«Қазақ хандығынан –Мәңгілік елге!»

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 198
  • Тәрбие сағаты
  • 27/Ноя/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 20241


«Қазақ хандығынан – Мәңгілік елге»атты ән байқауының сценарийі
Естөре Ж. Музыка пәнінің мұғалімі
Байқаудың мақсаты: Тұңғыш қазақ мемлекетінің құрылуына негіз қалаған қоғам қайраткерлерінің еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу, өз елінің тарихына, адал ұлдарына деген құрмет сезімін қалыптастыру.
Уақыты : 17.10.2015ж
Сағат:15.00
Өтілетін орны:Мәжіліс залы
Фанфары
І-Жүргізуші: Ғасырлар бойы қазақ халқы кең даласын ақ білектің күші, ақ найзаның ұшымен қолына алып жаудан қорғаған. Қазақ жерінің ұлан қайсар батырлары бостандық үшін жанын берген. «Қазақ хандығының құрылуы — Қазақстан тарихындағы сындарлы кезең болып табылды» Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Биылғы жыл – қалың қазақты бір жасатып тастады. Армысыздар бүгінгі тәрбиелік шараға жиналған құрметті оқытушылар,оқушылар! Бүгінгі өткелі отырған тәрбиелік шара тақырыбы — «Қазақ хандығының құрылуы». Осы ерекше датаның бүгінде маңызы зор. Бүгінгі шара Дүбірлі тойдың өз деңгейінде атап өтілуі үшін біздің қосқан үлесіміз болып табылады.
ІІ-Жүргізуші
Армысыздар осы кештің қонақтары
Халқымның ашық болсын атар таңы
«Қазақ хандығының құрылуына 550 жыл атты кешіміздің
Беделін көтерейік тарихтағы.
І-Жүргізуші
Сәлем бердік кешіміздің көрермені
Қазақтың ол анық қой өнер кені
Тарихи кешімізге қош келдіңіз
Алдарыңда болашақтың өрендері ,дей отырып, «Қазақ хандығынан Мәңгілік елге»атты ән байқауымызды ашық деп жариялаймыз.Ән байқауымыздың әділ бағасын беріп, өрендерге сын көзбен қарайтын әділ қазы мүшелерімен таныстырып өтейін

1.Таяуова Салтанат Жұбатқанқызы-мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
2.Жәшібай Салтанат-музыка пәнінің мұғалімі
3.Естөре Жанғабыл-музыка пәнінің мұғалімі

ІІ- жүргізуші:
Еуразияның қақ ортасында орналасып, талай халықтың көнедегі және қазіргі кездегі тарихына куә болған, тарихы солармен тағдырлас қазақ даласы, Қазақ жері , Қазақ ұлты қандай қиыншылықтарды бастан өткізбеді десеңізші.
Сіздердің назарларыңызға «Қазақ жері осындай»әнімен 9 «а»класының «Жұлдыздар»тобы
Қарсы алыңыздар!
І-жүргізуші:
Ұлы боп көк тәңірдің саналатын
Орындап сол тәңірдің аманатын
Мәңгілік ел болуды мұрат етіп,
Бумын құрған Түріктің қағанатын
Келесі тыңдайтындарыңыз «Қазақстаным»әнімен 9 «ә»класының «Қоңыр»тобы
ІІ-жүргізуші:
Жауларын айбарымен алжастырған
Бумын ісін істемес жалғастырған
Тоз тоз болған халықтың басын қосып
Ұлы Түрік қағанатын заңдастырған дей отырып,
алдарыңызға 8 «ә»класының«Жігіттер»триосын
шақырамыз ән: « »
І-жүргізуші:
Армандап Түрік елін бай болсын деп
Төрт түлігі әмәнда сай болсын деп
Халқының киімі көк, қарыны тоқ,
Елі бейбіт, көңілі жай болсын деп ортамызға «Қазақ елі»әнімен 7«а»класының «Дәстүр»тобын шақырамыз.
Қарсы алыңыздар!
І-жүргізуші:
Сол үшін ұзақ түндер ұйқтамаған,
Қара бастың қамын еш құнттамаған
Батыр бабам Күлтегін, Тоныкөктер
Жорықтарда тамшы су ұрттамаған дей отырып,ортаға 8 «а»класының
Оқушысы Шуиншбаев Ернұрды «Қазақстан »әнімен
ортаға шақырамыз.
ІІ-жүргізуші:
Түрік жұрты осылай өсіп – өнген,
Ынтымағы жарасып жауды жеңген.
Билік- таққа таласқан аға –бауыр,
Ақыры Қағанатты екі бөлген.

Ортада 7 «ә»класының «Бірлік»тобы , «Жаса,Қазақстан»әнімен
І-жүргізуші:
Кезінде жарты әлемді билеп тұрған,
Бірлігіне басқалар құлдық ұрған.
Ыдырап Ұлы түрік қағанаты,
Ру –тайпа өзінше хандық құрған.дей отырып,

ортаға 6 «ә»класының «Шаңырақ »тобы «Көк тудың желбірегені» әнімен
Қарсы алыңыздар!

ІІ-жүргізуші:
Айрылып айбынды түр келбетінде
Бөрі жеп бөлінгенді әр шетінен.
Жойылды Шыңғыс ханның жорығында,
Қалалар Отырардай жер бетінен.дегендей,ортада 6 «б»класының «Блэкстар»тобы «Көзімнің қарасы»әнімен

І-жүргізуші:
Түріктің бір бұтағы қазақ еді,
Қайсар мінез өр еді, ғажап еді.
Жәнібек,Керей хандар басын қосып,
Өмірге келген еді Қазақ елі.дей отырып,ортаға 6 «В»класының «Арай»тобын« Салем ,саған Туған ел » әнімен шақырамыз.

ІІ-жүргізуші:
Алтай мен Атыраудың арасында,
Жетісу, Жеті өзеннің сағасында.
Бірігіп Ұлы, Орта, Кіші жүз боп,
Хандық құрды қазақ өз даласында дегендей , «Жаса Қазақстан»әнімен
5«а»класының «Бәйтерек»тобы

І-Жүргізуші:
Біз қазақ деген мал баққан елміз,
Бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз.
Елімізден құт береке қашпасын деп,
Еліміздің шетін жау баспасын деп,
Найзаға үкі таққан елміз.
Басымыздан сөз асырмаған елміз. Олай болса,5 «ә»класының «Лашын»тобы «Қазақ елі»әнімен


ІІ-Жүргізуші:
Әр адамзаттың қасиеті мен мәдениеті өз халқын, өзінің ата мекенін қалай білуімен өлшенбек. Ананың ақ сүтіне, уызына жарыған адам қашанда Отаншыл, ұлтжанды болмақ.
Олай болса , «Көк тудың желбірегені»әнімен 5 «б»класының «Қырандар»тобын ортаға шақырамыз.


І-Жүргізуші
Халқымыздың тарихында ел үшін ұрпағының болашағы үшін алысып өткен Хандар мен Билер, Батырлар, кемеңгер ойшылдар көп болған,ең бастысы олар от ауызды орақ тілді, ақылы асып туған ерлер болып бізге танылады.

ІІ-Жүргізуші
Арманы жүзеге асып бабалардың,
Рухы асқақтады даналардың.
Есімі қайта қауышты ұрпағымен ,
Нақақтан шәйіт болған ағалардың. Дей отырып,ортаға «Егеменді Қазақстан»әнімен
6 «а»класының «Сұңқар»тобын шақырамыз.

І-Жүргізуші
Аманаты Абылайдың орындалды,
Әлемге қазақ елі мойындалды.
Тілі іні, дәстүрі халқымыздың,
Төрінен лайықты орын алды

Олай болса, жас өрендердің өнеріне тәнті болып, әділ бағасын айтуға ортаға әділ –қазы мүшелерін шақырамыз.Қошеметтеріңіз!

ІІ-Жүргізуші
Өркендеп алға басты Қазақстан,
Бақ құсы қайта қонды қолдан ұшқан.
Қуатты, берекелі, бейбіт елмен,
Санасатын болды енді дос пен дұшпан.

І-Жүргізуші
Көк аспан түсіндей желбіреп байрағы,
Бір мүдде, бір мақсат алдына қойғаны.
Көк түрік отаны бүгінгі қазақтың,
Тәуелсіз Мәңгілік ел болу арманы дей отырып , «Қазақ хандығынан – Мәңгілік елге » ән байқауымызды жабық деп жариялаймыз.

Хор: «Атамекен»
Қорытынды: Жалпы ұлттық құндылықты біз жастардың бойына сіңіре білуіміз керек. Президент дәстүрлі жолдауында «Мәнгілік ел» қағидасына айрықша көңіл бөлуі тегін емес. «Нұрлы жол» - болашаққа бастар жол. Тәрбие.орг сайтынан «Қазақ хандығынан –Мәңгілік елге!» Тәрбие сағаты материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Естөре Жанғабыл Байғалиұлы

Пікірлер: 0

avatar