Ана – өмір шуағы

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 343
  • Тәрбие сағаты
  • 18/Май/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22823


Облыс: Маңғыстау
Аудан / Қала: Бейнеу
Ауыл: Бейнеу
Мектеп: «Атамекен» КММ
Пәні: тәрбие сағаты
ФИО: Каракулова Айна Сагатдиновна
Тақырып: Ана – өмір шуағы

Мақсаты: ананың бойындағы ізгі қасиеттерді оқушыларға сезіндіру; оқушылардың өз анасына,барлық аналарға деген құрмет сезімін ұштап,оларға қамқор болуға тәрбиелеу;
Көрекілігі: гүлдер,плакаттар, маркерлер, шарлар, ұлағатты сөздер, слайд.
Сабақтың барысы:
Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Шуақты көктем келді гүлін алып,
Көктемнің мерекесі бүгін анық.
Өмірдің көктемі де, гүлі- аналар,
«Ана» деп басын иеді күллі халық.

Біз ғана емес қадір тұтқан балалар,
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген-тіршіліктің тірегі,
Амысыздар қасиетті Аналар!
Аяулы аналар,ардақты ұстаздар мен арулар! Сіздерді 8-наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтап, ғұмырыңызға саулық, өмірлеріңізге сәттілік тілейміз!
Ана – тіршілік гүлі,отбасының берекесі,бүкіл адамзаттың тәрбиешісі. Ендеше бүгінгі « Ана-өмір шуағы» атты ашық тәрбие жүргізуді асыл ұлдарымызға беремін.

1-жүргізуші:
Құтты болсын,ардақты ана ,
Асыл ана, мерекең.
Құтты болсын теңдік алған
Қуанышты берекең.

2-жүргізуші:
Дүниенің жарық күні- анамыз,
Дана болсақ анаменен данамыз.
Тыңдаңыздар көңіл қойып ағайын,
Анаға арнап әсем әнге саламыз.

Муалбаева Фатиманың орындауында ән «Анашым».

1-жүргізуші:
Өмірдің иесі сен, ғазиз Ана,
Келтірген дүниеге нелер дана.
Анасыз батыр да жоқ,ақын да жоқ,
Өмірдің алтын кілті сонда ғана.

2-жүргізуші:

Адамзат қуат алар ақ сүтіңнен,
Мәпелеп әлдилеген пиілі кең.
Аналық махаббатың- кәусар бұлақ,
Сөнбейтін ақ жүрегің- мәңгі шырақ.


Енді кезекті достарымыздың аналарына арнап жаттаған өлең- жырларына беремі

1-жүргізуші:1910 жылы Данияда Копенгаген қаласында революционерәйелдердің халықаралық коференциясы өтті.
Мінбеге Клара Цеткин шықты.Ол ақ шашты,қара көзді,орта жастағы адам еді.
«8-наурыз барша әйелдер қауымының мерекесіболсын» деген ұсыныс айтты.Ұсыныс бір ауыздан қабылданып «8-наурыз-Халықаралық әйелдер күні болып қабылданды.
2-жүргізуші:
Ана десем -алғыс алам халқымнан,
Ана десем- теңіз болам шалқыған.
Ана десем -ашылады қабағым,
Ана десем -әділдікті ұғамын.

«Ана біз үшін»

Ұлдар:



Қыздар:



1-жүргізуші: Ерте заманның бірінде қазақ даласына шабуыл жасаған дұшпанның қалың қолы бір қаланы қоршап алады.Қорғаннан өте алмаған жау қалаға кететін ауыз суды тоқтатып халықтың берілуін күтіпті.Бірнеше күн өтсе де қала берілмепті.Сонда дұшпанның әскебасы мынадай бұйрық шығарыпты.
«Қаладан көтергенше жүк алып әйелдердің кетуіне рұқсат етемін»дейді.Әйелдер бір-бір қапшық арқалап қаладан шығып кетеді.Дұшпан қалаға кіріп қараса бірде-бір еркек жоқ,әйелдерер азаматтарын қапқа салып көтеріп кетіпті. Кішкене қыздар балаларды,кемпірлер шалдарды көтеріп қаладан шығып кетіпті.
2-жүргізуші:Осылай бір халықты әйелдер аман алып қалған екен.
1-жүргізуші: Мұсылман қауымы «Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да қарызыңнан құтылмайсың» деген екен.
2-жүргізуші: Бәріміз де ана алдында борыштымыз.
Сол –борышты бізге өтеу міндет.
1-жүргізуші:
Арулар,аяулылар,ардақтылар,
Өмірдің жылуы боп қалмақ бұлар.
Арулар-тіршілікке күре тамыр,
Өмірді бір-біріне жалғап тұрар.
«Көктем биі»
2-жүргізуші:
Ана -өмір, қолдаушысы әлемнің,
Шаңырақтың шаттығы мен шуағы.
Сейілмесін жанарынан ананың,
Тіршілікке төккен нұрлы шуағы.

1-жүргізуші:
Аялайық аналарды әлдайым,
Қуанышқа бөлейікші өздерін.
Әжелердің,аналардың, қыздардың,
Мұң шалмасын күлім қаққан көздерін.
Қорытынды сөз: Әйел-Ана,Әйел-Өмір,Әйел-тіршілік өзегі. Өмір бесігінде іңгә тербетіп,адамзат баласына ұрпақ сыйлар ұлы құдірет иесінің есімі әрқашан да қастерлі,сөзі-өсиет, тұғыры-биік.
Қуанышқа бөленетін халықпыз,
Ана сыйлау- дәстүріміз,салтымыз.
Жыл-құсындай әр көкткм де келетін,
Құтты болсын 8-наурызымыз-
Құрметті ұстаздар, аяулы аналар,сіздерге бар жақсы игі тілектерді тілейміз.
( Гүл шоқтарын тапсыру рәсмі)

Аналар қалқып бақыт арнасында,
Лайым мұң қонбасын жанарына.
Салтанатты кешіміз аяқталды,
Гүл бітсің бәріңіздің қадамыңа.
дей келе бүгінгі «Ана -өмір шуағы» атты ашық тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Тәрбие.орг сайтынан Ана – өмір шуағы Тәрбие сағаты материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Каракулова Айна Сагатдиновна

Пікірлер: 0

avatar