«Ана, сенің жүрегіңдей жүрек жоқ»

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 589
  • Тәрбие сағаты
  • 10/Апр/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22573


Мақсаты: Аналарды, ұстаздарды, аруларды мерекелерімен құттықтау, ананы құрметтеу, қыз баланы сыйлау, парасатты, мейірімді болуға баулу.
Көрнекілігі: залды мерекеге сай безендіру, аналарға арналған құттықтау Алмас: 1 — жүргізуші:
Ана деген — жүректегі асыл ән,
«Ана — бақыт» деген сөзге қосылам.
Анаға арнап айта берсең сөз жетпес
Ол дегенің — өмірдегі асыл жан!
Қолқанат: 2 — жүргізуші:
Армысыздар, асыл аналар, ұлағатты ұстаздар, аяулы арулар! Сіздерді
8 — наурыз «Халықаралық әйелдер» күні мерекесімен құттықтаймыз!
1 — жүргізуші:
Дүниедегі барлық өмірдің сарқылмас бұлағы — ана. Ақын да, батыр да анадан туады.
Ана — үйдің берекесі, қыз баланың өнегесі, отбасының темір қазығы, шаруаның несібесі.
Ананың көзінен төгілген нұр жан — жағына шуағын шашады, олай болса
— Балалар, сендерге осы жарық дүниені сыйлаған кім?
— Ана
2 — жүргізуші:
«Өмірде ана — бұлақ, ана — пана
Өмірді өркендетер ана ғана»- дей келе бүгінгі 5 сыныбымызда өткелі отырған «Ана, сенің жүрегіңдей жүрек жоқ » атты кешімізді ашық деп жариялаймыз.
1 — жүргізуші:
Армысыз, еліміздің асылдары,
Жайнаған көңілдердің жасыл бағы
Сіздер үшін ән мен күй, жыр менен би,
Сіздер үшін мереке шашулары.
Ән: « Ана туралы жыр» хор. Тәрбие.орг сайтынан «Ана, сенің жүрегіңдей жүрек жоқ» Тәрбие сағаты материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Мухтарова Айтканым Булатовна

Батыс Қазақстан обл. Зеленов ауданы, Факел ауылы, Подхоз жалпы білім беретін негізгі мектебі Математика және физика пәндерінің 3-ші деңгейлі сертификатталған, 1-ші санатты мұғалі

Пікірлер: 0

avatar