Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Ана тілім – жүрек үнім
  • 26.11.2016
  • 120 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 20218

Ана тілім – жүрек үнім
Шамшиева А.Ш-5 «а»класының жетекшісі
Мақсаты: 1. Ана тілінің қадір-қасиетін ұға білуге, оны өшпес мұра етіп сақтап,
ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуге тәрбиелеу.
2. Поэзияны сүюге баулу, мәнерлеп оқуға машықтану, сөздің мәнін жете түсіну, өлеңді мәнерлеп, нақышына келтіріп оқу қабілетін дамыту.

Сабақ барысы:Ұйымдастыру бөлімі
Дарын: Қайырлы күн! Ана тілін ардақ тұтар тіл жанашырлары!
Салтанат: Армысыздар, өрлі де, асқақ рухты тәуелсіз елдің жас ұландары!
Дарын: Қазақ тілім-саялаған нұр бағым,
Қазақ тілім-ана тілім,ардағым.
Сен арқылы жетіп жатыр өмірге
Жан сырларым, тілегім, бар арманым.
Салтанат: Құрметті ұстаздар, оқушылар! Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 1998 жылдың 20 қаңтарындағы жарлығына сәйкес 22 қыркүйек Қазақстан халықтары тілдері күні ретінде аталып келеді.
Дарын: Қазақстан Республикасының Тіл туралы заңы 1989 жылы 22 қыркүйекте қабылданып, қазақ тілі мемлекеттік мәртебеге ие болды. Тіл туралы заңда «Тіл – халықтың ұлы жетістігі әрі оның ажырамайтын және бөлінбейтін белгісі» делінген. Өткір тілді, дархан пейілді, тәуелсіз қазақ елінің «Тілдер мерекесі» күні баршаңызға құтты болсын!

Салтанат: Тәуелсіз нұрланды елім азат күннен,
Аңсаған азаттықты қазақпын мен!
Жыр жазам мен осынау ғажап тілмен!
Мерекелік ән «Ананың тілі – аяулы үні» орындайтын Рапильбекова Гүлден Дарын: Туған тілім-тірлігімнің айғағы
Тілім барда айтылар сыр ойдағы.
Өссе тілім, мен де бірге өсемін,
Өшсе тілім, мен де бірге өшемін,- деп Әбділдә Тәжібаев ағамыз жырлағандай, ана тіліміздің қадір-қасиетін арттырып, ұлттық тіліміздің мәртебесін асқақтататын, ой-өрісімізді кеңейтіп, ұлттық намысымызды танытатын «Ана тілім – жүрек үнім» атты ашық тәрбие сабағымызды бастауға рұқсат етіңіздер!
Салтанат: Қазақ тілі – туын биік ұстаған,
Қазақ тілі – кең далама ұқсаған.
Қазақ тілі – мәртебелі еңселі,
Құрметтеп отыр бүгін ел сені!
Дарын: Қасиетің ана тіл, аз ба сенің?!
Өзің барда ескірмес тозбас елім
Сен болмасаң ұлы Абай ақын болып,
Мұқағали отты өлең жазбас еді,- алдарыңызда көркем сөз оқудың майталмандарын шақырайық!
Әсем: Тілім барда сайра мәңгі қазағым,
Тілім барда көкке өрлеп барамын.
Өз тіліңді құрметтемей, қор қылсаң,
Көп сүрініп, көрерсің өмір азабын.
Тіл арқылы талай ақын, жазушы,
Жырға қосқан қазақтың кең даласын
Өседі, өркендейді
Тіл арқылы бүкіл қазақ баласы.
Ата-бабам шындықты айтып тілменен,
Үйреніп бәрін келеміз сол жолменен.


.
Тілмен шебер ғалым, әнші, жазушы,
Ішкі ойын әлемге анық жеткізген.
Жүйрік тілім, сайрай берші, сүрінбе,
Сен бар жерде көтерілем белеске.
Құдіретіңді, қасиетіңді халқына
Айтып кеткен ата-бабам емес пе?
Орынгүл: Ана тілі – бабам тілі ардақты,
Менің балғын жүрегімді баурапты.
Ана тілде сөйлеп менің көмейім,
Бар әлемге дос болып тұр жан-жақты.
Сенен таптым баға жетпес сөздерді,
Бай тілімнен жан дүнием өзгерді.
Қасиетті ана сүті арқылы,
Ана тілім жүрегіме бірге енді
Қайда барсам сен арқылы демалам,
Ардақтасын қасиетіңді бар адам.
Ана тілім, сен сұңқардай самғай бер,
Ең биікке өз Отанын қалаған.
Іңкәр: Тілім барда мақтанам да шаттанам,
Тілсіз ешбір бақытты таң атпаған
Қазақ тілі – мемлекеттің тілі ол,
Сол ғой менің елдігімді сақтаған.
Ана тілім – көкте ұшқан қыраным,
Сағыныштан шырқап салған жыр-әнім.
Басқа тілде сөйлесеңдер қазақтар,
Ана тілге жаным ашып тұрады.
Тілім менің – рәміздердің тірегі,
Қазақ тілін барлық халық біледі.
Сенімдімін, қазақ тілі басқа тілден,
Бақытты да ұзақ ғұмыр сүреді.

Оян, қазақ, ана тілін сақтайық,
Оны күтіп, ұмытпай біз баптайық.
Ана тілі – ата-баба мұрасы,
Байлыққа оны, арсыздарға сатпайық!

Дильназ: Қазақ тілі, ана тілі – айбыным
Ана тілсіз өтті менің қай күнім?
Сыйлап өткен ғажап тілді бабамыз
Сөйлеп өткен шешендер мен данамыз.

Туған тілім сәбилерді сөйлетті,
Шешендер мен көсемдерді сыйлы етті.
Ұлт тілінде «ұлым» деді әкем де,
Қазақ тілін қадірлеуге үйретті.
Ясира: Ана тілім – еркін жүзер айдыным,
Тіршілікте жалғыз сол ғой бар мұңым!
Өйткені ол бабалардан аманат –
Болды менің арқа сүйер айбыным!
Ана тілім – адастырмас шырағым,
Ана тілім – шуағы мол жұмағым.
Арнасынан асып-тасып шалқыған
Менің мәңгі сарқылмайтын бұлағым!
Ана тілдің жолында көп сор кесір,
Ей, жас ұрпақ, сол кесірді тез өшір!
Ана тілдің мәртебесі күшейсе,
Онда елдің қуанышы көл-көсір!


Дарын: Тіл біздің санамызда, арымызда,
Жақын ғой өз тіліміз жанымызға.
Сендерді мен мақтамай кім мақтайды?
Ұлттық намыс, шешендік бар қанымызда.
Салтанат: Дарын, расында да, қазақ шешендік өнері – атадан мирас болып, алтын баулы желісі үзілмей келе жатқан ардақты өнер, олай болса, біздің сынып оқушыларының би-шешен, ақын-жазушыларымыздың айтқан өсиеттерін жатқа мәнерлеп оқығанын тыңдайық!
Бекжан: Тілден биік асқар жоқ,
Тілден асқан байлық жоқ,
Тілден терең теңіз Ғ. Мүсірепов
Алимир: Ана тілімізге мән бермеушілік, оны құрметтемеушілік – шынайы патриоттарды тәрбиелеу жұмысына үлкен зия Б. Момышұлы
Дидар: Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту. Б. Момышұлы
Нұрсаят: Тіл - аса қадірлеп ұстайтын байлығымыз Ғ.Мүсірепов
Даулет: Қай халықтың тілі неғұрлым бай болса, өзге тілдермен араласуы да соғұрлым басымырақ келеді. М. Әуезов
Арсен: Су түбінде асыл тас,
Жел толқытса шығады.
Ой түбінде асыл сөз,
Шер толқытса шығады. Асан Қайғы
Ислам: Ақылмен ойлап тапқан сөз
Дарымас бойға сырғанар.
Жүректен толқып шыққан сөз,
Бар тамырыңды қуалар.
Абай
Рахат: Жақсының аты өлмейді,
Әлімнің хаты өлмейді.
Бұқар Қалқаманұлы
Дарын: Биыл еліміздің тәуелсіздік алғанына 25 жыл. 25 жылдың ішінде әлемге әйгілі дүние жүзі таныған өркениетті ел болдық, өмірдегі ең өзекті, сарқылмайтын мол алтына қазына – білім-өнер.
Салтанат: Тәуелсіздік – елдігім, еркіндігім, тарихым, тілім, дінім, келесі кезекте «Тәуелсіздік тұғыры» атты сахналық қойылымды тамашалаңыздар.
Дарын: Туған тілім! Тас бұлақтың тұнығы да сенде!
Салтанат: Туған тілім! Ана сүтінің жұғымы да сенде!
Дарын: Туған тілім! Райхан гүлдің жұпары да сенде!
Салтанат: Туған тілім! Мәжнүн ғашықтың іңкәрі де сенде!
Дарын: Туған тілім! Қыран құстың жанары да сенде!
Салтанат: Бұл жанды тіл – менің азат тілім,
Жадымда талмай самғар қанат тілім.
Жыры қуат, сөзі – ана уызындай,
Бірге: Жасай бер, Ана тілім – Қазақ тілім!
Дарын: Ана тіліміздің мәртебесі асқақтай берсін! Бүгінгі ашық тәрбие сабағымызды көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет, қош сау болыңыздар! Тәрбие.орг сайтынан Ана тілім – жүрек үнім Тәрбие сағаты материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Шамшиева А.Ш

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Тәрбие сағаты | Логин: Публикатор | Ілмек сөздер: Тәрбие сағаты, жүрек, Ана, үнім, тілім
Көрсетілім: 120 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar