Армысың,Алтын - күз!

  • Жүктеулер: 4
  • Көрсетілім: 677
  • Тәрбие сағаты
  • 20/Окт/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 19759


Армысың алтын күз!

Мақсаты: Күз мезгілі туралы білімдерін бекіту.
Білімділік: Балалардың күз мезгілі туралы білімдерің тиянақтау, күзгі табиғатының ерекшеліктерімен таныстыру, күздің негізгі белгілерін атап, көкөніс және жеміс-жидектерді ажырата білуге үйрету;
Дамытушылық: Тілдерін жаттықтыру, ой–өрісің кеңейту, шығармашылық қабілетттерін, бақылауғыштығын дамыту;
Тәрбиелік: күзгі еңбекті бағалай білуге, табиғатқа деген сүйіспеншілік, қамқорлық сезімдерге тәрбиелеу.
Әдісі: әңгімелесу, сұрақ-жауап, ойын, кейіптендіру, интерактивті тақтамен жұмыс.
Көрнекіліктер: интерактивті тақта, күзгі көрініс плакаттары, суреттер, жапырақтар, шарлар, көкөніс, жеміс-жидектер түрлері,
Барысы:
I. Психологиялық сәт.
Тәрбиеші:
- Балалар, мен сендерге қарап таң қалып тұрмын! Сендер сондай әдемі, сүйкімді болып тұрсыңдар! Ендеше осы жайдары көңіл-күйлерімізбен келген қонақтарымызбен бөлісейік!
Ойын, күлкі, той-думан,
Әсем ән мен сәнді би.
Асығыңдар, алындар,
Бәрі бізден табылар!
Әңгімелесу. Интерактивті тақтамен жұмыс
-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
- Күзде қандай өзгерістерді байқауға болады?
- Ауа-райы қандай болады?
- Бау-бақшада не піседі?
Балаларға интерактивті тақта арқылы күзге байланысты слайдты көрсету.
- Иә, балалар, күзде табиғат ерекше күйге еңеді. Жапырақтар сары, қызыл, қоңыр, жасыл, алқаптағы шөптер қызыл-сары түске еңеді.
Күн біртіндеп қысқарады, жауын-шашын көбейіп, күн суытады. Құстар жылы жаққа ұшып кетеді.
Бау-бақшада жеміс-жидек, көкөністер піседі. Егстікте астық пісіп қамбаларға жиналады екен. Сондықтан күзді «алтын», жомарт деп атаймыз.
-Күз айларын атап жіберейікші. Қане кім біледі күз айларының аттарын?
-Қыркүйек, Қазан, Қараша.
-Ендеше балалар, күз айлары бізге қонаққа келген екен. Қане барлығымыз қарсы алайық.
(ата- аналар күз айлары болып киініп келеді)
Қыркүйек: Бірінші қыркүйек
Білімге бастады
Мал мен аң жүр билеп,
Құс шарлап аспанды.

Қазан: Жаңартқан ғаламды,
Жаңбырлы ғажап ай
Осынау заманды
Орнатқан қазан ай.

Қараша:Мол байлық тергені
Шаттығы қаншалық
Қарашы , өрледі
Қараша ән салып.
-Күз айлары өздерімен бірге « Күз ханшайымын» ала келіпті. Барлығымыз күз ханшайымын қарсы алайық.
Күз ханшайымы: Уа, халайық, дархан далам армысың,
Табиғатым жаны жайсаң тал мүсін
Ханшайымы күздің бүгін келіп тұр,
Алмақ болып бар халқымның алғысын.
Мен – Күз ханшайымымын. Сендерді көргеніме қуаныштымын.
Тәрбиеші: Қош келдің, Күз ханшайымы! Төрлет!
Ендеше балалар күз ханшайына өз өнерлерімізді көрсетейік!
Тәрбиеші:
Көкөністер бәріде
Денсаулыққа пайдалы
Мұны жақсы біліңдер,
Оларды жақсы көріңдер. Ендеше көкөністердің өнерін тамашалайық!
Жақсы. Енді біздің топтың орындауында хор «Алтын күз» тамашалайық.
Тәрбиеші:
Берекесін сыйлауға,
Өлкемізге күз келді.
Жемістерін жинауға,
Шақырады біздерді.

Өрік, шие, балы бар,
Жеміс-жидек піседі.
Жегің келсе бәрін ал,
Неге жедің демейді. Олай болса жемістердің өнерлерін тамашалайық.
Тәрбиеші:
Алтын күз сізбен бірге шуақ шашсын,
Көңілдің серіппелі күйін ашсын
Бақ пен шаттық бірге қатар қонып
Береке бірлікпенен ортақтассын

Періштелер, сүйкімділер сендерсің,
Жер бетінде сендерге кім тең келсін!
Баршамызды бал тілімен балқытқан,
Өнерімен, биіменен щалқытқан.
Ән: Жұмабай Мағжан мен Нұрғалиева Аминаның орындауында «Қошақаным»
Күз мезгіліне арналған өлең жырлар таусылғанба.Балапандарымыздың орындауында күз туралы тақпақтар
Ақбота,Бахтияр, Нұрсұлтан,Минар,Ердаулет
- Жақсы балалар ендігі кезекті Қыздардың «Қолшатыр» биіне кезек берейік.
Тәрбиеші: Күз ханшайымы, балалардың өнерлері ұнады ма?
Күз ханшайымы: Иә, балалардың бәрі өнерлі екен.
Дидактикалық ойын «Дәмін ажырат»
- Балалар, ойын ойнайық. Ендеше ойын шартымен таныстырайын. Сендер көздеріңді жұмасыңдар, мен ауыздарына не көкөніс немесе жеміс саламын. Сендер оны дәміне қарай ажыратып атайсыңдар.
- Осы жемістердің барлығы еңбектің арқасында келді. Біз оларды қалай күтіп баптасақ, жемістер бізге сондай мәуесін береді екен. «Еңбекпен келген жемістің дәмі тәтті» деген мақал осыдан шыққан.
Скакова Наилланың орындауында «Осень» әні
Ата – аналармен ойын «Шеберлі аспазшы»
Тапсырма:
таныстыру
салат жасау
жұмбақ шешу
Тапсырманы жақсы орындаған командаларға алғыс хат беру.
Күз ханшайымы: Рахмет, балалар! Өнершіл - өрендерім! Міне, менің сыйлығым бір себет күз сыйы. Сендерге денсаулық, шаттық және байлық әкелсін.
Тәрбиеші: Күз ханшайымы, саған мың алғыс! Бүгінгі сыйлығына рахмет . Бізге тағы кел, біз сені сағына күтеміз.
(Осы кезде әуен ойналады, Күз ханшайымы қоштасып кетеді)
Қош бол,Күз ханшайымы.
Тәрбиеші: Күздің кереметі, байлығы өте көп. Күзде біздің дастарханымыз дәнді
дақылдарға, көкөністерге, жеміс-жидектерге толы болады, бірақ осы байлыққа жету үшін көп еңбек ету керек.
Міне біздің елден алар бағамыз,
Көңіл кілтін адамдықпен табамыз.
Ән - мереке жолықтырсын аман-сау
Күз кешінің шымылдығын жабамыз!
- Сонымен бүгінгі «Армысың алтын күз» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Ең алдымен баршамызға зор денсаулық, қажымас қайрат, оқуымызда бүлдіршіндеріміз үлкен жетістіктерге жете берсің деп тілеймін. Өздерінің балдай тәтті тілдерімен, сүйкімді қылықтарымен бізді қуанта берсің.

Семей қаласы
№47 жалпы орта мектеп
Мектепалды даярлық топ тәрбиешісі:
Батырова Гульнур Найманғазықызы Тәрбие.орг сайтынан Армысың,Алтын - күз! Тәрбие сағаты материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Батырова Гульнур Наймангазыевна

ШҚО Семей қаласы №47 жалпы орта мектебі Мектепалды даярлық топ тәрбиешісі

Пікірлер: 0

avatar