Армысың, Әз Наурыз

  • Жүктеулер: 5
  • Көрсетілім: 990
  • Тәрбие сағаты
  • 01/Апр/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 18339


Армысың, әз Наурыз!
1-жүргізуші:
Құрметті халайық! Ұлыстың ұлы күні-Наурыз мерекесіне қош келдіңіздер!
Бүгін міне,халайық,Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесін қарсы алып
отырмыз. Мереке құтты болсын!
2-жүргізуші:
Наурыз мерекесіне тағы да қош келдіңіздер! Бүгінгі мереке баршамызға ортақ мереке. Сондықтан мерекені жақсы көңіл-күймен қарсы алайық!
1-жүргізуші:
Армысыздар, халайық!
Бармысыздар, бауырлар!
Наурыз тойын жұп жазбай,
Жылды қарсы алайық.
2-жүргізуші:
Уа, ағайын халайық!
Мұнда назар салайық!
Мерекесі халықтың,
Наурыз тойын бастайық!
1-жүргізуші:
Наурыз келді еліме,
Наурыз келді жеріме!
Байлық бақыт тілеймін,
Бүкіл қазақ еліне!
2-жүргізуші:
Досқа құшақ ашайық,
Өлең жырға басайық.
Қазақтың бір салты деп,
Тойға шашу шашайық.
Наурыз келсе,
Құт келгені халайық!
Есік ашып, шашу шашып,
Ел боп қарсы алайық! (Ортаға халыққа шашу шашылады)
1-жүргізуші:
Шашу шаштық болсын деп аман халқым,
Болған соң мұндай дәстүр жақсы салтым.
Шашуды тер, мол болсын деп несібелі,
Келер жылға жетсек деп аман-есен.
2-жүргізуші:
«Құлақтан кіріп бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең менше сүй», деп Абай атамыз айтқандай, «Шақырады көктем»
әнімен Талпақова Ақмаралды қарсы алыңыздар

1-жүргізуші:
Көргенде қуанасың таза ауаны,
Құлаққа естілгенде жаз әуені.
Жыл сайын тойланатын мәңгі бақи,
Наурызым құтты болсын қазақ елі (Құттықтау сөз-Сағындық Айса).
2-жүргізуші:
Той дегенде қазақтың жаны кірер,
Бағаңды жас білмесе, кәрі білер.
Наурызың құтты болсын, нар ағалар,
Наурызың құтты болсын, барша Халқым!
Көркем сөз «» оқитын Мошқалова Орынай

«Торы жорға» атты қазақ биімен «Жауқазын» бишілер тобын қарсы
алыңыздар
1-жүргізуші:
Армысыз әлемнің алтын шырағы,
Күн-Ана! Төрлетіңіз!
Атар таңға, батар күнге Тәу-Тәу!
(Ортаға сары киіммен Күн-Ана шығады)
Күн-Ана:
-О, Қасиетті Жер – Ана! Алла-Тағаланың әмірін қалт жібермей орындап, адамзат үшін саған бас иемін. Мен сен үшін табиғат байлығына енген тау-тасыңнан, жан-жануарыңнан бастап адам затына дейін қуаныш нұрын себу үшін өзіңнің гүл Көктеміңді, Ару-Көктемімді шақырғалы отырмын.
(Ортаға жасыл киіммен «Көктем Аруы» шығады)

Көктем-Ару:
Сәлем Ата-Аналар!
Айналайын балалар!
Халқым менің аман ба?
Жаса жайлы заманда.
Уақыт үдеп келдім мен,
Бақыт тілеп адамға.
Келген жылым,
Жақсылыққа басташы,
Қуанышпен әр үйдің,
Босағасын атташы.
Өшкен шырақ жағылсын, Күн-Ана!
Күн-Ана:
-Зарығып күткен жаңа жылымда,
Наурызым, келдің бе?
Жаңа Жылым жарылқа,
Ескі жылым есірке.
Ұрпақтарымды аман ет,
Жамандық Әрі кет, Әрі кет.
Алас, Алас! Бар бәледен қалас!
Наурыз атам келе ғой!

( Ортаға жасыл киім киген Наурыз ата шығады)
Наурыз ата:
Сәлем Анам алтын күн,
Нұр шуағы халқымның.
Ашық болсын аспаным,
Аман болсын жас-кәрің.
Жыл иесі Мешінім,
Құт иесі Мешінім,
Бақыт әкел еліме.
Құт-береке молшылық,
Дари берсін жеріме.
Ұрпақтардың бағы болсын,
Арайланған таңы болсын.
Ақ батамен қол жайғанның,
Тілектері қабыл болсын! Әумин!

2-жүргізуші:
Рахмет! Күн-Ана, Ару-Көктем, Наурыз ата.
Сіздердің құрметтеріңізге «Бейнеу мектеп-интернаты» КММ-нің 2016 жылы өткен «Көктем Аруы» байқауының жеңімпазы Бегейбаева Лаураның орындауындағы «Наурыз-Думан» әнін қабыл алыңыздар.
1-жүргізуші:
Ортаға келіп жеткен Мешін жылын шақырамын.
Мешін жылы:
Армысыздар, құрметті мерекенің қонақтары! Сіздерді ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекелеріңмен құттықтаймын. Наурыз тойларың құтты болсын! Ұлыстың ұлы күні аталған Наурызда еңбектеріңіз өнімді, тілектеріңіз қабыл боп, аман-есен тойдан-тойға жетіп, ескі ауыртпалықтарыңыз ескі жылда кетіп, жаңа жылда жаңа үміт, жаңа тіршілікпен, осы Ұлыстың ұлы күнінде елімізге, жерімізге Наурызым есігін қуанышпен ашсын.Отбасыларыңа амандық, дендеріңе саулық тілеймін. Бүгінгі мереке құтты болсын. Келіп жеткен Мешін жылына арнап Сансызбаев Насихаттың орындауындағы әнді қабыл алыңыздар.

2-жүргізуші:
Ортаға Наурыз атаны шақырамын. Наурыз Ата елге, халыққа бата беріңіз.
Наурыз Ата:
Ақыл-ойды асырап,
Ата-салтын сақтаңдар!
Дұрыс сөзге тоқтаңдар,
Ұлыс күні ұрысты,
Өкпе-назды тастаңдар.
Мынау тұрған халықты,
Ынтымақ пен достыққа,
Жақсылыққа бастаңдар.
Айналайын ел-жұртым,
Орындалсын арманың,
Жайқала берсін орманың!
1-жүргізуші:
Ал, халайық тұрмайық,
Әндетейік шырқайық.
Ортамызды ашайық,
Думандатып би-билеп,
Ән мен күйді төгілтіп,
Інжу-маржан шашайық.
Жиналған жұрт таң қалсын,
Өнерден күмбез шашайық.
Қазақ биімен «Жауқазын» би тобының бишісі Бегейбаева Лаураны
Қарсы алыңыздар.
2-жүргізуші:
Баршаңызға тілерім
Еліміздің несібесі көп болсын.
Жауын жауып жер бетіне көк толсын,
Даламызда бұл жаңа жыл құтты болсын- деп мерекелік шарамызды аяқтаймыз. Келесі мерекеде кездескенше күніміз жақсы болсын. Мерекелік күндеріңізді жақсы көңіл-күймен қарсы алыңыздар! Тәрбие.орг сайтынан Армысың, Әз Наурыз Тәрбие сағаты материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Жетписова Айжақсы

МҚО, Бейнеу ауданы, "Бейнеу мектеп-интернаты" КММ Биология және химия пәні мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar