"Астана-арман қала"

  • Жүктеулер: 11
  • Көрсетілім: 725
  • Тәрбие сағаты
  • 17/Дек/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 20562


Тақырыбы: "Астана – арман қала."
Мақсаты: Байтақ қазақ даласының иесі кім екенін алыс пен жақынға танытатын қазақ жерінің кіндігіне Ақ ордасын тіккен – жаңа Астана тарихымен таныстыру; Астанасына қарап елін таниды дегендей, Астананың мемлекетіміздің биік мәртебесі, жоғары дәрежесі, елдік пен тұтастықтың, бірліктің тұтқасы екендігін таныту; Екі ғасыр тоғысында Еуразия құрлығындағы ірі тарихи оқиға болып, тарихқа енген астанамыз - Астана қаласымен мақтануға тәрбиелеу;

Түрі: саяхат сабақ
Көрнекілігі:, Астана қаласының суреттері, буклет, кітап көрмесі
Техникалық көрнекілігі: Интербелсенді тақта

Жоспары:
1. Кіріспе - мұғалім сөзі
2. Әдеби- монтаж
3. Астана айшықтары - суреттер сөйлейді
4.Астанаға саяхат Дина апаймен кездесу
5. Жаса, жайна ару қалам - Астана!

Барысы
Құрметті оқушылар, ұстаздар ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, бүгінгі болып отырған "Астана – арман қала" атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер!
ҚР Мемлекеттік Әнұраны орындалсын.
Ән: Әнұран
Кіріспе.
- Біз қай елде өмір сүреміз?
- Қазақстанда.
- Қазақстан қандай ел?
- Тәуелсіз ел.
- Тәуелсіз ел дегенді қалай түсінесіңдер?
- Ол өз алдына дербес мемлекет деген сөз, яғни, өзінің гимні, өзінің елтаңбасы, өзінің туы, өзінің астанасы болады.
- Біздің астанамыз қай қала?
- Астана қаласы. Бүгін біз сынып оқушыларымен бірге Астана қаласына саяхат жасаймыз.
(Астана қаласының тарихын бейнебаян арқылы көрсете отырып таныстыру.)
Астана тарихы - сонау1830 - жылдан бастау алады. Ол кезде қала патша әскерінің бекінісі болған.
- Ақмола бекінісі деп аталған. 1863 - жылы 16 - шілдеден бастап Ақмола – округтік қала атанды. Қала халқы 2000 - дай адамды құрады. Дами келе: 1893 - жылы Ақмола қаласында қала халқы 6428 жанды құраған. Қалада 3 шіркеу, 5 мектеп, 1 училище, 3 зауыты бар уездік қала болған. 1960 - жылы тың игеру кезеңінде – тың игеру орталығына айналды. 1961 - жылы Ақмола деген атауы – орысша Целиноград деп өзгертілді. Целиноград - облыс орталығына айналды.
Еліміз тәуелсіздік алған соң, 1992 жылы қалаға қайтадан өзінің қазақша атауы беріліп, Ақмола облысы атанды. Ақмола облысы – еліміздің ірі астық өңірі және ірі ауылшаруашылық машина жасау орталығы болды. Жер қойнауы пайдалы қазба байлықтарға бай.
Елбасымыздың шешімімен 1997 - жылдан бастап жаңа астананы осы Ақмола қаласының жер аумағына көшіріп, атауын «Астана»деп өзгерту қабылданды. Керемет жеделдетілген құрылыс жұмыстары жүргізіліп, айналасы аз уақыт ішінде: әсем де, ару қала – Астана қаласы бой көтерді. 1998 - жылы негізгі құрылыс нысандары аяқталып, іске қосылды. Сонымен 1998 - жылы 6 - шілде Астана қаласының туған күні болып белгіленді. Тәрбие.орг сайтынан "Астана-арман қала" Тәрбие сағаты материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Корганбаева Калдыгуль Жалгасбаевна

Қармақшы ауданы, Байқоңыр қаласы №275 орта білім беретін мектеп ағылшын тілі пәні мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar