Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
«Анамызға мың алғыс»
  • 19.04.2016
  • 518 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 18716

Құмарова Айшолпан Оспанқызы
Атырау қаласы, Ақжар селосы
№59 «Ақбөбек» балабақша тәрбиешісі

Тақырыбы: «Анамызға мың алғыс»
Мақсаты: Балалардың мерекеге деген қызығушылығын арттыру.Көңіл күйлерін көтеру.Көктем келбетін сезәну.Жақсылыққа,достыққа,бір-біріне бауырмалдылық көрсетуге тәрбиелеу.
Кейіпкерлер: Қуыршақ,Мысық.
Меркелік шараның жүру барысы:
Жүргізуші: Құрметті ата-аналар,ұстаздар,және әдемі бүлдіршін қыздарымыз бүгінгі көктемнің алғашқы мерекесі 8-ші Наурыз халықаралық әйелдер күніне арналған «Анамызға мың алғыс» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер.
Ана деген өмірдегі ұлы есім
Бақ тілесе анадай-ақ тілесін
Ана деген ардақты ат,сен оны
Ана жайлы ән тыңдасаң білесің.
Қане балалар әжелерімізге арналған «Ақ әжем » әнін бәріміз бірге орындайық.
Біздің балаларымыздың аналарына арналған тақпақтарын тыңдайық.
1. Медина:Бізді өсіріп баптаған
Жақсы болсақ шаттанған
Алтыным деп мақтаған Айналайын ақ мамам
2. С.Айзере: Әр сөзіңді жаттағам
Жүрегімде сақтағам
Анашым деп мақтанам
Айналайын ақ мамам
3.Исмайл: Біз доспыз гүлдермен
Тек оны жұлмаймыз
Той күні бір-бірден
Анамызға сыйлаймыз.
4.Аяулым:Баланыңда тірегі
Дананыңда тілегі
Ауырмасын ешқашан
Анамыздың жүрегі.
Көңілді әуенмен залға қуыршақ кіреді.
Қуыршақ: Мен көңілді қуыршақ
Қарақатпын әдемі
Ойын ойнап би билеп
Көтерейік көңілді
Алақанды соғайық
Аяқты да қозғайық
Барлық бала бірігіп
Көтерейік көңілді
Аналарды құттықтап,
Би билейік шаттанып.
Қуыршақ: Қане бүлдіршін қыздар менімен бірге көңіл көтеріп «Көңілді қуыршақтар» биін билейікші.
Би «Көңілді қуыршақтар»
Қуыршақ: Балалар,менің аяғым шаршады,мен кішкене дем алып алайыншы.
Жүргізуші: Жарайды қуыршақ сен демалып ал.Біздің балалар аналарына,әжелеріне,топ қыздарына арнап тақтапқтар айтады,сенде тыңдап бүлдіршіндермен көңіліңді көтеріп отыр.
1.Исмайл: Біз дспыз гүлдермен
Тек оны жұлмаймыз.
Той күні бір-бірден
Анамызға сыйлаймыз.
2.Дәулет: Бал бөбегін баптаған
Мамам үшін мақтанам
3.Азиза: Ақ бетінен сүйемін
Келші,келші ақ мамам
4.Аймекен:Анам менің анашым
Сені жақсы көремін.
Мерекемен б.гінгі
Құттықтаймын мен сізді
5.Сайда:Құтты болсын апатай
Құтты болсын мерекең
6.Зере:Менің әжем майым
Аспандағы айым
Менің әжем болмаса
Не болады жайым
Әуенмен топқа мысық кіреді:
Сәлеметсіңдер ме әдемі бүлдіршіндер!Мен әдемі мысықпын,мяу-мяу-мяу.Жүгіре аламын,жылы жерже ұйықтағанды жақсы көремін.Меннен тышқандар қорқады.Бірақ балалар мен ұйықтап қалып мамамнан адасып қалдым.Білмеймін енді не қылсам болады?
Жүргізуші:Сәлеметсіңбе мысық! басе неге мына мысық көңілсіз десем ананнан адасып жүр екенсіңғой.Мысық қане көңіліңді көтер бүгін бізде аналарымыздың мерекесі.
Мысық:Иә мен аналардың мерекесіне қардан тоқаш илеп едім,қар еріп су болып ағып кетті.Енді не істеймін.Ой басым ауырып кетті.
Жүргізуші:Балалар бәріміз мысыққа көмектесейікші.Қане мүмкін қуыршақ көмектесер анасын тауып беріп және оған тоқашты қалай илеу керек екенін.
(Қуыршақ ұйықтап жатады)
Жүргізуші: Балалар қуыршақ ұйықтап жатыр,ұане оны ұйқысынан қолмызды шапалақтап оятайықшы.
Қуыршақ:Ой мен сондай тәтті ұйықтап қалыппын,бізар демалып алдым.Сәлеметсіңбе мысық!Неге көңілсізсің?
Мысық:Қуыршақ сен маған көмектесші анамды тауып беруге және тоқашты қалай илеу керек екенін.
Қуыршақ: Жарайды ананды тауып берермін бірақ тоқашты қардан емес ұннан илеп пісіреді. Мен саған тәтті тоқаш берейін.Міне ұннан илеген тоқаш осындай болады.
Мысық: Иә рахмет енді білдім.
Жүргізуші:
Балалардың аналарға арналған «Апам үшін» әнін тыңдайық.Қабыл алыңыздар.
Мысық: жарайсыңдар балалар,енді мен тоқашты дәмді етіп пісіремін.Ал мына тоқашты анама беремін.
Жүргізуші:Мысық сен біздің балаларға қандай қызық алып келдің?
Қуыршақ болса қуыршақ биін алып келіп қыздарымызды қуыршақ биімен қуантты.Ал сен не әкелдің?
Мысық: Онда мен бүлдіршіндеріммен бірге ойын ойнайын. «Түрлі түсті шарды жинау».
Жүргізуші: Құтты болсын осы шаттық күніңіз
Бақытты да ұзақ өмір сүріңіз
Қуанышт жүзіңізбен әрдайым.
Бұл өмірде кұліп қана жүріңіз.
Көңіл бөліп тыңдағандарыңызға рахмет.Осымен «Балбөбек» тобының «Анамызға мың алғыс» атты мерекелік шарамыз аяқталды.Сау болыңыздар. Тәрбие.орг сайтынан «Анамызға мың алғыс» Тәрбие сағаты материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Құмарова Айшолпан Оспанқызы

Атырау қаласы, Ақжар селосы №59 "Ақбөбек" балабақшасы тәрбиеші

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Тәрбие сағаты
Көрсетілім: 518 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar