Қазақстан- көк байрағы желбіреген тәуелсіз мемлекет

  • Жүктеулер: 14
  • Көрсетілім: 858
  • Тәрбие сағаты
  • 25/Окт/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 19797


«Мамлют қазақ мектеп –интернаты» КММ

«Қазақстан- көк байрағы желбіреген тәуелсіз мемлекет»
Тәрбие сағаты

Өткізген:
Муратова Алтыншаш Қабдолловна

Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларды еліміздің тәуелсіздік алған жылдар ішіндегі жеткен жеңістіктерімен таныстыру,әлем таныған ел екенін дәлелдеу,білімдерін кеңейту.
Болашақ ұрпақтың рухани тұлғалық және адамгершілік құндылықтарын дамыту.
Отанын сүюге,ел тарихын білуге,еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге,отанымыздың байлығын қорғауға,елімізді өркендетуге білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.
Тәрбие сағатының көрнекілігі: Қазақ елі суреттері,Қзақстан Республикасының рәміздері:Туы,Елтаңбасы,Әнұраны.Н.Ә Назарбаевтың суреті.
Нақыл сөздер,Қазақстан туралы әндер.
Тәрбие сағатының барысы:
Қазақстан туралы не білеміз? Мен Қазақстанда тұрамын. Мен Қазақстанда білім алып жатырмын.Мен еліммен мақтанамын.Елімнің гүлдене бергенін қалаймын.
Мұғалім сөзі. Міне оқушылар біздер елімізбен мақтанамыз. Бұл еркіндік оңайлықпен келген жоқ. Қазақ елі еркіндікке жету үшін қаншама қиын-қыстау кезеңдерді бастан кешірді.Мыңдаған жылдық тарихы бар.Қазақстан тәуелсіздік алды.
Ал, 1986 жылғы оқиға халықтың есінде мәңгі сақталады.
16 желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып,Қазақстан тәуелсіздігін талап етті.
Осының нәтижесінде 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі туралы заң қабылданды.

Жаралдық молшылықтан толы ағыстан
Жолың бар жақсылықты қалап ұшқан
Ғасырдың биігіне шықтың ту боп,
Көркейген елім менің – Қазақстан!

«Астанаға саяхат» суреттер көрсетіледі.
Отан туралы мақал-мәтел білеміз бе?
Ойын «Мақал-мәтел» жалғасын тап...
Мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңба, Әнұран. Бұл халық бірлігінің белгілері.Қазақстан Республи- касының да өз рәміздері бар.Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу - әрбір азаматтың міндеті.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы ортасында шұғылалы күн, оның астын- да қадықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Бұл түс-
ашық аспанның,тыныштықтың белгісін көрсетеді.Тудың ортасындағы алтын күн – баршаға ортақ, бәріне нұрын шашып, сәулесін төгеді.Оның жылуы жер бетіндегі бүкіл тіршілік тіршілік атаулыға ортақ. Алтын күнді қанатымен жебеп, өрге көтер»п ұшып бара жатқан қыран құс – ерлік белгісі. Матаның сол жағында ою - өр негі бар тік жолақ орналасқан. Бұл қазақ елінің әшекейі. Алтын күн, Қыран және ою- өрнек біздің халқымыздың ашық келешегі мен бай – берекесі, тыныштық пен байлықтың белгісі.
Желбірейді шалықтап
Қазақстан жалауы
Көкке қыран қалықтап,
Қанат қағып барады.
Мен қазақпын, ұланымын қазақтың
Тәуелсізбін, егеменмін азатпын
Көк байрағым тұр көгімде желбіреп
Алатаудай көкке өрлеген азатпен

Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасында көгілдір түс аясында шаңырақ бейнелеген.Шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап, уықтар шаншылған.Жарық жұлдыз – Ота- нымыздың жұлдызы биіктеп, бақыт жұлдызынан нұр шашып тұрғанын бейнелейді.Қанатты тұл- пардың баламалық мәні қазақтың аңыз ертегісінен алынған. Аңыз бойынша қанатты тұлпарға мін- ген алып батыр алты қанат аспанға ұшып, жеті қат жер астында түсіп халықты қасіреттерден азат еткен,еліміздің азаттығы мен жеңімпаздығының белгісі.Бидай сабақтары тоқшылықты, молшылық ты білдіреді. Ал төменгі жағындағы «Қазақстан» деген жазу еліміздің ежелден әлемге танымал екенін көрсетеді.
Енді бүгін өлген Туым тірілді
Әнұраным жалғап алды ғұмырды
Босағада қалып келген Елтаңбам
Баяғыша төріме кеп ілінді.
Кез келген мемлекеттік рәміздің ең маңыздысы - Әнұран. Әнұран мемлекеттік салтанатты ән. Ол халықты әйгілі етеді. Оның сөздерінде халықтың мыңдаған жылғы тарихы, бүгінгі өмірі мен келешек арманы айтылған.
Бақтың құсы әр адамға қонып бір
О, Тәңірім, бізді баққа жолықтыр...
Бүгін міне, Тәуелсіздік ағайын,
Әр қазақтың жүрегі боп соғып тұр!
«Сөзжұмбақ» шешу.
Қорытынды: Тәрбие.орг сайтынан Қазақстан- көк байрағы желбіреген тәуелсіз мемлекет Тәрбие сағаты материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Муратова Алтыншаш Кабдолловна

СКО Малют қазақ- интернаты Бастауыш сынып мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar