Ана - өмір шуағы

  • Жүктеулер: 2
  • Көрсетілім: 683
  • Тәрбие сағаты
  • 26/Мар/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 18163


Тақырыбы: «Ана – өмір шуағы»
Мақсаты: Балаларды мейірімділікке, аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге үйрету. Анасын сүю арқылы еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.Оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамын, шеберлігін дамыту. Өнерді тануға, қызығушылыққа баулу, әдептілікке, парасаттылыққа тәрбиелеу.

Мұғалім: Армысыздар, сүйкімді қыздар,аяулы аналар, асыл әжелер! Ана – бір қолымен бесікті тербетсе, бір қолымен әлемді тербетеді. Ананың қадірі сонда, ол мейіріміне ақы сұрамайтын жалғыз жан, әрдайым бала дегенде елжіреп, соның ғана тілеуін күні-түні тілеп отыратын асыл адам. Олай болса, осы бір әлемдегі ең аяулы адамдарға арналған «Ана өмір шуағы» атты тәрбие сағатын ашық деп жариялаймыз!

Хормен:
Мейірімді жүрекпен,
Ақ пейілді тілекпен,
Амандасып алайық,
Бір жадырап қалайық.

Мұғалім:
Сіздерден өскен балалар
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті абзал аналар, дей отырып құттықтау сөз кезегін мектеп директоры Мусина Айган Сериковнаға береміз.

Мұғалім:
Десек те уақытпенен жарыспайды,
Қияға қиялменен қарыштайды.
Бүлдіршіндер шын жүректен тебіреніп
Өнерлерін анаға бағыштайды, - дей келе МАД тобы оқушыларының тақпақтарын қабыл алыңыздар.

Мадина:
Өмірдің қызығы,
Өзіңсіз өтпейді.
Мен үшін анама,
Ешкім де жетпейді.
Әлпештеген анамыз,
Біз бақытты баламыз.
Оқып білім аламыз,
Жұлдық болып жанамыз.

Расул:
Ақ қабақты анашым,
Күн сәулелі анашым.
Әлпештеген баласын,
Айналайын анашым.

Наргиза:
Сыйлайыншы гүлімді,
Теріп алған даладан,
Мейрамыңыз бүгінгі,
Құтты болсын ана жан!
Бізді өсіріп баптаған,
Жақсы болсаң шаттанған.

Алишер:
Аналарды сүйеміз,
Сөзін ойға түйеміз.
Аналарды ардақтап,
Әдеппен бас иеміз.
Жақсы көрем күлкіңді,
Айналайын ақ анам.
Менің анам сүйкімді.
Бәрінен де жақсы адам.

Арина:
Бал бөбегін баптаған,
Анам үшін мақтанам.
Аялайтын біздерді,
Көп жасасын ақ мамам!
Әр сөзіңді жаттағам,
Жүрегімде сақтағам.
Анашым деп мақтанам,
Айналайын ақ мамам!

Мұғалім:
Ана деген – бастауы ұлылықтың
Ана деген - рәмізі сұлулықтың
Ана деген - бір жыр бар шырқалатын
Асқақтатар биікке ұрпақ атын
Олай болса 2 сыныпты қарсы алайық
Дауысына сүйсініп тамсанайық
Оқушылардың талантына тәнті болып,
Уа, халайық, жұмыла қол соғайық!
2 сыныптың орындауында ән мен би: «Ақ дидарлы анашым»

Мөлдір:
Дүниедегі ең ардақты асыл жан,
Анам менің мәпелеген жасымнан
Мен қуансам қуанады ол бірге
Мен қиналсам табылады қасымнан.
Маған қымбат жан жоқ сірә анадан,
Бар жақсылық аналардан тараған
Жер бетіне өмір нәрін себуші
Ана алдында борышты ғой бар адам.

Нұралы:
Ана десем – шешек атып жанары
Өмірімнің бастау алар жаңа әні
Ана деген тіршілікте пана боп
Әрбір үйде жұлдыз болып жанады.
Шуақты көктем келді гүлін алып
Көктемнің мерекесі бүгін анық.
Өмірдің көктемі де, гүлі де өзі
Ана деп бас иеді күллі халық.

Камила:
Аналарды ардақтаған халқымыз
Ертендерге жалғанады салтымыз
Аналардың , арулардың қызығы
Құтты болсын 8- ші наурызыңыз
Сіздер барда жүректерде жылу бар
Көктемдегі гүлдей жайнап тұрыңдар
Құтты болсын мерекесі көктемнің
Құтты болсын тойларыңыз аналар!

Алибек:
Ана деген-өмірдің мөлдір кәусәр бұлағы,
Ана деген-тіршіліктің шұғылалы шуағы.
Ана деген- теңдесі жоқ ұлылық,
Көз алдымда тұлғаң биік тұрады.
Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым
Тәтті ұйқыңды бөліп талай тіл қаттың.
Өміріме нәрін берді ақ сүтің
Кең құшағың –аясындай гүл бақтың.

Мұғалім:
Күнінде гүл көктемнің нұрын шашып,
Жасқанбай әр қадамын нық - нық басып,
Биімен көрерменді тәнті ететін
Бүлдіршіндер келді міне толқып, тасып - «Қоңырау» биі қарсы алыңыздар.
МАД тобының орындауында би: «Қоңырау»

Мұғалім: Жақсы көреді әжелерін,
Ойыншықтар да әпереді
Балабақшаға да әкеледі,
Жақсы қандай әжелері, Қариясы бар үйдің, қазынасы деп бекер айтпаған. Қазыналы әжелерімізді құттықтай отырып, өлеңдерімізді қабыл алыңыздар.

Алибек:
Жақсы көрем апамды,
Жүрем ылғи бірге еріп
Тауға мені апарды,
Талай қайттық гүл теріп.
Алтын апам ол менің,
Мені жақсы көреді.
Үйретеді өлеңін,
Ертегі айтып береді.

Нұралы:
Таусылмайды өлеңі,
Күнде айтып береді.
Барған сайын бір жаққа,
Кәмпит алып келеді.
Әжем мен, өйткені,
Өте жақсы көреді.

Камила:
Өскенде мен ал, енді,
Аралаймын әлемді.
Сыйлық әкеп әжеме,
Таңғалдырам бар елді.
Өте жақсы көремін,
Өйткені, мен әжемді.

Мұғалім: МАД тобының оындауында тақпақтар , сергіту сәтін тыңдайық.

Сахналық көрініс: «Көбейту кестесі»

Ата – аналармен ойын.

МАД тобы мен 2 сыныптың орындауында ән: «Менің анам алтын»

Енді құттықтау сөз кезегін тәрбие ісінің меңгерушісі Бапашова Айнур Муратовнаға береміз.
Қорытынды: Осымен 8-наурыз мейрамына арналған «Ана өмір шуағы» шағын ашық тәрбие сағатымыз аяқталды. Келгендеріңізге көп рахмет! Келесі кездескенше ел аман, жұрт тыныш болсын! Мерекелеріңізбен! Тәрбие.орг сайтынан Ана - өмір шуағы Тәрбие сағаты материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Касымжанова Гульсара Муратовна

Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы С.Т.Елгизек атындағы негізгі мектебі Бастауыш сынып мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar