ҚАРТТАРЫМ АСЫЛ ҚАЗЫНАМ

  • Жүктеулер: 7
  • Көрсетілім: 316
  • Тәрбие сағаты
  • 08/Окт/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 23158


«ҚАРТТАРЫМ АСЫЛ ҚАЗЫНАМ»
1-қазан Қарттар күніне арналған тәрбие сағаты
.

Қош келдіңіз ақ жаулықты аналар,
Ақыл кенін арқалаған аталар.
Алдарыңда жауқазындай құлпырған,
Біз алаңсыз балғын шақты балалар.
Аппақ шашың күн сайын қылаңдаған,
Зейнет емес бейнеттен арылмаған.
Тәңірімдей табынып өтем мәңгі,
Қариялар өзіңді ел сыйлаған.
Ел мүддесін бәрінен биік қоятын, өзінен кейінгі ізіне ерген інілеріне ізеттігін аямайтын, ізінен ерген ұрпағына ұлылығын ұялатып, бір қауымға бас-көз бола білген қарттарымыздың орны ерекше. Олай болса, әр халықтың бойында ықылам заманнан бері қалыптасып оны өзгелерден даралап тұратын, тек өзіне ғана тән қасиеттері болады. Біздің халқымыздың сондай ерешеліктерінің бірі – үлкенді сыйлау, оның сөзіне құлақ асу. Қазақ қарты жасына лайық ауызы дуалы, сөзі берекелі, ісі тыңғылықты, ойы терең, ақылы тілегей теңіз болып келеді. Міне, осындай теңеуге лайық қарияларды жылына бір рет келетін 1-қазан Қарттар күнімен құттықтай отырып «Қарттарым асыл қазынам» атты кешімізге қош келдіңіздер дегім келеді. (пауза). Кешімізді бастамас бұрын сөз кезегін ------- береміз. Тәрбие.орг сайтынан ҚАРТТАРЫМ АСЫЛ ҚАЗЫНАМ Тәрбие сағаты материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Шаймерденова Алма Ескаковна

СҚО Петропавл қаласы Ж.Ташенов атындағы №20 орта мектебі Бастауыш сынып мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar