Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
ауырып ем іздеген
  • 22.02.2016
  • 364 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 16569

Материалды Tarbie.org сайтынан тегін жүктеу (20.5Kb) · Материалды Tarbie.org сайтынан тегін жүктеу ()

Тақырыбы: Ауырып ем іздегенше ....
Мақсаты:
Білімділік:Оқушыларға адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, басты байлық екенін ұғындыру.
Дамытушылық: Оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту, сөйлеу шеберлігін жетілдіру.
Тәрбиелік: Тазалыққа, спортқа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Көрнекілік: Мақал – мәтелдер, слайдтар.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
Кіріспе.
Адамның денсаулығы – қоғам байлығы.
Еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің халыққа арнаған «Қазақстан - 2030» жолдауында бізді Отан игілігі үшін өз денсаулығымызды сақтауға шақырады. Қазақстанда тұратын әрбір азаматтың денсаулығы мықты болуы керектігін айтады. 2008 жылдың 8 - ақпандағы кезекті жолдауында денсаулық мәселесіне көбірек тоқталып кетті. Ауруды емдеуден гөрі оның алдын алу керектігін айтты. Біздің бүгінгі тәрбие сағатымыз салауатты өмір салтын сақтау мақсатында «Ауырып ем іздегенше ....» деп аталады.
1.слайд
Ерасыл «Тазалық – денсаулық кепілі.»
Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Айдын:
Халқымыз «Дені саудың жаны сау» деп бекер айтпаған. Отанымыздың келешегі, көркеюі балалар сіздердің қолдарыңызда. Сондықтанда сендердің таңдауларын - салауатты өмір салтын сақтау.
Мұғалім :Балалар сендер қараңғы үйге кіріп келіп шам жақсаңыз, шам үйді жарық қылады. Қызыл гүлдің ішінен бір ақ гүл көрсең көзің соған түседі. Біздің де өмірімізді жарық қылатын, жан - жағымызға тамаша сәулесін шашатын, өмірдегі басты байлық не деп ойласыңдар?
Әрине, Денсаулық.
3 - слайд
“Денсаулықтың он құпиясы”:
1. Денсаулық пен сырқаттың негізі біздің ақыл ойымызда жатыр.
2. Біздің тыныс алуымызда.
3. Шынығу әрекеттері күш әкеледі.
4. Дұрыс тамақтану.
5. Күлкі.
6. Дем алу.
7. Тұлғаны түзу ұстай білу.
8. Сенім күші.
9. Сүйіспеншілік күші.
10. Таза қоршаған орта.

4 слайд
Кім көп біледі?
1. Темекінің кермегі, Еріккеннің ермегі.
2. Елемеген ауру жаман, Ескірмеген дау жаман
3. Іздеп алған аурудың, емі табылмас.
4. Дәмі бардың, емі бар.
5. Аурудың жақсысы жоқ, Дәрінің тәттісі жоқ.
6. Бас аманда мал тәтті, Бас ауырса жан тәтті.
7. Ауырып, жазылған жан олжа, Жоғалып, табылған мал олжа.
Көрніс.
Қоян.
Ой, тісім қақсап барады
Жанымды қоярға жер жоқ
Мұғалім.
Балалар, қараңыз мына бір сұмдықты
Қоянға не болған?
Қоян жылама, жылама.
Қасқыр.
Не болды жасырма, айтшы өзің
Неліктен ісінген бас – көзің
Қоян.
Енді не істеймін
Тісімнің ауырғаны қоймай тұр.
Қасқыр.
Онда дәрігер шақырайық
Дәрігер дәрімен емдейді
Ауырса адамды, аңды да емдейді
Кәдімгі мейірімді дәрігер
Шақырсақ қалай келмейді.
Дәрігер.
Кәне аузыңды аш көрейін
Кәмпит жесең көбірек
Тісің жүрер мазалап
Не жесең де күніне
Екі рет жу тазалап
Қоянға ұқсап тістерің ауырмас үшін
Тістеріңді күнде жуып күтіп жүріңдер.
Мұғалім.
- Балалар денім сау болу үшін таза болып жүру мен бірге тағы не істеуіміз керек?
АЗАТ .Таңертеңгілік жаттығу жасап, спортпен шұғылдану керек.
Адамдар әрқашан қимылды қозғалыста жүрсе біздің ағзамыздағы қан жүрісі де қозғалыста болып жұмысы жақсарады.
АРШАТ.Ауруларға қарсы тұра алатын боламыз. Денімізді сақтау үшін зиянды әдеттерден аулақ болу керек. Адам денсаулығына жақын доста, қастарда бар.
Мұғалім:Адам денсаулығына жақын достар не деп ойлайсыңдар?
( тазалық, спорт, таза ауа, дұрыс тамақтану, күн тәртібі.)
Адам денсаулығына қастар ше?.
( шылым шегу, ішімдік, салақтық, жалқаулық.)
Слайд арқылы көрсету.
5 - слайд
Ерасыл денені шынықтыру
Денсаулық болса бәрі болады тазалық, дене шынықтыру, дұрыс тамақтанудың маңызы зор.
Тазалық денсаулық кепілі
Шынықсаң - шымыр боласың
1-Оқушы.
Шығу үшін шымыр боп
Шынығамыз шаршамай
Бұлшық еттер шымыр боп
Аламыз сосын тыныс жай
2-Оқушы. Жалқаулықты тастаймыз
Жаттығуды бастаймыз
Қиынсынып қашпаймыз
Шынығамыз жастай біз
3-Оқушы.
Спортпен айналыс
Сұлулық сыйлаған
Сол саған пайдалы іс
Сауық пен кинодан
Сергіту сәті.
«Жалқаубек »әні
Біздің денсаулығымыз мықты болу үшін тазалық сақтау жеткіліксіз. Сонымен бірге денемізді шынықтыруымыз керек. Үнемі дене шынықтырумен айналысатын адам ауырмайды
6слайд. «Ас адамның арқауы»
Тиімді тамақтану денсаулық үшін маңызы зор. Ет, балық, ұн, сүт тағамдарының әрқайсысының орны бөлек. Сонымен қатар жеміс – жидектерді көбірек жеген жөн. Олардың құрамында адам денсаулығына қажетті дәрумендер өте көп. Сонымен қатар шамадан тыс көп тамақтану да зиян.
(әр түрлі тағамдардың суреттерін көрсету)
Сұрақтар.
1 Жеміс – жидектерді жемес бұрын не істеу керек?
(жеміс – жидектерді жақсылап жуып алу керек.)
2 Тамақтану алдында не істеуіміз керек?
(тамаққа отырар алдында қолды жуу керек)
4-Оқушы.
Тойып ішсен қаншама
Ауырасын соншама
Асқазанды бүлдірсең
Жазылмас қанша күн жүресің.
Сонымен бірге денсаулықтың бір дауасы таза ауа.
5-Оқушы.
Денсаулықтың дауасы
Даланың ауасы.
Көк өзен, күмбез тау.
Ну орман ағашы.
Жұмбақтар шешу.
1. Одан кір қорқады
Судан бұл қорқады. (сабын)
2. Дәміде жоқ, түсіде жоқ
Пайдаланбас кісі жоқ. (су)
3. Жуынып болғанда
Жүреді қолында. (орамал)
4. Түйістіреді көзіңді көзіңе
Жолықтырады өзіңді өзіңе. (айна)
5. Қалтамда жатыр
Тістері бар батыр. (тарақ)
6.Бәтеңкесін, полтосын
Өзі кие білмейді
Бұл баланы кім дейді? (жалқау)
Көзінен жас кетпейді
7.Балалардан шетпейді
Бұл баланы кім дейді? (жылауық)
Шықпай жатып көшеге
8.Үсті басы кірлейді
Бұл баланы кім дейді? (салақ)
Мақал – мәтелдер
(Оқушылар денсаулық туралы мақал – мәтелдер айтады)
«Кел ойнайық» «Денсаулық тың достары мен қастары»
Оқушылар алдарына берілген сөздерден денсаулықтың достары мен қастарын тауып ажыратады.
Қорытынды
1. Адамның дені сау болу үшін қандай шарттарды орындау қажет?
(Денесін, беті – қолын киімін әрдайым таза ұстаукерек. Зиянды заттардан аулақ болу керек.)
2. Адам не үшін жуынады?
3. Тазалықтың достары мен қастарын ата?
Деніміз сау болсын десеңдер, міне жоғарыда айтылғанның бәрін денсаулық үшін істелетін жұмыстар. Таза ауада демалу, спотпен шұғылдану, денені күтіп ұстау, еңбек ету, дұрыс тамақтану барлығы салауатты өмір салтына жатады. Осы айтқандарды күнделікті тұрмыста пайдалануымыз керек.

Ақмола облысы
Аршалы ауданы
Волгодон орта мектебі

Тақырыбы: «Ауырып ем іздегенше ...»

2015-2016 ж Тәрбие.орг сайтынан ауырып ем іздеген Тәрбие сағаты материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Кенжеғұлова Қарлығаш Ертайқызы

Ақмола облысы, Аршалы ауданы, Волгодон орта мектебі бастауыш сынып мұғалімі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Тәрбие сағаты | Логин: karlygah87
Көрсетілім: 364 | Жүктеулер: 313
Барлық пікірлер: 0
avatar