Қазақстан болашағы – білімді ұрпақ.

  • Жүктеулер: 5
  • Көрсетілім: 895
  • Тәрбие сағаты
  • 01/Апр/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 18323


Тақырыбы: Қазақстан болашағы – білімді ұрпақ.
Мақсаты: Оқушылардың әдебиеттік оқу пәнінен алған білімдерін тексере отырып,ақыл-ой өрісін жан-жақты дамыту. Ана тілін сүюге, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, білім туралы ойларын кеңейте түсу. Білімнің қоғамдағы маңыздылығы мен пайдасы туралы ойларын кеңейте түсу. Білімнің қоғамдағы маңыздылығы мен пайдасы туралы айту, білім, ғылым жаңалықтарымен таныстыру. Қазақстан патриотизмін қалыптастыру, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: теледидар, кеспе әріптер, нақыл сөздер.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың назарын сабаққа аудару, сабақтың мақсатымен таныстыру.
Кіріспе: Құрметті қонақтар, оқушылар! «Қазақстан болашағы – білімді ұрпақ» атты интелектуальды ойынымызды бастаймыз Бүгінгі сабағымыздың мақсаты білімнің адам өміріндегі маңыздылығы мен пайдасы, білім, ғылым туралы білу. Халқымыз жан-жақты адамды сегіз қырлы ,бір сырлы дейді. Адамның сегіз қырының бірі білімі. Білімді адамның көкірегі ояу болады, жақсы мен жаманды айыра біледі. Біліміміздің артып, санамыздың өскенін, сөз байлығымыздың молайғанын көрсетейік.
Бәйгеге түсіп жарыспай,
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып,
Тәрбие тәлім табар ма?
Бүгінгі ойын бәйгесі
Кім жүйрік, сол алда,- дегендей сабағымыз топпен жарыс және теледидардағы бағдарламаларға шолу түрінде өтеді.Сондықтан топтардың білімін бағалайтын әділқазы алқасын сайлап алайық
II.Таныстыру а) Топтың аты: Болашақ
ә) Ұраны: Білекті бірді жығады,
Білімді мыңды жығады.
б) Әділқазы алқасына арнау:
Құрметті әділқазы алқалары,
Әсемдеп таққан алтын сырғалары.
Біздерге әділ баға беріңіздер,
Болашаққа біз сияқты сеніңіздер!
Біз бүгін көрсетуге келдік өнер,
Бағалап, шамамызды сіздер көрер.
а)Топтың аты: Жеткіншек
ә) Ұраны:Тіліңмен жүгірме,
Біліміңмен жүгір.
б) Әділқазы алқасына арнау
Баршаға сәлем жолдап тіл қатамыз,
Көпшілік қолдау берсін ақ батаңыз.
Мың сәлем, әділқазы алқасына!
Кешірер болып жатса сәл қатеміз.
III. «Ғажайып алаң» ойыны.
Ұшқыр ойға серік болсын шеберлік,
Ендігі кезекті «Ғажайып алаңға» берелік.
Арамызда тапқыш достар көп екен,
Солардың енді жауаптарын көрелік.
Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, теледидар көрермендері! Назарларыңызға әр жұма сайын болатын «Ғажайып алаң» ойынын тамашалауға шақырамыз Ортаға ойыншыларды шақырайық
Болашақ тобынан: 1 оқушы
Жеткіншек тобынан: 1 оқушы

Көрермендер тобынан: 1 оқушы
1-кезең. Тапсырмасы: Ақыл-ойдың шырағы,
Зәулім көктей шынары,
Биігіне бойлаған

Қанбайды адам құмары. (БІЛІМ)
Жарнамалық үзіліс.Әр топ жарнама көрсетеді.
2-кезең. Қорытынды кезең.Тапсырмасы : Екі адамның сөз таластыруы (АЙТЫС)
IV.Музыкалық үзіліс. «Айтыс». Оқушылар айтысы
V. «Не, қайда, қашан?» бағдарламасы бойынша екі топқа тапсырма.
а) Ертегі қалай аталады? Суретпен жұмыс.
ә) Логикалық есеп. 8 жұмыртқа 4 минут піссе, 15 жұмыртқа неше минут піседі?
б) Топ басшыларына тапсырма. Хат беру.
Бір қайыңда бес алма,
Ал еменде бұтақ сайын он алма,
Болады сонда қанша алма? (Жауабы:қайыңда алма өспейді)
VI. «Күлкі керуені» Шағын көрініс көрсету.
VII. «Бақытты сәт» ойыны. Жақсының үлгісі,
Жанып тұрған шамдай,
Шешеннің сөзі,
Ағып тұрған балдай,-демекші келесі кезекті «Бақытты сәт» ойынына берейік. Екі топқа 7 сұрақтан беремін.1-топ сұрақтары:
1) Сиырдың пірі (Зеңгібаба)
2) Қара алтын (Мұнай)
3) Абайдың әжесі (Зере)
4) «Алып бала» кім туралы? (Қажымұқан)
5) Бес қандай сан есім? (Есептік)
6) Әл-Фараби қай қалада туған? (Отырар)
7) Мұғалімнің екінші аты (Ұстаз)
2-топтың сүрақтары.
1) Жылдан құр қалған жануар (Түйе)
2) Біржанмен айтысқан қыз (Сара)
3) Ләззәт Асанова кім? (Желтоқсан құрбаны)
4) Жеті ата (Ата,әке,немере,шөбере, шөпшек,туажат,немене)
5) Баланы тәй-тәй бастырып, күрмеу жібін шешетін кез (Тұсаукесу)
6) «Абай жолы»роман эпопеясының авторы (М.Әуезов)
7) Қазақстан таулары (Алатау,Ұлытау,Алтай)
VIII.Музыкалық үзіліс. Би
IX. «Жұлдызды сағат» ойыны.
Келешекте үмітіміз талапты,
Атақ, даңққа бөленеміз қарап тұр.
Сегіз қырлы , ойшылдар боп туғандар,
Оза шауып, бәйге атындай келіп тұр.
Келесі кезекті «Жұлдызды сағат» ойынына береміз.Әр топ өз аттарындағы әріптерді пайдаланып ,сөздер ойлайды.
БОЛАШАҚ: бала, лақ, ошақ, балақ, т.б. ЖЕТКІНШЕК: жеті, ішек, кене,жеті, т.б.
X.Қорытынды: Сайыста жеңіс те бар, жеңіліс те бар,
Қуанып, шаттанып күлу де бар.
Өнерін тамашалап отыр қауым,
Әділқазыға соңғы сөзді беру де бар.
«Жүзден жүйірік, мыңнан тұлпар» - демекші,бүгінгі сайысымызды таразылап, әділ бағасын берер деген оймен сөзді әділқазы алқасына береміз.
1-топ басшысы: Пайдаң тиіп Отанға,
Риза болсын халқымыз.
«5» болсын алар бағамыз,
Білімнен бақыт табамыз.
2-топ басшысы. Біз XXI ғасыр ұрпақтарымыз.Сондықтан бүгінгі таңда Отанымыз Қазақстанда болып жатқан жаңалықтар бізді қызықтырады.
Хормен: Біз оған өз үлесімізді қосамыз!
Хор: «Менің Қазақстаным» әнұранымен аяқтау. Тәрбие.орг сайтынан Қазақстан болашағы – білімді ұрпақ. Тәрбие сағаты материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Cәріпова Раушан Құмашқызы

Алматы облысы Қарасай ауданы Алмалыбақ ауылындағы орта мектеп-гимназиясы бастауыш сынып мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar