«Қарағайдың қарсы біткен бұтағы» атты қайсар ақын – Қасым Аманжоловтың 105 жылдық мерейтойына арналған тәрбие сағаты

  • Жүктеулер: 1
  • Көрсетілім: 232
  • Тәрбие сағаты
  • 05/Апр/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22499


«Қарағайдың қарсы біткен бұтағы» атты қайсар ақын –
Қасым Аманжоловтың 105 жылдық мерейтойына арналған
тәрбие сағаты


Мақсаты: білімділік - алтынның көзі, асылдың сынығы, қайсар ақын, тума талант, иесі Қ.Аманжоловтың өмірі және шығармашылығымен оқушыларды кеңірек таныстыру.
Дамытушылық - оқушылардың әдебиетке деген ынтасын арттыру, көркем сөз оқу шеберлігін, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, әдебиетті, өнерді, сезімді, өмірді бағалауға үйрету.
Тәрбиелік - ақынның адами болмысын, ойлары арқылы оқушыларды адамгершілікке, отансүйгіштікке, қайсарлыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: әдеби кітаптармен газеттер, нақыл сөздер, ақынның өмірін толық қамтитын слаидпен видеоролик.
Тәрбие сағаттың түрі: сын тұрғысынан ойлау
Мұғалім: Д.К. Биыл Қасым Аманжоловтың 105 жылдық мерейтойы осы іс-шараға қатысты жер-жерлерде ақынға арналып түрлі іс-шаралар өтуде. Бізде сол сынды кішкене болса да, өз үлесімізді қоспақпыз. «Өзге емес, өзім айтам өз жайымда» деп жырлаған қайсар ақынымыздың өзіндік ерекшелігімен өжеттілігін ашу. Бұл күнде халықтың сүйікті ақыны Қасым Аманжоловтың жарқын бейнесі ел жүрегінде.
«Ән- көңілдің ажары»
Ақынның «Өзім туралы» әні Видеоролик. . Видеоролик (10мин.)

Мұғалім: Гүлжайна.
Қасым - өзінің өртке тиген өлеңдерімен ізгілікке тәнті болып, бүкіл қазақ халқының асқақ рухын аспанға көтерген ақын.
Балалар, ақын бойынан қандай қасиетті байқадыңдар? Оқушылар мына сынды жауаптарды айта жөнеледі: қарапайым, әділ, тума талант, бір сөзді, көргенді, қайсар, халық үшін туған перзент. Әр оқушы осылай өз ойын айтып жатады.
«Қасым солай болмаса» өмірбаянына шолу. Слайд.
1.Қ А Р 1911 жылы қазіргі Қарағанды облысы Қарқаралы ауданында туылған.
2.Ақын мұсылманша хат танып, қозы жайып, отпен кіріп, күлмен шығып, табиғат аясында шыңдалған.Алғыр зеректігінің арқасында мектепті сауатты бітірген.
1.Семейде мал дәрігерлік техникумын бітіріп (1930), 1931 жылы Ленинградқа барып орман шаруашылығы институтына түседі. Бірақ-та денсаулығына байланысты оқи алмаиды.
2. «Лениншіл жас» газетінде (Қаз. «Жас Алаш») жұмыс істеген.
1.Ұлы Отан соғысына қатысқан.
2.Қасым Аманжоловтың зайыбы-Сақыпжамал, сүйікті қыздары: Жанна мен Дариға.
1.Тұңғыш шығармалар жинағы «Өмір сыры» деген атпен 1938 жылы жарық көрген.
2.Етене араласқан достар:Т.Әлімқұлов, Ғабдол Сменов, С.Адамбеков,Т.Жараков, С.Мәуленов, Ғ.Қайырбеков.
1.Өнерден де кенде емес: домбыра, скрипка, акардион, мондалинада ойнай алған.
2.Поэмалары: Байқал, Оралым, Подполковник Альпин,Ақын өлімі туралы аңыз.
1. «Дариға сол қыз», «Туған жер», «Өзім туралы» шығармалары халықтың сүйікті әндеріне айналған,
2.А.С.Пушкиннің, Лермонтовтың, әзірбайжан ақыны Низамидің, Украин ақыны Шевченконың шығармаларын қазақ тіліне аударған.
1.Бұл күнде ақынның қос қызы Жанна мен Дариға әкесінің көзіндей.
2,Ақын шығармалары орыс тіліне аударылған.Қарағандыда Қ.Аманжоловтың құрметіне көше аталған.Қарқаралы ауданындағы бұрынғы Фрунзе совхозына Қасым Аманжоловтың есімі берілген.
1.Ақын халқының тума перзенті.
2.Ұлт әдебиетіне өлшеусіз үлес қосқан ақынымызға еріксіз бас иеміз.
( Осылай Балбибі мен Ернұр шолу жасайды)
«Өмірге келер әлі талай Қасым» ақынға арнау өлеңдер оқу
Қасым атаға арнау (Перизат)
Қасым ата биіксің өр тұлғалы,
Сені есіме түсіргім кеп тұрады.
Сенің жазған өлеңің жүрегімде,
Елжіретіп тербетіп бір қоздырғаны.
Бұлтқа бөлеп дауыл шайқап туғызған,
Сырлы сөзден күмбез бейне тұрғызған.
Жастарға үміт артып бұл күнде,
Қарайсың ау аспандағы жұлдыздан.
Қасымы еді қазақтың (Қабидолла)
Қазақта Қасым деген бір ұл туған,
Кешегі Абай,Жамбыл жолын қуған.
Келіп-кететін бұл дүниеде,
Ұмытылмас Қасым деген дара туған.
Бұл өмірге келеді небір ақын,
Артынан өшпестей бер із қалдыратын.
Жалындаған қазақтың бұл өлеңі,
Қасым ағаға арнағым кеп тұрады.
«Көктем» өлеңін 1,2-сынып оқушылары орындайды.
Сансыз көкек сұңқылдап,
Көктем келді ертелеп,
Нәзік үнмен сыңқылдап,
Бұйра бұлақ еркелеп.
Асау өзен арқырап,
Асқар таудан дүркіреп,
Айдын жатыр жарқырап,
Алды дала бір түлеп.

Алақанын тұр жайып
Жас ағашта жапырақ,
Балғын өмір ғажайып
Жас дауыспен жамырап.

Ботакөз:
Елу жаста елім бар деп айта алмай,
Кетпес естен күйінгенің, мұңлы Абай.
Елім бар деп айтатын бір туды күн,
Елім бар деп шырқатайын мен бүгін,
Қойсын енді Қорқыт күйін сарнамай.
Атам Абай, арманыңа бер тыным,
Сен таппасаң, біздер таптық жер тыңын.
«Гүлжазира», «Жерұйықтан» кем бе екен
Мынау дала, біздер өскен кең мекен -
Қызыл тулы ел Қазақстан дейтұғын!
Көкше, Баян, Қарқаралы, Алатау,
Тоңы - алтын, түгі - торқа жер мынау!
Қарағанды - қара қазан қайнаған,
Дүние-байлық тұрған жайнап айналам,
Елдігіме етер шүбә қандай жау?!
Перизат:
Дүрсілдейді сонау Балқаш жағасы,
Баршы өзің, көңіл қойып тыңдашы!
Тұр ғой соғып туған дала жүрегі,
Кім қызықтап, мақтан етпес бұл жерді,
Бақытыңа қуан, қазақ баласы!
Кең далалы, кең пейілді қазақпыз,
Құл емеспіз, еркін жанбыз, азатпыз.
Ел намысын ешбір жауға бермейміз,
Өмірді алға бастырамыз, өрлейміз -
Сертің осы, азат жігіт, азат қыз!
Байтақ Отан - туып-өскен өз елім,
Өмірімдей өршіп аққан өзенім!
Назерке:
Артым жақсы, алдым қандай тамаша,
«Бөтен елдің падишасы болғанша,
Өз елімнің терсем артық тезегін!»
Қуанамын, көрсем атты қазақты
Ән шырқаған алшы тастап тымақты.
Қуанамын шапқанына құйғытып,
Қанаттанып, алыс жолды тез ұтып,
Огты көзбен тұрса шолып жан-жақты.
Аралашы Алматының көшесін,
Емендермен егесе сен өсесің.
Талғар тауда тудай жайнап талабың,
Бой ұрасың мұхитына даланың,
Қайтарам деп өміріңнің есесін.
Туған бала құба құмда, жер үйде,
Тоқсан томды алдына алып ҚазПИде,
Отыр дүние архивтарын ақтарып,
Соны көріп сүйсінем де мақтанып,
Кетем жырлап, қосылам да бір күйге.
Нұрәділ:
Тау қопарған, көлді көлге қотарған,
Біз ерлерміз алғыс алған Отаннан.
Туған жердің салмақтап сом алтынын,
Содан ұғып келешегін халқының
Жүрген жасты жырлап өтсем, жоқ арман.
Кемпір көрем көк өзендей күй төккен,
Шалды көрем жыр ұшырған көкіректен.
Қызымыз бар құралай көз, қара шаш,
Күлкісі - күн, сайрап кетсе - сандуғаш,
Жігітіміз барабар жас түлекпен.
Айнұр:
Көк құрыштан құйылғандай бір елміз,
Әрі биік, әрі кеңбіз, тереңбіз.
Әніміз бар асқақ жалау сықылды,
Көтерілсе - тік көтерер жұртымды,
Біз дүниеге мәңгілікке келгенбіз.
Елу жаста елім бар деп айта алмай,
Кетпес естен күйінгенің, мұңлы Абай.
Елім бар деп айтатын бір туды күн,
Елім бар деп шырқатамын мен бүгін,
Еркелеймін кең даламда баладай.
Қазақстан дейтін менің бар елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін!
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далада атам қолға ту алған,
Бұл далаға жылап келіп уанғам,
Бұл даланы көріп алғаш қуанғам,
Бұл далада өскен жанда жоқ арман!
Медет:
Балқаш
Көргенімде сені алғаш,
Көл едің бір жап-жалаңаш.
Келдім тағы, койныңды аш,
Ұлы Балқаш, нұрлы Балқаш.
Өзгеріпсің таңғажайып,
Құшағынды еркін жайып.
Сәулетті үй, сәнді сарай,
Көз тойғысыз қарай-қарай.
Сені мұнша кім өзгерткен,
Елін қалай тез ер жеткен?!
Ұлы Балқаш, ойлы Балқаш,
Туған жерге нұрыңды шаш

Дільназ :
Алатау
Алатау бұлт асырмай асқарынан,
Тұр қарап туған дала аспанынан.
Асылып Алатауға ай менен күн,
Жарқылдап шұғыла шашқан тастарынан.
Алға алып кең даласы - дастарханын,
Алатау - ашқандай той ақсақалым.
Жаңғыртып жер сарайын ән шырқаймыз,
Ту етіп туған халық жақсы атағын.
Құшақтап Қазақстан астанасын,
Алысқа, Алатауым, көз саласың.
Алатау - айдын дала қариясы
Көтерген төбесіне өз баласын.

Абай арманы.Аяулым
«Адасып, алаңдама жол таба алмай,
Берірек түзу жолға шық, қамалмай.
He ғылым жоқ, немесе еңбек те жоқ,
Ең болмаса кеттің ғой мал баға алмай»,
Деген сөзі ақынның қайнап іште,
Келе жаттық жүйткітіп шаңқай түсте.
Көсіліп арыстандай жатты Шыңғыс,
Сенген соң бойындағы алып күшке.
Келе жаттық кең қорық Жидебайға,
Қарауыл қалды артта әлдеқайда.
Кернеген көкіректі көп сыр жатыр,
Келеміз айтарлықтай соны Абайға...
Айдынның аралындай бір дөңесте
Тұр қыстау талай сырды салып еске.
Еркіндеп араладық әр бөлмесін,
Абайдың еркелері біз емес пе!
Бейіт тұр кәдімгі ескі, төрт қүлақты,
Япыр-ай, ақын бұған қалай жатты?!
Тіл қатпас түсі суық, сұп-сұр мола,
Сезе ме қуанышты, махаббатты...
Қария жас көңілді, жүзі бір нарт-
Әрі әнші, әрі күйші, өзі жомарт, Алдияр
Көп сырды көңілдегі берді шешіп
Абайдың немересі Исраил қарт:
- Жігіттер, келіпсіздер Абайды іздеп:
Маған да ишаратпен «қалайсыз?» деп.
Ризамын! Ойламаған екенсіңдер
Абайдың ескі жұрты Абайсыз деп.
Сөзімде, ескертерсіз, болса қатам,
Ақынға мекен болмас зират пен там.
Аралап туған елін кеткен еді
Сенің де, менің дағы Абай атам.
Атаңның аңсағаны сендер едің,
Әрқайссыңды атаңа тең дер едім,
Ғылым, еңбек, бар бақыт өздерінде,
Осы емес пе, қарағым, ең керегің.
Жұттай қысып бір кезде қатал заман,
Оны жырлап берген-ді атаң саған.
Үнін естіп бүгінгі бақыттының,
Атаң шыдап қабірде жата алмаған, -
Деген сөзі зерделі қарияның
Бір сілкінтті ақынның өр қиялын.

Би: 1-сынып оқушысы. Айсұлу.
Көрініс. Тілші қыздың Дариға апаймен сұхпатының көрінісі.
Тілші: Сәлеметсізбе, Дариға апай!
Дариға апай: Сәлеметсіңбе қалқам!
Тілші: Сізге бүгінгі атбасымыздың бұрыуының басты сыры аға жайында сыр шерту...
Дариға апай: Бұл сұраққа маған жауап беру қиын
Тілші:Әр әке-шеше өз баласының өмірге келген соң, белгілі бір маман иесі болғанын қалайды.Ал сіздің кім болғаныңызды қалаған?
Дариға апай: Әкем мені сазгер болса деген екен
Тілші:Сіздің әкеңізбен анаңыз қалай танысқан?
Дариға апай:Әкем Орал қаласындағы «Екпінді құрылыс» газетінде жұмыс істеп жүріп, әскери адам Әнуармен танысады. Әнуар үйіне қонаққа шақырады.Әнуардың әйелі, яғни, мына менің анама әкем ессіз ғашық болып қалыпты.
Тілші:Күйеуі балалары бар келіншек қызық екен...
Дариға апай: Біреуді ұнату ғашық болу сезімге бағынбайтын іс екен.Әнуар Киевте жүрген кезде туыстары хат жазыпты «Сенің әйеліңе біреу ғашық болып қалыпты» деп, бірақ Әнуар сол кезде былай деп жауап беріпті :«Әр ақынға муза керек, ол бар болғаны муза» депті. Әкем сол кезде анамды өмір бойы күтетінін айтыпты. Кемпір болсада сүйе беретінін айтыпты. Міне сол кезде сұрапыл соғыс басталып 1943 жылы анама қаралы қағаз келкеді.1943 жылы Әнуар күйеуі Велики Луки қаласында қаза болады.
Тілші:Ақын Қасым ше,соғыс уақытысында қайда болған?
Дариға апай:Соғыс басталысымен ол кісі майданға өз еркімен барады.Алайда оны басшылық журналистикадан хабары бар болған соң, «Алға Батысқа» деген газетке жұмысқа жібереді.Соғыста жүріп газет беттеріне мақала жазады.
Тілші: «Дариға сол қыз» өлеңі анаңызға шығарған өлең бе?
Дариға апай: Иә.Анама көңіл айтуға келгенде былай депті: «Құдай куә мен Әнуарға өлім тілеген жоқпын.Енді осылай болған екен маған күйеуге шық»-, депті.
Тілші: Анаңыз да Қасым ағаны іштей ұнатқан ба екен?
Дариға апай:Анам оған жалынды махаббаты болмағанын айтушы еді.
Тілші:Сонда әкеңіз бен анаңыз қай жылы заңды некеге тұрды?
Дариға апай: 1946 жылы
Тілші: Ол жылдары кітабы шыққан ақын жазушылар қалам ақысы қомақты болған деседі ғой.Әке-шешеңізді бір байқап қалған шығарсыз?
Дариға апай: Иә.Әжептеуір қаламақы алады екен ғой.
Тілші:Әкеңіздің қандай сөзі жаныңызда сақталып қалған?
Дариға апай: Өмірде қуанышта да реніште де тұла бойыңды тік ұстау.
Тілші:Сұхбатыңызға рахмет!
Жас ақын «Жамбылдың» өлеңін тамашалау. Видеоролик
«Дүниеге келер әлі талай Қасым,
Олар да бұл Қасымды бір байқасын»-демекші айтыс өнерін тамашалаңыз.
1.Аманбаев Нұрсұлтан
2.Шәріп Нұрай
1.Ассалаумағалейкум халқым менің,
Әрбір сөздің ұғатын нарқын кенін.
Күніне жүз ойланып жүз толғанам,
Қазақтың қайсар ақыны Қасым ата,
Толыпты бүгінде 105 жасқа да.

2.Жалынды жырды ақтарып,
Ақынның мерей тойында.
Сәлем бердім жалпы жұрт,
Тәуелсіздің ақ таңында.

1.Азаттық үшін күресіп,
Шындықтың шырмауын шешем деп.
Отты жырларын ақтарып,
Кез-келген жанның көңіліне,
Сүбелі сырлы ой салып,

2.Өлді деуге болама,
Өр тұлғалы бейнең бар.
Қайсарлықтың нышаны,
Сезіліп тұрар жырымда.

1.Арманың жоқ дер едім,
Әр қазақтың баласы.
Біледі бүгін өзіңді,
«Өзім туралы» арқылы.

2.Арызын жазып жастарға,
Артында қалған өлеңі.
Қасым аға есімің ,
Әрқайсымыздың жүрегімізде сақталмақ.

1.Қасым Аманжолов хақында,
Айтылар сыр әлі де.
Сырлы сөздер ақтарып,
Ақынның ұлы тойына.
Мұғалім. Гүлжайна
Қасым қайда жүрсе де,кеудесін жарып бара жатқан арқалы сөз-әдебиет ауылына әкеліп қосақтады.
Әйгілі Иса Байзақов қасына ағалап ерген Қасым баланы: «Азу тісі балғадай шын ақын»- деген екен.Ал халқымыздың ұлтжанды ақыны Мұхтар Шаханов қалай бағалағанын «Қасымды бағаламаған адам хақында» атты өлеңінен байқауға болады.
Мұғалім. Д.К
Қасым десем ойыма...
Ей,тәкаппар дүние,
Мағанда бір қарашы.
Танисыңба сен мені,
Мен- Қазақтың баласы.
Міне, осы өлеңнің өзінде батырлықтың бейнесі де сомдалып тұр.Иә, осылай болмаса несі Қасым.
Қасым халқымыздың адал һәм ардақты ұлы болды.
Қорытынды.
.Елін-жұртын шексіз сүйе білген Қасым Аманжоловтың құрметіне еріксіз бас иеміз. Осылай ашық тәрбие сағатымыз өз мәресіне жетеді. Тәрбие.орг сайтынан «Қарағайдың қарсы біткен бұтағы» атты қайсар ақын – Қасым Аманжоловтың 105 жылдық мерейтойына арналған тәрбие сағаты Тәрбие сағаты материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Ахметчина Дидар Казкеновна

Приозерск қаласы, №2 жалпы орта мектебі Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar