Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Ана- біздің гүліміз
  • 20.03.2016
  • 569 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 18075

Тақырыбы: Ана-біздің гүліміз!
Мақсаты:
Білімділік: Ана туралы балаларға түсінік беру
Дамытушылық: Оқушылардың тіл байлығын, сөздік қорын, ортаға деген бейімділігін дамыту
Тәрбиелік: Анаға деген сүйіспеншілікке, Ананы құрметтеуге, сыйлауға, әдептілікке, ұймшылдыққа тәрбиелеу
Сабақтың көрнекілігі: плакат, суреттер, CD.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес
Сабақ барысы:
Армысыңдар жиналған қауым!!! Адамды жарық дүниеге әкелген, алақанына салып, мәпелеп өсіруші-Ана болса,білім мен тәрбие әлеміне жетелеп, көкірек көзін ашатын жан – Ұстаз!!! Ендеше осы аналарымызбен, ұстаздарымызды бүгінгі мерекелерімен құттықтаймыз!!! Сіздерге мықты денсаулық пен - баянды бақыт тілейміз!
Біздің балалардың дайындаған аздаған шағын мерекелерін тамашалайық. «Ана – біздің гүліміз» атты тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мераммен.
Құрметті ата-аналар.
1-оқушы Алмат:
Әрқашанда анашымды ойлаймын.
Мен кішкентай аялаған тайлағың,
Бүгін міне 8-ші наурыз.
«Құтты болсын» - деп тілеймін мейрамың.
2-оқушы Айғаным:
Қала алмаймын мерекеден жырламай,
Ақтарайын ақ тілекті құр болмай!
Өмірдегі бар бақытты тілеймін.
Десем – анам бір қуанып – Гүлдерай.
3-оқушы Азамат:
Бүгін міне көңіліңіз алаңды.
Жақсы тілек айтсам деймін жарамды,
8-ші наурыз құт болсын.
Құттықтаймын Назирадай анамды.

Ән: «Алмат, Айғаным, Ажараның орындауында ән Құттықтаймын мама туған күніңмен!».
4-оқушы Аяла:
Аналардан ақ тілекті аяма.
Ардақтамас балаларын қай ана,
Бақытты бол әрқашанда анашым.
Ақ тілекпен болашағын аяла.
5-ші оқушы Ақерке:
Кеңей бересін өмірдегі өрісің.
Көре берші еңбегіңнің жемісін.
Күліп жүрсе ана жаным әрқашан.
Бақыт барма бұдан асқан мен үшін.
6-шы оқушы Ажара:
Кім бар маған анашымдай ардақты,
Сөз саптайын мерекеңде салмақты.
Тілейінші сізге мөлдір махаббат,
Табысты бол, жемісті бол жан-жақты.
7-оқушы Зульфия:
Аяладың алақанда мәпелеп.
Мектепке де алып келдің жетелеп.
Ақ тілегі сәбиіңнің анашым .
Асқақтатып көңіліңді көтерді.
Ән: Ажараның орындауында ән «Сұр қоян»
8-ші оқушы Айсұлу:
Анашым – ақ тілекті арнаймын.
Әрқашанда анашымды қолдаймын.
Бақ әкелсін мерекеңіз бүгінгі.
Аман есен жүре берші әрдайым.
9-оқушы Жасұлан:
Бақыттымын ана жаным өзіңмен.
Ләзәтті көріп тұрмын көзіңнен.
Өмірдегі бар жақсыны тілеп мен.
Құттықтаймын сәбилік бір сезіммен.
10-оқушы Шұғыла:
Аяладың алақанда мәпелеп,
Мектепке алып келдің жетелеп.
Ақ тілегі сәбиіңнің анашым.
Асқақтатып көңіліңді көтерет.
Тақпақ: Алматтың орындауында Мұқағали Мақатаевтың «Отан туралы» тақпақ.
Би: Айғанымның орындауындағы биді тамашалайық!
Қорытынды
Наурыз күні – Ана күні – Әсем күні.
Әлемді тебірендірер ана үні.
Анасыз туған жоқ жер бетінде.
Ұғып ал бөбектерім сендер мұны.
Адам баласы үшін ең аяулы, ең қастерлі, қадірлі сөз – АНА!
Осымен біздің «Ана-біздің гүліміз» атты шағын тәрбие сағатымыз аяқталды.
Назарларыңызға рахмет! Тәрбие.орг сайтынан Ана- біздің гүліміз Тәрбие сағаты материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Тұманбаева Айжан Қанағатқызы

Алматы облысы Талғар ауданы №14 орта мектебі Бастауыш сынып мұғалімі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Тәрбие сағаты
Көрсетілім: 569 | Жүктеулер: 2
Барлық пікірлер: 0
avatar