Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
"Ата-баба дәстүрін ардақтайық!"
  • 21.02.2016
  • 565 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 16509

Материалды Tarbie.org сайтынан тегін жүктеу (15.5Kb)

Мақсаты:Ұлттық салт-дәстүрімізді жас ұрпақтың санасына енгізу, насихаттау. Оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке, дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу.

Жүру барысы:
1.-Уа жарандар,жарандар,
Бәріңде бері қараңдар!
Наурыз-думан басталды,
Бір сәт зейін салыңдар!
- Армысыздар, ұстаздар, ата-аналар, оқушылар!
Сіздерді Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Бүгінгі болғалы отырған «Ата-баба дәстүрін ардақтайық!» атты көркем сурет оқушылары арасында ұйымдастырылған мерекелік шарамызға қош келдіңіздер!
Алдарыңызға қойылған наурыз дәмінен ауыз тиіп отырыңыздар!
Сіздерге арнап жырдан шашу шашатын Аманғалиева Інжудің орындауында «Наурыз-думан» әні.
2.-Тұз астың дәмін келтіреді,
Мақал сөздің мәнін келтіреді,- дегендей енді мақал айтып жарысайық. Ол үшін экранда көрсетілген суреттер арқылы мақал құрастырамыз. Кәне кімнің ойы жүйрік, тілге шешен екен.
1.Мысық жоқта тышқан төбеге шығады.
2.Су ішкен құдығыңа түкірме.
3.Көзің ауырса қолыңды тый,
Ішің ауырса ауызыңды тый.
4.Бала тәрбиесі - бесіктен.
5.Балапан ұяда не көрсе,
Ұшқанда соны іледі.
6.Өле жегенше бөле же.
7.Тоқал ешкі мүйіз сұраймын деп
Құлағынан айырылды.

3.Халқымызда «Асығың алшысынан түссін!» деген тілек сөз бар. Енді ұлдарымызды асық ойнауға ортаға шақырамын.
- Асық қайдан алынады?
- Асықтың түсу бағыттарын қалай атайды?

4.Ендігі кезекті қыздарымызға берейік.
«Гүл өссе жердің көркі,
Қыз өссе елдің көркі», дегендей біздің көрікті де, бұрымды қыздарымыздың дефельесін тамашалайық! («Қыз сыны» әні шырқалады, бұрымды қыздар ұлттық киімдерімен, шашбауларымен жүріп сән корсетеді. Шараның соңында бұрымды аруға Мадақтама ұсынылады.)

5. «Білегіңе сенбе, білгеніңе сен» демекші,енді сендердің білімдеріңді сынап көрейін. Ол үшін экранда көрсетілген салт дәстүрге,ертегі, аңыздарға,ұлттық ойындарға байланысты суретті сұрақтарға жауап беріңіздер. Ал, ендеше кім көп біледі екен?

6. «Жұмбақ жасырайық!» экрандағы жасырылған жұмбақтардың шешуін табайық!
1.Аяғы бар, етігі жоқ
Қалпағы бар, басы жоқ. (Саңырауқұлақ)
2.Көк лағым көгенде жатып семіреді. (Қарбыз)
3.Айдалада ақ отау
Аузы мұрны жоқ отау. (Жұмыртқа)
4.От басында құмған
Екі көзін жұмған.(Мысық)
5.Кішкене ғана бойы бар
Айналдырып киген тоны бар.(Қой)
6.Тарпаң-тарпаң тарбиған
Түрі жаман жарбиған.(Бақа)

8. «Ас- адамның арқауы», ендігі кезекте экранда көрсетілген ұлттық тағамдардың атауын табайық! Алдымызда дастарханымызда тұрған тағамдардың атауларын білемізбе? Кім қандай ұлттық тағам әкелді?

9. «Жаңбырменен жер көгерер,
Батаменен ел көгерер», демекші бата беру кезеңін Қонысбаев Мақсатқа береміз.
- Сұрасаң бата берейін
Үстем болсын мерейің!
Ықыласпен қол жайсаң,
Ақ тілекті төгейін.
Ұлыс оң болсын,
Ақ мол болсын,
Қайда барсаң жол болсын,
Ұлыс бақты болсын,
Төрт түлік ақты болсын
Ұлыс береке берсін
Бәле-жәле жерге енсін!
Ұлы халқым тоқ болсын
Уайым қайғы жоқ болсын,
Қуаныштарың көп болсын!
Әумин!

-Сәулесіндей көрініп таңғы үміттің
Басын қостың салт-дәстүр, сан ғұрыптың.
Жаса, Наурыз,жарқыры көкте күндей,
Мерекесі достықтың мәңгіліктің!
-Осымен «Ата-баба дәстүрін ардақтайық!» атты мерекелік шарамыз аяқталды. Сау саламатта болыңыздар!

Шара соңында бөлім меңгерушісі құттықтау сөз сөйлеп, төмендегі номинациялар бойынша оқушыларға мадақтама табыс етілді.
«Бұрымды ару», «Сөзге шешендігін көрсеткен», «Асығың алшысынан түссін», «Ойы ұшқыр», «Ширақ ойыншы», «Ең тапқыр оқушы», «Ақ батасын берген». Тәрбие.орг сайтынан "Ата-баба дәстүрін ардақтайық!" Тәрбие сағаты материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Елтезерова Нұргүл Қадірқызы

Атырау облысы,Жылыой ауданы,Құлсары қаласы,Балалар өнер мектебі Кескіндеме пәнінің мұғалімі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Тәрбие сағаты | Логин: nurieltezerova78
Көрсетілім: 565 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar