Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
«Қазақстанның тұңғыш Президенті»
  • 03.12.2016
  • 309 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 20324

Қазақстан Республикасының
Тұңғыш Президент күніне
арналған шығарма

Тақырыбы: «Қазақстанның тұңғыш Президенті»

«Атбасар ауданының білім бөлімінің
Борисовка орта мектебі»КММ
8- сынып оқушысы Мурат Шынболат

2016-2017 оқу жылы

Біз тәуелсіз елімізді « Мәңгілік ел етуді мурат қылдық!»
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
Жоспар:
1. Болашақты бастап берген бала шақ.
2. Барлық халықтар балаларына қамқоры.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Президенті. Туып-өскен жері-Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Шамалған ауылы. Ол анасының, әжесінің, әкесінің тәрбиесінде өскен. Нұрсұлтан өз анасын Әлжанды жеңеше деген әжесін Мырзабаланы апа деп атаған. Нұрсұлтан зарығып көп күткен бала. Әке - шешесінің бар тілегі осы тұңғыштарының үстінде болды. Әкесі балам орысша жақсы сөйлеп, үйренсін деп ылғи қазақ тұратын Колхозная көшесінен Панфилов көшесіне көшіп, қоныс аударады. Ол көшеде орысша сөйлеушілер көп. Кесікбай деген бір жылқышы кісімен үйін айырбастапты. Елбасшысының орысша таза сөйлеуіне осы жағдайдың, әкесінің бала болашағын ертеден ойлауыныңда септігі тиген. Нұрсұлтанды үй іші Сұлтан дейтін болған.Әкесінің бір сөзін екі етпейтіндігі оны қатты сыйлағандығын көрсетеді. Сол үйдегі баланың үлкені болғаннан кейін қар күреу, отын жару, көктемде бау-бақша отырғызу барлық жұмыстар оның міндеті болған. Әке-шешесіне мейірімді, қайырымды, артындағы екі іні, бір қарындасына да жаны ашығыш еді. Бала кезінен өте зерек, мейірімді, қамқоршы, адал бала болған. Ал сабақты өте жақсы, кілең үздік оқыған екен және қолынан ешқашан кітап түспейтін болған. Мұғалімнің айтқандарын сол қалпында қағып алып отыратын, ерекше қаблеті әрқашан салмақты, байыпты, ұстамды болыпты. Мектепте оқу озаты. Ойға алғанын істемей қоймайтын қайсар,бала күнінен батыр болыпты. Қыс бойы аяғынан шаңғы түспей, өзі өскен жері Үшқоңырға дейін баратын екен. Алыс отыз шақырымдай тұратын, Үшқарасайдағы Мәмбетай атасының үйіне жолсыз тау ішімен шаңғымен барып келіп тұрыпты. Бала кезінде дене шынықтырумен айналысқан. Атқа мініп жайлауды аралап, «Көкпарға барып келдім, бәйгені көріп келдім» деп отырады екен. Осы батырлығымен мектеп бітірген соң 17 жасында Украинаға тартып кетуі -о да батырлығы ғой. «Әке – балаға сыншы» дегендей, осы баламнан бірдеңе шығады деп байқады ғой. Батасын беріп, малын сатып, ақшасын салып, жолына көлделең тұрмай, бара ғой деп тілегін тілеп, оқуға жібереді. Сөйтіп өзі жарып шықты.
Бір ғажабы,бала да болса өзін үлкен кісілер қатты сыйлап тұрады екен оның бала кезінде. Оқуда жүріп ауылға демалысқа келгенде, барлық көршілері оны бала демей қонаққа шақыратын болған. Жалпы, Сұлтанның өңі, мінезі, отырған жерін думан қылып күлдіріп отыруы, қалжың айтып, тауып сөйлеуі анасынан дарыған. Ол кісінің қолынан бәрі келетін: істі де, сөзді де бесаспап жақсы адам болған. Ағайын арасында қадірлі тегі жақсы, ұйымдастырушы көпшіл екен. Осындай қасиет ел басшыға анасынан дарыған ғой. Бала күнінде Шамалғанда біраз ұлтардың басы қосылған ғой. Чешендер, болгарлар, түріктер, орыстар сияқты. Ауылдың көше – көшенің балалары кейде топтасып, бір –бірімен ренжісіп, шекісіп қалатын жағдайлар да болып тұрған ғой. Нұрсұлтан осындай кездерде әділеттігімен танылатын екен. Бәрінің айтқанын тыңдататын, төбелеске барғызбапты. Екі жақтың сөзін тыңдап, дұрыс – бұрысын анықтап, татуластырып отырған көрінеді. Сол кезде ақ жаңалыққа жақын өмірге құштарлығы ерекшеленген екен. Сөйтіп, мектепте комсомол комитетінің хатшысы балған. Мектеп туын ұстаған Нұрсұлтан қазір Қазақстанның көк Туын көкке желбіретуде. Елін сүйген, көреген саясаткер, көшбасшы, дана, дарынды тұлға. Көп ұлтты мемлекеттің қамқоршы елбасшысы 1990 жылдан бері қалтқысыз халыққа қызмет етуде. Балаларға деген қамқоры ұшан теңіз: Назарбаев Университеті, Назарбаев Зияткерлік Мектебі, Болашақ бағдарламасы, бірқатар лицейлер мен колеждер, аса талантты балалар үшін президенттік «Дарын» сыйлығын тағайындаған. Мен осындай ел басшысы бар елде тұрғаныма қуанамын. Дүниежүзінде екі елде алғашқы президент күнін тойлайды. АҚШ-та, Ирландияда бір шағын аралдың көсеміне құрмет көрсетеді екен. Енді міне біздің елбасына осындай құрмет көрсетіліп,1-ші желтоқсан «Алғашқы президент күні» болғанына, мен өте қуандым. Өзі туып өскен Шамалған өлкесінің үлкендерінен бата алған бала елінің де батасын алуда. Мектебінде көтерген туын, әліде тік ұстап келеді дейді екен сыныптастары. Иә, ел Президентінің батыр жүрегі мен байыпты мінезі сонау бала шағында бүр жарып, көктеді. Бүгінгі әлем таныған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ұлы жолының сүрлеу – соқпағы туған ауылында, алтын ұя мектебінен басталады. Қазіргі түркі дүниесінің көшбасшысы ең әуелі туған топырақтан тамыр тартты. Жұлдызды болашақты бастап берген қадірлі бала шақ осы емес пе !
Шығармамды Абайдың мына өсиетімен аяқтайын:
Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап,
Әуре етеді, ішіне қулық сақтап.
Өзіне сен, өзіңді алып шығар
Еңбегің мен ақылың екі жақтап. Тәрбие.орг сайтынан «Қазақстанның тұңғыш Президенті» Тәрбие сағаты материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Рымхан Назигул

"Атбасар ауданының білім бөлімінің Борисовка орта мектебі" КММ Қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Тәрбие сағаты
Көрсетілім: 309 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar