Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Ана ардақты адам
  • 06.02.2016
  • 658 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 15673

Материалды Tarbie.org сайтынан тегін жүктеу (23.1Kb)

Сабақтың тақырыбы: Ана - ардақты адам.
Сабақтың түрі: ашық сабақ.
Сабақтың мақсаты : Балалардың аналарына, бар адамның анасына сүйіспеншілігін ояту, ананың қадіріне жете білуге үйрету. Қызығушылығын арттыру. Аналардың еңбегін ақтауға, ұстаздарды, қыз балаларды құрметтей білуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: мақал-мәтелдер, гүлдер, киіз үй, үнтаспа
Сабақтың мазмұны:
Саламатсыздар ма аналар, ұстаздар?
Құрметті ұстаздар, аналар және көрермендер! Бүгін мерекеге орай сыныбымызда өткізілгелі отырған « Ана –ардақты адам» атты ашық сабағымызға қош келдіңіздер! Сіздерді алда келе жатқан 8 - наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздердің отбастарыңызға амандық, дендеріңізге саулық, бастарыңызға бақыт тілей отырып сіздерге арналған мерекемізді бастаймыз.Біздің оқушыларымызсіздерге арналған өз құттықтауларын білдірмекші.
1. Ерболат:
Біз ғана емес қадір тұтқан бабалар
Аналардан туған небір даналар
Ана деген тіршіліктің тірегі
Армысыздар қасиетті аналар
2. Елдос :
Үн қатасың бал тілмен,
Еркелеймін әр күн мен.
Құттықтаймын анашым,
Сегізінші
3 Ербол :
Әлпештеген баласын,
Ана бақыт, ана күн.
Әркім сүйіп өзінің
Мақтан етер анасын.
4. Дархан
Шалқып тасып әніміз
Жадырасып жанымыз
Ана сені құттықтап
Әндетеміз бәріміз

Қайырлы күн халайық, өнер сүйген,
Көрермендер көңілге көп ой түйген.
Құттықтаймыз ұстаздар менаналарды,
Сый тартайық әсем ән, тәтті күймен.
Оқушыларымыздың орындауында «Құттықтаймын, мама, туған күніңмен!» әні.

1. Нұрын төккен маған,
Шуағымсың - сен!
Айналайын, мама,
Қуанышыңмен!
Шаттандырған мені,
Жұбанышым – сен!
Құттықтаймын сені
Туған күніңмен!

2. Аялаған мені
Ән қанатымен!
Құттықтаймын сені
Салтанатыңмен!
Бақытты ғой заман,
Қандай көңілді!
Мен тілеймін саған
Ұзақ өмірді!
5 Құрманғазы:
Күн секілді күледі
Сипап ылғи басымнан.
Бөбегіңнің сыйлығын,
Қабыл алшы анашым
Ұзақ өмір жүз жасап
Ауырмашы анашым
6 Жанқожа :
Аналарды сүйеміз,
Сөзін ойға түйеміз.
Әжені де ардақтап,
Әдеппен бас иеміз.

7 Қыдырғали:
Мерекелік күнің
Қандай тамаша.
Кеудедегі гүлің
Қалды жараса.
Күлімдеген жүзің
Күннің нұрындай
«Күнім» деген сөзің
Ақын жырындай.

Жыр арнайық анағаға жігері ассын,
Гүл арнайық көңілі шалқып тассын.
Сыр арнайық жүректі жарып шыққан
Би арнайық батасын беріп жатсын.
Оқушыларымыздың орындауында би «носса»
8 Нұрсұлтан:
Құтты болсын ардақты анам ,
Асыл анам мерекең
Құтты болсын теңдік алған
Қуанышты мерекең
9 Бейбарыс
Шуақты көктем келді гүлін алып
Көктемнің мерекесі бүгін анық
Өмірдің көктемі де гүлі аналар
Ана деп бас иеді күллі халық
10 Нұрасыл:
Дүниедегі бар адамзат баласы
Болсын мейлі ол бір елдің данасы
Мәңгілікке қарыздар боп біреуге
Өтеді екен ол өзінің анасы.

- Бала, бала, бала деп
Түнде шошып оянған
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік таянған.
Аялы қолда талпынтқан
Қаймақты сүттей қалқытқан
Суық болса жөргегі,
Қорғасындай балқытқан.
Айналасына тас қойып,
Өзенді көлдей шалқытқан,
Қолын қатты тигізбей
Кірлі көйлек кигізбей,
Иісін жұпар аңқытқан,
Бұл кім, балалар?
Балалар: Ана! Ана! Ана
«Анамның тілі» әні . Орындайтындар: Жанқожа, Қыдырғали, Елдос, Құрманғазы,
Ақ жүзінде ананың
Күндер келді жалғасып.
Аналарды байқайық
Қандай екен әл, күші.
Аналарымызбен ойын ойнайық. « Кім тапқыр?» деп аталады.
Ойын шартын түсіндіре кетейін. Мына киіз үйдің ішінде түрлі заттар жасырынған, сол затты көрмей, тек қолмен ұстау арқылы табуымыз керек. Ата- ана, ұстаздарымыздыойын ойнауға шақырамыз.
Осы сыныпта отырған ата – аналар мен ұстаздарды құттықтау кезегін директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Абдубайтова Фарида апайға және бастауыш сынып завучы Сарманова Райхан апайға береміз.
Ата-аналардан сөз сөйлейміз дегендер бар ма?
Ән жырдан көңілдерді қуантыңдар,
Барымен шат-шадыман болыңыздар.
Қоштасайық, келесі кездескенше,
Әрдайым сау - саламат болыңыздар
Қорытынды:Осымен бүгінгі мерекеге орай өткізіліп отырған ашық сабағымыз аяқталды. Келесі кездескенше! Тағы да 8-наурыз әйел-қыздар күні мерекелеріңіз құтты болсын! Тәрбие.орг сайтынан Ана ардақты адам Тәрбие сағаты материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Мустафаева Жанар Узакбаевна

ОҚО Мақтарал ауданы Игілік ауылы Т Аубакиров мектебі Бастауыш сынып мұғалімі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Тәрбие сағаты
Көрсетілім: 658 | Жүктеулер: 1
Барлық пікірлер: 0
avatar