Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Алтын күз
  • 08.01.2017
  • 172 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 20878

Сабақтың тақырыбы: «Алтын күз»
Мақсаты:
1) Табиғаттың күз мезгіліндегі өзгерістері жайлы балалардың білімдерін кеңейту;
2) Күз мезгілінің берекелі екенін айтып, түсінік беру, ойлау қабілетін дамыту.
3) Балаларды еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
(Сынып іші күзгі суреттермен, мерекеге сай сарғайған жапырақтармен безендірілген)
Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, ата - аналар,оқушылар! Сіздерді мерекелеріңізбен құттықтаймыз. Күз мезгілі барлық үйге молшылық алып келсін.
Бүгін бастауыш сыныптар арасында ұйымдастырылып отырған «Алтын Күз» мерекелік ертеңгілігімізге қош келіңіздер.
-Уа халайық,халайық
Мұнда назар салайық
Мерекесі халықтың
Алтын Күзге арналған
Кешімізді бастайық-деп кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
Жүргізуші: Қанекей, балалар енді күзге арнаған тақпақтарымызды айтайық.
1: Күз таңы күлімсіреп оянады
Айнала сары түске боянады.
Ауқаптың толық сыйды алтын дәні
Төңірек тоназып сәл салқындап.
2:Жазды жайлы өткеріп
Қанатымен леп беріп
Әр ұяның жұп құсы
Қайтып жатыр топ болып.
3: Бес аламыз әр күн біз
Қөңілдіміз жарқынбыз
Жанымызда мәңгі жаз
Айналамыз алтын күз.
4:Теңіздей боп жайғана
Толқып жатқан сары дала
Бар астығын сапырып
Құйып берді қамбаға
5:Жапырағы саудырап
Жадау тартып қалды бақ
Жаздай жеміс өсіріп
Тұрған шағы қалжырап
Жүргізуші: Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
Балалар: Күз мезгілі.
Жүргізуші: Дұрыс, Күз мезгілінде неше ай бар? Осы күз мезгілінде қандай өзгерістер болады?
Балалар: Күзде күн суыта бастайды. Ағаштардың жапырақтары сарғайып жерге түседі. айнала сап сары алтындай түске енеді, Аспанды сұр бұлт басады, жаңбыр жиі жауады, күн қысқарып, түн ұзарады, үстімізге жылы киімдерімізді кие бастаймыз, егін жиналады.
Жүргізуші:Балалар күз бізге не сыйлайды екен.
Балалар: Көкөністер мен жемістер, дәнді дақылдар сыйлайды екен.
Жүргізуші: Көкөністердің адам ағзасына қандай пайдасы бар екен?
Балалар: Көкөністерде дәрумендер мол болады. Көкөністерді көп жесек денсаулығымыз мықты болады, ауырмаймыз.
Жүргізуші: Балалар көкөністер қайда өседі?
Балалар: Бақшада.
Жүргізуші : Балалар бір дыбыс естілетін сияқты, тыңдайықшы.
Ой балалар бізге ертегілер әлемінен Күз ханшайымы келіпті.
Алуа:
Күз: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сендердің шақыру хаттарыңды алдым, сендерге көп рахмет.
Балалар, мен сендерге көкөністерімді, жемістерімді ала келдім. Көкөніс пен жемісті қалай жақсы көретіндеріңді тексереміз.
Бізге екі бала қажет, олардың көздерін орамалмен байлап, мына тұрған ыдыстағы жеміс пен көкөністі қолдарымен ұстап, дәмін татып анықтаулары қажет.
Күз: Жарайсыңдар балалар, өте дәм сезгіш екенсіңдер.
Балалар Сендер ғажайыптарға сенесіңдер ме? Сендер ертегілер әлемінің ғажайып бақшасына барғыларың келеме? Ендеше мен мына сиқырлы таяқшама сендерді ертегілер әлемінің ғажайып бақшасына апаруын сұрайын. Қане бәріміз көзімізді жұмайық. Күз ханшайымы қолындағы сиқырлы таяқшаны айналдырып: Бір, екі, үш бізді ертегілер әлемінің ғажайып бақшасына жеткіз.
Жүргізуші: Айгерім Қалаубаеваның «Ертегілер» әні жіберіледі.
Күз: Менің сендерге қояр үш шартым бар орындайсыңдар ма?
Жүргізуші: Ол қандай шарт?
Күз: Бірінші шартым мен жұмбақ жасырам, сол жұмбақтың шешуін табасыңдар. Келістікпе?
Жүргізуші: Жарайды.
Күз көкөністер туралы жұмбақтар жасырады.
Балалар жұмбақтың шешуін табады.
Күз: Балалар, екінші шартым. Сендер күз туралы тақпақ білесіңдер ме?
1-сынып оқушылары күз туралы тақпақтарын айтады.
Күз: Соңғы шартым маған күз туралы ән айтып беріңдер?
Жүргізуші:Мектепалды даярлық топтың орындауында «Кап,кап» әні.
Жүргізуші: Қазір біздің балаларымыз «Аю мен диқаншы» ертегісін сахналап береді.
Міне көрдіңдерме балалар күзгі еңбек қандай қиын болса ,еңбектің наны сондай тәтті болады.Еңбек етсең ерінбей,тояды қарның тіленбей деген осы болар.
Жүргізуші:2-сынып оқушыларының тақпақтары.
1:Қарашы күз келді,күз келді.
Жапырақ жауыпты іздерді.
Құс біткен керуен тізеді
Қара бұлт қабағын түйеді.
Алтын.сары.қызыл.көк
Алуан-алуан жапырақ
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.
АЛТЫН КҮЗ
Қоңыр салқын тарады
Қойнаулар мен сайлардан,
Қаздар қайтып барады,
Қайтқан елдей жайлаудан.
Соңғы шуақ төгіліп,
Жалқынданып тұр аймақ.
Ақ сәулеге шомылып,
Жапырақтар жүр ойнап.
Көктен көзін бір алмай,
Қызғылт тартты кәрі құз...
Жер қызығын қия алмай,
Маужырап тұр сары күз...
Жүргізуші: Би «Ча-Ча»
Жүргізуші: «Күз» А.Құнанбаев
Жүргізуші: Алтын күз, енді балалардың өзіңе арнаған «Жапырақтар» биін тамашалыңыз.3-сынып оқушыларының орындауында «Жапырақтар» биі
Күз: Балалар билерің қандай тамаша.
Жүргізуші:1-сынып оқушыларының орындауында «Жау-жау жаңбыр» әні.
Жүргізуші: «Шегіртке мен құрмысқа» мысал.
Міне балалар қыс қамын жаз ойла деген осы.Шегіртке сияқты қыста жаурап қалмайық ағайындар.
Жүргізуші: би 1-сынып оқушылары
Жүргізуші:3-сынып оқушыларының күз туралы тақпақтары.
Жүргізуші:2-сынып қыздарының орындауында «Қолшатыр» биі.
Күз: Балалар, ойын ойнап, көкөніс жемісті тани білдіңдер,Мен туралы жаттаған әсем тақпақтарыңды, айтқан әндеріңді көріп, билеріңді тамашалап көңілімді көтердім.Ендігі кезекте «Күз ханшайымын» таңдап ,тәжді табыс етуге рұқсат етіңдер.
Рахмет сендерге, қош сау болыңдар.
Жүргізуші: Балалар, барлығымыз күздің сыйына алғысымызды білдіріп, шығарып салайық.
Балалар: Рахмет сізге күз, сау болыңыз!
Күз: Сау болыңдар балалар!
Жүргізуші: ән «Күз жомарт» .
Жүргізуші: Ендігі кезекті би .
Жүргізуші: Демеңіздер біз өнерді аяп қалды деп
Уақытта біраз жерге таяп қалды дегендей
Алтын күз атты ертеңгілігіміз осымен тамам тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет.

Алматы облысы
Кербұлақ ауданы
Ақбастау негізгі мектебі
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

«Алтын күз»
(бастауыш сынып ертеңгілігі)

2016-2017 оқу жылы

[size=14] Тәрбие.орг сайтынан Алтын күз Тәрбие сағаты материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Байшукаева Динара Тулепбергеновна

(Алматы облысы Кербұлақ ауданы Ақбастау ауылы Ақбастау негізгі мектебі кмм) бастауыш сынып мұғалімі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Тәрбие сағаты
Көрсетілім: 172 | Жүктеулер: 1
Барлық пікірлер: 0
avatar