханшайымы келе жатыр. Қошеметтеп қарсы алайық
1-жүргізуші:
Кеш жарық, қымбатты ұстаздар, оқушылар! «Аяулы күз, алтын күз» атты күзгі бал кешіне қош келдіңіздер. Берекелі, мерекелі алтын күз құтты болсын. Қасиетті күз мезгілі туралы бір сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Күз дегеніміз-жазира даланың дархан дастарханы. Күз дегеніміз- байлық, молшылық.
2-жүргізуші:
Алтын күз біз бен сізге шуақ шашсын,
Көңілді серіппелі күйін ашсын.
Бақ пенен шаттық бірге қатар қонып,
Береке бірлікпенен ортақтассын! – кешіміздің сайыскерлерін қошеметпен ортаға шақырайық:
1-жүргізуші:
Табиғат – ана ғой , (8 а )
Тағдыр ғой күз деген .
Тыныштық бұзылма ,
Тамшысын үзбеген – ортаға Тамшылар тобын шақырамыз
2-жүргізуші:
Табиғаттан бабамыз ала берген секілді, (8 ә )
Дархандықты қазаққа дала берген секілді.
Еркелікті ,ерлікті желден алған секілді,
Мөлдірлікті көгілдір көлден алған секілді , ортаға Жаңбыр тобын шақырамыз

1-жүргізуші:
Бар сұлулық құйылған бір басына , (9 а)
Жарасып – ақ тұр бәрі сұлбасына .
Бетін шымшып жауратып күз салқыны,
Еркелейді еріксіз сырласына. ортаға Самал тобын шақырамыз
2-жүргізуші:
Көк аспаным мөлдіреп, (9 ә)
Шуақты көзім елжіреп.
Асыр салып жүремін ,
Сары көйлегім желбіреп ортаға Күншуақ тобын
шақырамыз
1-жүргізуші:
Көркіңмен жаз жадырап күліпті күз, (10 а)
Сұлулықты көргенге үміттіміз.
Қуаныш сыйлай берші бал татыған,
Ақ таңдарың ата берсін арайланған, ортаға Арай тобын шақырамыз Тәрбие.орг сайтынан Алтын күз Тәрбие сағаты материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Абдуллаева Нұржамал

Ш.Смағұлов атындағы АОФММИ тәрбиеші

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Тәрбие сағаты | Логин: nur671604
Көрсетілім: 254 | Жүктеулер: 4
Барлық пікірлер: 0
avatar