Қазақ тілі олимпиадасы

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 255
  • Тәрбие сағаты
  • 01/Янв/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 20739


«Қазақ тілі олимпиадасы»
Мақсаты : Қазақ тілінің теориясын жетік білетін,ой-өрісі кең,тілі дамыған,жан-дүниесі бай, адамгершілігі мол жас ұрпақ тәрбиелеу.
Жұмыс түрі : 5-9 орыс арасында оқушылар байқауы.
Байқаудың кезеңдері : 1. «Ширату» сұрақтарға жедел жауап беру.
2. «Ғажайып төрттік».
3. «Тіл өнері» :1. «Жұмбақ шеш» .
2. «Жалғастыр».
4. «Тіл шебері»
Байқаудың қазылар алқасымен таныстыру :
1.Мектеп директоры Е.М. Икласов 2.Мектеп психологы А. Е. Ерсаинова
1-кезең «Ширату» (жедел-жауап) Әр жауапқа 5 ұпай.
1. Бірде дауысты, бірде дауыссыз дыбыс? (У)
2. Дауысты дыбыс нешеу? (12)
3. Сөз мағыналарын зерттейтін ғылым?(лексика)
4. Жазамыз және көреміз?(Әріп)
5. Қаақ тілінде неше жалғау?(4)
6. Зат есімнің сұрақтары: (Кім? Не?)
7. Ұзын сөзінің антонимы? (Қысқа)
8. Батыр сөзінің синонимі?(Ержүрек)
9. Сөздердің дұрыс жазылуын қарастыратын ереже:(орфография)
10. «Қой аузынан шөп алмас» (жуас)
11. Бәдірек екті: Қандай сөз бар? (диалект)
12. Арман, қиял деген сөздер зат есімнің қай түрі? (дерексіз)
13. Ба-ла қандай буынды сөз? (ашық)
14. Ш дыбысы қандай дыбыс?(қатаң)
15. Қосаяқ сөзжасалудың қай түрі?(біріккен)
16. Екпін қай буынға түседі?(соңғы)
17. Керуерт, самаурын қандай тілден еннген сөздер?(орыс тілінен)
18. Септік жалғауы нешеу?(7)
19. Нарық, несие қандай сөздер?(жаңа)
20. Дауыссыз дыбыстар нешеу?(26)
21. Жұрнақтың неше түрі бар?(2)
22. Үндестік заңы нешеге бөлінеді?(2)
23. Екі-үш қандай қос сөз?(қосарлама)
24. Буынның неше түрі бар?(3)
25. Бақ-бақ қандай буында тұр?(бітеу)
26. Сын есімнің неше шырайы бар?(4)
27. Қып-қызыл қай шырайда тұрған сөз?(күшейтпелі)
28. Сын есім мағына жағынан нешеге бөлінеді?(2)
29. Талдықогған қаласы зат есімнің қай түінде тұр ? жалқы
30. Мақал-мәтелдер тіл білімінің қай саласында қарастырылады ? лексика
31. Сөз құрамы неден тұрады ? түбір, қосымша
32. Сөз табы нешеу ? 9
33. Дулыға, сауыт сөздері қандай сөздер ? көнерген сөздер
34. Сину,косинус сөздері қандай сөздер ? термин
35. Сөздіктер қай салада қарастырылады ? лексика
36. Тауыққа тары шашқандай . аз
37. Бір қазанға сыймайтын қандай бастар ? қошқардың басы
38. Зат есімнің қандай тұлғалар түрлендіреді ? жалғаулар
39. –ны,-ні, -ды, -ді, -ты, -ті қай септік жалғаулары ? табыс
40. Кімім,нем ? сұрау есімдігінің түрленуі ? тәуелденүі
41. Сөздердің тіркесүі арқылы жасалған сын есімдер қалай жазылады ? бөлек
42. Бірде өткен шақ , бірде келер шақ мағынасында қолданылатын ,есімшенің -атын, -етін, -йтын өткен шақ түрі ? ауыспалы өткен шақ
43. Үш жақтың бірінде қолданылып, сөйлеушінің шындыққа қатысын баяндайтын рай түрі ? ашық рай
44. Етістіктің түбіріне -мақ, -мек,-бақ, бек, -пақ, -пек жұрнағынан соң жіктелуі арқылы келер шақтың қай түрі жасалады ? мақсатты келер шақ
45. Дыбыстау мүшелері арқылы айтылып,естілетін тілдік құбылысты не дейді ? дыбыс
46. Әліпбидің 8 әрпін ата ? ж
47. Көнерген сөздердің түрлерін атаңыз ? архаизм,изторизм
48. Тыныс белгілерін тасымалдауға бола ма ?
49. Қазіргі кезде дүние жүзінде шамамен қанша тіл бар ? 5651 тіл бар
50. Этимология ғылымы не зерттейді ? сөздің шығу төркінін

3-кезең : «Ғажайып төрттік»

10 20 30 40 50 60
10 20 30 40 50 60
10 20 30 40 50 60
10 20 30 40 50 60

1. «Лексика»
10- Сөз байлығын тексеретін ғылым ? Лексика
20-Егер архаизмдер қздері атайтын заттарымен бірге жоғалып, қолданыстан шығып қалса, онда ондай сөздерді қандай сөздер дейміз ? Историзмдер
30- Полисемияны басқаша қалай атамыз ? Көп мағыналылық
40- Негізгі ой жанама, сілтеме түрінде беріледі. Ол не ? Мәтел.
50- «Техниканың тілі» деген сөз қандай мағынада беріліп тұр ? Ауыспалы мағынада.
60- «Қаз ашуын тырнадан алады» бұл не ? Мәтел.

2. «Фонетика»
10-Әрбір сөздің екі жағы болады. Ол ... 1-жағы –мағыналық жағы , 2-жағы –дыбыстық жағы.
20- «Фонетика» сөзі қай тілден шыққан ? Грек тілі
30-Монофтонг жалаң дауысты дыбыстар нешеу ? 9-а,ә,е,о,ө,ұ,ү,ы.
40 – «Орфограмма» деген не ? Емле
50- Орыс тілінен енген сөздерде ғана жазылатын дауыссыз дыбыстар ? Ф,ц,ч.
60- Ъ тілде не үшін қолданылады ? Дауыссыз бен дауысты дыбысты ажырату үшін.

3. «Морфология»
10- Сөздерді топтастырудың үш түрлі қағидасы ? Мағыналық, грамматикалық және сөйлемде атқаратын қызметі.
20- «Көптік», «тәуелдік», «септік» , «жіктік» жалғаулары тіл білімінің қай саласына тән ? Морфология.
30-Шылаудың басқа сөз таптарынан айырмашылығы неде ? Толық мағынасы болмайды.
40- Қимылдың мөлшерін, көлемін, шамасын білдіретін қай сөз табы ?
50- Жақтық мағыналы сөздер, ол қандай сөздер ? Жіктеу есімдігі.
60- Қай қосымша екпін қабылдамайды ? Жіктік жалғау.

4. «Синтаксис»
10- Қазақ тіліндегі синтаксисі іштей үш салаға бөлінеді. Сол үш саланы атап бер. Сөз тіркесі, жай сөйлем және құрмалас сөйлем синтаксисі.
20- Сөздердің байланысу тәсілдерін ата. Қиысу,меңгеру,қабысу,матасу,жанасу.
30-Заттанған сын есім сөйлемнің қай мүшесі болады ? Анықтауыш.
40- Қандай тыныс белгілер сөйлемнің ортасында қойылады ? Үтір,сызықша.
50-Қос нүкте қандай сөздерден кейін қойылмайды ? Одағай сөзден кейін.
60-Төлеу сөздің анықтамасы ? Біреудің сөзінің мазмұнын айту.

III кезең. «Тіл өнері»
1. Бұл кезеңде жұмбақты шешіп, оның орысша-ағылшынша аудармасын айту керек. Толық жауап берсе , 20 ұпай беріледі.
1. Көтеріліп теңізден
Аспанға биік барамын.
Биіктен қайта түскенде
Өңі кірер даланың. Жаңбыр-дождь-.......

2. Балдан тәтті. Ұйқы-сон-........
3. Үй үстінде ақ аю билеп тұр. Түтін-дым-......
4. Бір зат бар дүниеде құшағы кең,
Ұшқан құс, жүгірген аң бәріне тең.
Адамзат , жан-жануар арасында
Мәңгілік өсіп-өніп өмір сүрген. Жер-земля-.......

5. Жаһанда бір нәрсе бар ауызы жабық,
Ашылар мезгілінде бауырын жазып.
Ішіне толып жатқан қазына бар,
Қорек қып пайдаланар тәмәм халық. Кітап-книга-.....

6. Мұрты бар,сақалы жоқ,
Тоны бар,шапаны жоқ. Мысық-кошка -....
7. Ерте тұрдым алып ұрдым. Есік-дверь-....
8. Аяғы жоқ жүреді,
Аузы жоқ сөйлейді. Хат-письмо-....

9. Аласа тауда алуан алма,
Алқызыл болмай, ауызыңа салма. Қызанақ-помидор-....
10.Кеудесінде жаны жоқ,
Тамырында қаны жоқ.
Май жейді, су ішеді. Көлік-машина-.....

2-бөлім «Жалғастыр»

Өлеңнің бірінші жолдары оқылады. Сол өлеңді жалғастырып, авторын айту керек. Жауапқа 10 ұпайдан беріледі.

1. «Ау, қызғыш құс, қызғыш құс,.....»
2. «Үміт еткен көзімнің нұры, балам,.....»
3. «Жасымда ғылым бар деп ескермедім.....»
4. «Өнер-білім бар жұрттар....»
5. «Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан...»
6. «Әсемпаз болма әрнеге...»
7. «Қараңғы түнде тау қалғып,... »
8. «Ақ киімді ,денелі, ақ сақалды.....»
9. «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы,...»
10. «Ғылым таппай мақтанба,...»

IV-кезең : «Тіл шебері». Шешен сөйлеуге баулу.
1. «Ана тілің арың бұл»
2. «Жеті жұрттың тілін біл»
3. «Білімді ұрпақ-ел келешегі»
4. «Ата дәстүрім- асыл мұрам»
5. «Артық болмас білгенің»
6. «Жақсыдан -шарапат»
7. «Ұстазыңды құдайдай сыйла»
8. «Еңбекпен ер өседі»
9. «Отансыз адам- ормансыз бұлбұл»
10. «Ырыс алды-ынтымақ»

Қорытынды сөз : «Қандай байлық болмасын, оның түбі бір сарқылатыны хақ. Сарқылмайтын, терең бойлаған сайын, керісінше,еселеп арта беретін бір байлық бар, ол-білім. Ал білім негізі - мектепте» Н.Ә.Назарбаев.

«Еркін елдің ертеңі – кемел білім мен кемел ғылымда.»
Н.Ә.Назарбаев.

Жеңімпаздарды марапаттау. Тәрбие.орг сайтынан Қазақ тілі олимпиадасы Тәрбие сағаты материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Мадиева Бақытгүл Советханқызы

ШҚО Тарбағатай ауданы Тұғыл ауылы Ш. Уәлиханов атындағы орта мектебі Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar