Ана – аса қымбатты жан

  • Жүктеулер: 12
  • Көрсетілім: 248
  • Тәрбие сағаты
  • 15/Окт/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 23180


Ашық тәрбие сағатының тақырыбы: Ана – аса қымбатты жан.
Ашық тәрбие сағатының мақсаты: Балалардың аналарына, бар адамзат анасына сүйіспеншілігін ояту. Ананың еңбегін ақтауға ,ардақтауға, құрметтей білуге тәрбиелеу.
Ашық тәрбие сағатының көрнекілігі : ертеңгіліктің тақырыбы жазылған плакат, суреттер, шарлар, гүлдер.
Ашық тәрбие сағатының барысы:
Мұғалімі: - Құрметті аналар, әжелер, сүйкімді қыздар сіздерді әйел жанымен байланысты тамаша көктем мерекесі – 8 –Наурызбен шын жүректен құттықтаймын! Алғашқы көктем мерекесі Жер бетіне өмір сыйлаушы нәзік, ақылды, сымбатты, мейірімді жандарға арналған қандай тамаша мереке.
Әлемдегі ең асыл жан ол – Ана десек жүрегімізде сүйікті жанға деген махаббат сезімі оянады. Ана бұл аяулы да мейірімді жан. Баланың тілі шыққаннан – ақ ана деп айтады. Өмірдің есігін ашқаннан соң осы өмірдегі өзіңнің жан анаңды көресің. Осы бір АНА деген үш әріптің аясында адамзат баласына қуаныш сыйлар қаншалықты қасиет бар десеңші. Ару – ана, Ару – асыл жар, Ару – көңілдің гүлі, Ару – өмірдің жыры, Ару ... тіпті айта берсең сөз жетпейді. Олай болса, бүгін аналарға, қыздарға арналған «Ана – аса қымбатты жан!» атты кешімізге қош келіпсіздер!
Балалар бәрі: Құттықтаймыз анашым, 8-ші Наурызбен.
Мұғалім: Уа, ағайын, ағайын
Көктем келді жайнаған
Бау – бақшада бүгін той
Қош келдіңіз ағайын

Раушан гүлдер жайнаңдар
Гүлдей жайнап тұрыңдар
Құттықтаймыз сіздерді
Мерекеңмен бүгінгі

Сейфуллин: Той пердесін ашайық
Тойға шашу шашайық
Аналарды құрметтеп
Ән маржанын шашайық.
Хор: «Құттықтаймын мама салтанатыңмен»
Мұғалім: Ақ анашым. Аппағым
Өзің жайлы тақпағым.
Арналады сіздерге
Бар баланың тақпағы
(Балалардың тақпағы айтылады.)
Гүлсезім: Алтын анам жасымнан аялаған
Мен үшін игілікті аямаған
Сабақтан шаршап үйге келгенімде
Бал сөзі – жаным деген сая маған

Құдайберген: Құтты болсын ардақты ана
Асыл анам мерекең
Құтты болсын теңдік алған
Қуанышты берекең

Азамат: Ана – көркі көгімнің
Ана – нұры жерімнің
Ана – бағы баланың
Мақтанышы елімнің

Инабат: Бізді өсіріп, баптаған
Жақсы болсақ, шаттанған
«Алтыным» деп мақтаған
Аяулы менің ақ мамам
Мұғалім: Десекте уақытпен жарыспайды,
Қиялға қиялменен қарыштайды
Шәкірттер шын жүректен тебіреніп,
Өнерін аналарға бағыштайды, - дей отырып Ақтілектей қыздарыңыздың орындауындағы « Ақ мамам» әнін қабыл алыңыздар.
Мұғалім:Теңіздей тербетіліп көл бетінде,
Бишілер билеп кетті тербетіле
Аққудай қалықтаған теңіздегі
Бишілер өнерін көрсетуде,- дей отырып барша аналарымыздың құрметіне арналған «Вальс» биін тамашалаңыздар.
Нұртілеу: Өмірдің иесі сен, ғазиз Ана
Келтірген дүниеге нелер дана
Анасыз батрда жоқ, ақында жоқ,
Өмірдің алтын кілті сонда ғана
Жаннұр: Бал бөбегін баптаған
Мамам үшін мақтанам
Аялайтын біздерді
Көп жасасын жақсы адам.
Мұғалім: Біздің аналарымыз бәрін өз қамқорлығына алады. Олар барлық шаруаны бітіреді. Сонымен қатар олар біздің әр ойымызды айтқызбай табады. Бар сырымызды оларға әрқашан да белгілі. Олай болса аяулы аналарымызды бір сынап көрелік.
Ойын: «Аялы алақан»
Ойын шарты: Аналарымыздың көзін байлап, оқушылардың ішінен өз балаларын тапқызу.
Мұғалім:Аяулысың ауылымның асылдары
Жайнасын көңілдердің жасыл бағы
Сендер үшін ән менен күй, өлең мен би
Сендер үшін мереке шашулары,- деп алдарыңызға «Ақ мамам» әнімен Айгерім қыздарыңызды қарсы алыңыздар.
Аяжан: Менің әжем, гүл әжем
Алтын әжем, күн әжем
Апам үшін, мен үшін
Нағыз ана тілі – әжем
Айгерім: Мәпелейсің мені анам
Қолыңдағы ұүсыңдай
Құлпыра өсіп дем алам
Құшағыңда қысылмай.
Сания: Анашым, жан анам
Балдан тәтті бал анам
Үйге келсең мақтанам
Құшақ жая қарсы алам
Заңғар: Бәрімізге анасың,
Біз үшін күн боп жанасың
Құтты болсын мейрамың
Құттықтаймын анашым
Мұғалім: Аналар ақ тілекті, сөз көп дейін
Жылытар жүрегіңді көз көп дейін
Аналар ақ жаулықты бұл сәздерге
Қол соғып қарсы алайық «Үнді биін»
Би: «Үнді биі» Орындайтын: сүйкімді қызымыз Гүлсезім
Зере:Ана біздің күніміз
Ананың біз гүліміз
Ұланды ана қуантып.
Ұзақ өмір сүріңіз.
Ақтілек: Сендерден өскен балалар
Батырлар мен даналар
Құттықтаймыз мейраммен
Құрметті біздің аналар
Саян: Анам менің ақ анам
Балапанын мақтаған
Анам барда әрдайым
Қуанамын шаттанам
Мұғалім: Осы балаларыңыздың тәтті тілдерімен айтылған өлең жырларынан кейін ата-аналар сіздерді де бір серпілтіп ойын ойнасақ дегім келіп тұр. Ойын жарыс түрінде өтеді.
Ойын: «Кім мықты күтуші» деп аталады.
Ойын шарты: 3 ата-ана, 3 оқушы қажет. Ата-аналардың көзін байлап, балалары ата-аналарын тамақтандырады. Кім жылдам беріп болса сол жеңімпаз атанады.
Мұғалім: Көңілің Алатаудың ақ қарындай
Мейірімің күннің шуақ шақтарындай
Қалайша аяулы ана тына алармын
Ән болып сағыныштан ақтарылмай,- деп абзал аналарымыз бен қырмызы қыздарымыздың құрметіне Гүлсезімдей қыздарыңыздың орындауындағы «Аяулы ана» әнін қабыл алыңыздар.
Мұғалім: Бөбегіңнің сыйлығын
Қабыл алшы анашым.
Ұзақ өмір жүз жасап
Ауырмашы анашым.
Бәріміздің де анашымыз бар, әпке, қарындасымыз бар. Жылына бір рет келетін осы аналар мейрамында аналарымызға қандай сыйлық жасасақта жарасымды. Өйткені бізді өмірге алып келген, бізге әлемнің жарығын сыйлаған анамыз емес пе? Олай болса, әр оқушының өзі дайындаған аналарына сыйлықтары бар екен соны табыс етуге рұқсат етіңіздер.
Мұғалім: Мерекені қарсы алып,
Мәз болғанда барша жұрт
Гүл ұсынып қыздарға
Сыйлық бердім мен өзім,-
дей отырып, қыздарға арналған сыйлығымызды табыс етуге рұқсат етіңіздер.
Мұғалім: Аналар қалқып бақыт аралында
Лайым мұң қонбасын жанарыңда
Осымен кешімізді аяқтайық
Гүл бітсін бәріңіздің қадамыңа – дей отырып, кешімізді қорытындылау үшін сөз кезегін мектебіміздің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г. Боранбаева ханымға береміз. Келесі сөз кезегін ата-аналар комитетінің төрайымы Дүйсенкүл ханымға береміз.
Мұғалім: Демеңіз біз өнерді аяп өалды
Мезгілде біраз жерге таяп қалды.
Қош болып тұрыңыздар көріскенше
Осымен кешімізде аяқталды.
Ардақты аналар мейрамдарыңыз құтты болсын. Сау – саламатта болыңыздар. Тәрбие.орг сайтынан Ана – аса қымбатты жан Тәрбие сағаты материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Жадыра Орынбасар

Пікірлер: 0

avatar