Ана – бақыт, жанашыр

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 688
  • Тәрбие сағаты
  • 06/Апр/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 18478


Ана – бақыт, жанашыр
(әдеби – сазды кеш)

Мақсаты: Оқушыларды ананың еңбегін ақтауға, анаға деген сүйіспеншілікке, ананы құрметтеп, сыйлауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: видеоролик, сабақтың тақырыбы, слайд-шолулар, ана туралы ақын-жазушылардың жазған ұлағатты сөздері, кітап көрмесі.
Барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

1 жүргізуші: Армысыздар құрметті колледждің ұстаз-аналары мен қыр гүліндей жайнаған қыздар !
«Ана» әрбір адамның жарық дүниедегі қамқоршысы, ең жақын ардақтысы. Мен «Ана» деген сөзді қанша айтсам да жалықпаймын. Себебі Ана – отбасы берекесі, адамзат тәрбиешісі. Жұмақ ананың аяғының астында.

2 жүргізуші: Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар,
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар, қасиетті аналар !
Қымбатты аналар мен қыздар, Сіздерді Халықаралық 8 Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтап колледж жігіттерінің және кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Ана – бақыт, жанашыр» атты әдеби-сазды кешімізге қош келдіңіздер.

1 жүргізуші: «Ана бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербейді». Ана дегеніміз – әлемнің жан дүниесі, оның бастауы мен таусылмайтын жалғасы. Анамызға деген көңіліміз, мейіріміміз ұшан-теңіз. Аналарға арнап ақындар өлеңдер жазды, осы өлеңдерді оқып, біз аналарымызға деген көңілімізді білдіреміз.

2 жүргізуші: Әрине, әр баланың анасына деген махаббаты шексіз, оған ақынның тілі де жетпес, дегенмен де өлең жолдарын жаттау арқылы мәнерлеп айтып берсек. Ортада колледжіміздің бір топ жігіттері.

1 жүргізуші: Өмірде анаңнан артық адам жоқ, өйткені ол сені мәпелеп өсіреді, барын аузыңа тосады, дүниенің жақсысын саған сыйлайды, бар өмірін балаға арнайды.Түн ұйқысын төрт бөліп ақ сүтін береді. Сондықтан да еш бала өз анасын ренжітпеуі тиіс. Анасы бар адам бақытты. Ана деген кешірімді жан. Сенің барлық қылығыңды кешіреді, аяйды.

2 жүргізуші: Олай болса, «Ананың қадірі» атты көріністі тамашалаңыздар.



1 жүргізуші: Ана десем алғыс алам халқымнан,
Ана десем теңіз болам шалқыған.
Ана десем ашылады қабағым,
Ана десем әділдікті ұғамын.

2 жүргізуші: Ана деген жүректегі асыл ән,
«Ана-бақыт» деген сөзге қосыламын
Анаға арнап айта берсең сөз жетпес,
Ол дегенің – өмірдегі асыл жан. – дей отырып, СЭЗ-15-1 тобының студенті Досметов Жавохирдің орындауындағы «Ана»әнін қабыл алыңыздар.
Келесі кезекте СЭЗ-14-1 тобының студенті Қожабекова Заринаның орындаудағы «Асыл ана» әнін қабыл алыңыздар

1 жүргізуші: Ана деген кім? десе,
Шуақ шашқан күн дер ем.
Сәбиі үшін ұйықтамай, арпалысқан түнімен,
Ана үні өмірде, ең мейірімді үн дер ем.

2 жүргізуші: Аналардың ақ сүтінен нәр алған,
Аналардың үмітінен жаралған.
Сәби едік, енді міне ер жеттік,
Жүректерге биік мақсат, көп арман. –дей отырып, АТ-15-1 тобының студенті Мағжанның және ГС-14-1 тобының студенті Тоқтабаев Мақсаттың анаға деген сүйіспеншілігін өз шығармаларынан тыңдаңыздар.

1 жүргізуші: Ана –барлық қиындықты жеңетін сарқылмайтын күш,тіршіліктің қайнар бұлағы.қазақ әйелінің дастарханы тоқ,қонағы ырза,дүниесі түгел.Олар үшін бірінші орында отбасының берекесі тұрады.Бөбегін бесікке бөлеп,әлдилеп аялаған ана бақыт құшағында емес пе?! Бір өзіңнен бастап өмір жолдарын,
Жүрегіңе жүрегімді жалғадым.
Өзің мына сыйға берген өмірде
Ақ сүтіңді ақтап өту-арманым.
Барша ана,құтты болсын мерекеңіз

Әрқашанда ана сізбен берекеміз.
Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам.
Сонда біз кісілікке теңесеміз.
Олай болса «Көңілді тапқырлар клубының» жігіттерін қарсы алайық.



2 жүргізуші: Дүниенің жарық көзі анамыз,
Дана болсақ анаменен данамыз.
Тыңдаңыздар, көңіл қойып ағайын,
Анаға арнап тағы да бір ән саламыз.

Ән: «Анаға сәлем» орындайтын: ГС-14-2 тобының студенті Амангелді Ақселеу

1 жүргізуші: Батыр да туған анадан, ақын да туған анадан,
Ананың биік тұғыры – анадан туған бар адам.
Пайғамбарымыз Мұхаммед ананы құрметтеп санаған,
Анаға мәңгі борыштар елдегі барлық дана адам.
Бала үшін анасының дауысы, мейірімі, дайындаған асы өте қымбат. Анасын жақсы көрген адамнан жаман адам шықпайды, бар жақсылықтың бастауы ана дейтініміз сондықтан. Ананың баласына деген махаббаты шексіз болғанда ғана бала бақытты, ал бала бақыты әлемдегі сөз жетпейтін бақыт. Баласы үшін ананың орны әрқашанда бөлек.
Ортада Хор «Ана туралы жыр»


1 жүргізуші: «Аналар адамды бесіктен бастап баулиды, өмірдің іргетасы солардың қолымен қаланады» деген жақсы нақыл сөз бар.
Аналар қалқып бақыт аралында,
Лайым мұң қонбасын жанарына.
Салтанатты кешіміз аяқталды,
Гүл бітсін бәріңіздің қадамыңа.


2 жүргізуші: Достарым, әрқашанда аналарыңды ренжітпеңдер. «Меккеге үш рет арқалап апарсаң да анаңның ақ сүтін өтей алмаймыз». Анамыздың аман жүруі біз үшін, яғни бала үшін үлкен бақыт. Сіздерді тағы да Көктем мерекесімен құттықтай отырып, кешімізді аяқтаймыз. Қорытынды.

К.П.Абжаппарова
Кентау көпсалалы колледжінің
кітапхана меңгерушісі
ОҚО Кентау қаласы Тәрбие.орг сайтынан Ана – бақыт, жанашыр Тәрбие сағаты материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: К.П.Абжаппарова

Пікірлер: 0

avatar