ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ЕРЛІК ІСТЕРІ

  • Жүктеулер: 1
  • Көрсетілім: 437
  • Тәрбие сағаты
  • 14/Апр/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 18621


(Кіріспе сөз) Адамзат тарихында үлкенді – кішілі он бес мыңға жуық соғыс өткен екен. Бірақ солардың ішінде ауқымы, құбандықтары мен алапаттығы жағынан ең жантүршігерлігі Екінші дүниежүзілік соғыс жəне оның құрамдас бөлігі – Ұлы Отан соғысы болды.
Қазақ халқының Ұлы Отан соғысындағы жеңіске қосқан үлесі зор. Соғыстың ауыртпалығын көтеріп, бостандықты қорғаған қазақстандық батырлардың есімі әрқашан ел есінде сақталады. Соғыстың алғашқы күндерінен бастап “Барлығы майдан үшін, барлығы жеңіс үшін!” деген ұранмен соғысқа аттанған ерлердің орнын әйелдер, қариялар мен балалар алмастырды. Тыл еңбеккерлерінің де жауды жеңудегі рөлі жоғары. Олар соғыс күндерінің барлық ауыртпалықтарын қажырлылықпен көтеріп, патриотизм үлгісін танытты. Тұтқиылдан жасалған фашистік Германияның шабуылы қазақ халқының арасында патриоттық, Отансүйгіштік сезімін оятып, жауға деген өшпенділігін күшейтті. Барлық жұмысты әскери қалыпқа келтіріп, майдан мақсатына бағындырып, тыл мен майданды байланыстырып, біріге, белсенді еңбек ету міндеті қойылды. Отанды бір кісідей қорғап, ерлік көрсетуге жұмылдырған Үндеулер қабылданды. Туған жерді жан аямай қорғауға деген ниеттерін білдірді. Тәрбие.орг сайтынан ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ЕРЛІК ІСТЕРІ Тәрбие сағаты материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы:

Пікірлер: 0

avatar