Армысың әз-Наурыз

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 507
  • Тәрбие сағаты
  • 28/Июн/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22984


Тақырыбы: «Армысың, әз Наурыз!»
Мақсаты: Қазақ халқының салт-дәстүрлерін қолдана отырып балалардың шығармашылығын арттыру, балаларға патриоттық тәрбие беру.Наурыз мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт-дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу.
Жүру барысы:
Жүргізуші: Бәріміздің асыға күткен Наурыз тойымыз келіп жетті.Тойларыңыз құтты болсын.
Армысыңдар, халайық!
Бармысыңдар халайық,
Наурыз тойын жұп жазбай,
Жылды қарсы алайық.
-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
Біз қандай мерекені тойлағалы отырмыз?
Балалар:-Наурыз мерекесін.
Наурыз тойына арнаған бүлдіршіндеріміздің тақпақтарын қарсы алыңыздар.
Жансая: Наурыз тойын әдемі,
Әжем еске түсірді.
Біздерге арнап әдейі,
Наурыз көже пісірді.

Мадина: Көктем келіп, мал төлдеп,
Шараға толды сары уыз.
Ырыс күткен еліме,
Береке сыйла, Наурыз!

Айқын: Уа, халайық тұрмайық,
Әндетейік, жырлайық,
Ортамызды ашайық,
Ырыс тілеп бұл жылға.

Расул: Наурыз тойы-тамаша,
Наурыз тойы –жаңаша.
Табиғат та тамаша,
Тамылжып тұр жараса.

Жүргізуші: -Балалар ендеше Наурызды қарсы алайық.
(Әуенмен Наурыз кіреді)
Наурыз: Армысыңдар, балалар!
Тағы келдім сендерге,
Наурыз тойын тойлайтын,
Келіп жеттім сендерге.

Наурыз айы көктемнің,
Жарқырайды көкте күн.
Сәбилерді қуантып,
Наурыз айы- мен болам.

Жүргізуші:Осыншама жақсылық,
Алып келген Наурызым!
Төрлет бізге нұр беріп,
Шуақ шашып ақ жүзің.
-Қош келдің, Наурыз! Төрлетіңіз! Балалардың осы тойға арнаған әнін тындаңыз.
Ән: «Апам үшін»
Орындайтындар: Амина, Айжүрек, Мадина, Жансая.

Наурыз: -Жарайсыңдар, балалар.Қандай өнерлі едіңдер.Мен сендерге құр келген жоқпын.Өзіммен бірге ойын ала келдім. Ойын ойнағыларың келе ме?
Балалар: -Иә, ойнаймыз.
Ойын: «Ханталапай» ойыны.

Жүргізуші:Наурызбен құттықтап,
Алыс, жақын қауышты.
Көктемдегі жақын сәт,
Көңілдерге ауысты.

(Әуен ойналады, топқа Алдаркөсе келеді)
Алдаркөсе:- Балалар, мында қандай той болып жатыр? Сендердің дауыстарыңды естіп мен де той тойлағым келіп кетті.

Жүргізуші: -Балалар, Алдаркөсені тойымызға шақырамыз ба?
Балалар: -Иә, бізбен бірге той тойласын.
Алдаркөсе: Мен Алдармын, Алдармын,
Сақалым болса, талдармын,
Сақал түгіл мұрт та жоқ,
Байларды да алдадым,
Кедейлерді қорғадым.

Жүргізуші:Алдаркөсе қош келдің. Сен де бізбен бірге Наурыз тойын тойлаңыз. Төрлетіңіз!

(Әуен ойналады, топқа Бай келеді)
Бай: -Балалар, амансыңдар ма? Мен сендерге Наурыз тойын тойлайын деп келе жатырмын. Мә, мында Алдар да келіп қалыпты ғой. Наурыз тойларың құтты болсын! Балалар мына жер мұздай ма, мен тоңып тұрмын ғой.Менің мына шапаным жұқа болғаны ма сонда...
Алдаркөсе: -Ә, Байеке, Сен неге тоңасың? Мен керісінше терлеп тұрмын. Менің мына шапаным жел ұстамайды.Мұннан кіріп, мұннан шығады.
Бай: -Онда шапаныңды маған бер. Кел, екеуіміз ауыстырып алайық.
Алдар:-Жарайды, Байеке. Сенен аяғанды ит жесін.Мә,шапаным.
(Алдар мен Бай шапандарын ауыстырып киеді).
Алдаркөсе: -Ал,балалар менің енді кетуім керек.Сау болыңдар.
(Алдаркөсе кетіп қалады)
Бай: -Балалар менің жылынатын түрім жоқ. Мен одан сайын тоңып бара жатырмын. Мына Алдар мені алдап кетті, сорлы
басым-ай.Балалар, сендер де Алдарға алданып қалмаңдар.Мен енді Алдарда ұстап алайын.Жарайды балалар, сендер тойды тойлай беріңдер. Сау болыңдар.

Жүргізуші:
-Балалар бізге бүгін қонаққа кім келді?
-Байды кім алдап кетті?
Жүргізуші: Салт дәстүрмен жараса,
Би билейік тамаша.
Жарыса өнер көрсетіп,
Той тойлайық жаңаша!
Кішкен бүлдіршіндеріміздің биін тамашалаңыздар.
Би: «Қазақ» биі
Жүргізуші:Ұлыстың ұлы күні,
Күн мен түнді теңеген.
Тәтті дәмін ұлыстың,
Таптық наурыз көжеден.

Ендеше балалар, Әжемізді қарсы алайық.
Әже:-Амансыңдар ма, немерелерім. Наурыз тойы құтты болсын. Ұлыс оң болсын. Ақ мол болсын.Мен сендерге Наурызда пісірілетін «наурыз көже» алып келдім.
(наурыз көженің құрамын айтып таныстырады).

Жүргізуші: -Әже, топ балаларының орындауында әнін қарсы алыңыз.
Ән: «Ақ әжем» әні.

Жүргізуші: Наурыз келді құт болып,
Мына бізге сүт болып.
Аққа ауызым толады,
Бар жақсылық болады.

Осымен I кіші топ балаларының «Армысың, әз Наурыз!» атты ертеңгілігі аяқталды. Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет.Сау болыңыздар. Тәрбие.орг сайтынан Армысың әз-Наурыз Тәрбие сағаты материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Тулеуова Айжан Жексенбайқызы

Атырау қаласы,№59 "Ақбөбек" балабақшасы балабақша тәрбиешісі

Пікірлер: 0

avatar