Қазақтың ұлттық ойындары

  • Жүктеулер: 34
  • Көрсетілім: 2769
  • Тәрбие сағаты
  • 18/Май/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 19041


Күні: 12.03.2016 ж
Сабақтың тақырыбы: Қазақтың ұлттық ойындары.
Сабақтың мақсаты: қазақтың ұлттық ойындары туралы мәліметтерді ала отырып, білімдерін жүйелей алады.
Күтілетін нәтиже:
 Ұлттық ойындар туралы мәліметтер алады;
 Олардың түрлерімен танысады;
 Шығу тарихын зерттейді.
 Топпен ролдік қойылым қоя біледі.
Сабақтың барысы:
І.Ұймдастыру.
А) оқушыларды түгелдеу
Ә) оқушы мен сыныптың сабаққа дайындығы.
Б) оқушыларды сабаққа психологиялық дайындау, ойларын бір ортаға топтау мақсатында ой тастау.
В) оқушыларға топтарға бөлінеді
ІІ.Үй тапсырмасы.
Адамгершілікке байланысты мақал-мәтелдер айту. Мағынасын ашу.
ІІІ.Жаңа сабақ.
«Ой қозғау». Интерактивті тақтадан «Қазақтың ұлттық ойындарының» суреттерін көрсету. Оқушылар қандай ойын түрлерін көргенін айтады.
Жаңа сабақ. Қазақтың ұлттық ойындары бес түрге бөлінеді. Олар: аңға байланысты, малға байланысты, түрлі заттармен ойналатын ойындар, зеректікті, ептілікті және икемділікті қажет ететін, соңғы кезде қалыптасқан ойындар. Олардың негізгілерінің жүзден астам. Бұл ойындардың көбісінің ежелден қалыптасқан арнайы өлеңдері бар. Өлеңдер ойынның эстетикалық әсерін арттырып, еңбекке баулиды, ширықтырып, шынықтырады. Ғалымдардың пайымдауынша, ата-бабаларымыздан бізге жеткен ұлттық ойындарымыздың тарихы Қазақстан жерінде б.з.б. І мың жылдықта-ақ қалыптасқан. Олардың ішінде тоғызқұмалақ қуыршақ, асық ойындары Азия елдерінде тайпалық одақтар мен алғашқа мемлекеттерде кеңінен тарады. Біздің қоғамымыздың ұлттық ойындарының негізгі, шығу тегі халқымыздың көшпелі дәстүрлі шаруашылық қарекеттерінен бастау алады. Бұлардың көбісі мал шаруашылығына, аңшылыққа, жаугершілікке негізделген.
Ұлттық ойын түрлері
Әрбір ұлттың өзіндік тарихы, тілі мен діні, салт-дәстүрі, өнерімен қатар ұлттық ойындары да болады. Қазақ халқының еншісінде де бірталай ұлттық ойындар тізбегі бар. Қазақ жастары танымдық ойындарға аса мән берген. Олар үй үлкендері басқа жаққа кеткенде жиналып «Бастаңғы» жасаған, яғни сауық кештерін ұйымдастырған. Ондай кещтерде міндетті түрде ән айтылып, би биленіп, күй тартылып, ойындар ойналған. Қазақтың ұлттық ойындары тұрмыстық тіршілікке аса жақын. Олар жігіттердің ептілігін, күштілігін, дәлдігін дәлелдейтін ойындар. Мысалы, «ақсүйек», «асық» ойындарының басты құралы мал сүйегі. Ол табиғи таза, адам ағзасына еш зияны жоқ құралдар. Қазіргі ойынға қажетті құралдар жасанды синтетикалық заттардан жасалады, олардың адам ағзасына, әсіресе өскелең ағзаға зияны өте көп. Жалпы қазақ жастары ешқашан әдептен озбаған, сондықтанда ойын түрлері қазіргі жастар ойындарын мүлде өзгеше.



Слайд көрсетіледі.
Топтарға тапсырма:
І-тапсырма:
І-топ: «Қол күрес» ойынынан көрініс көрсетеді, шығу тарихымен таныстырады.
ІІ-топ: «Сақина салу» ойынын көрсетеді, шығу тарихымен таныстырады.
ІІІ-топ: « Асық ату» ойынын көрсетеді, шығу тарихымен таныстырады.
Топтарды марапаттап, қол шапалақтайды.
ІІ-тпасырма:
Постер қорғау:
І-топ: Аңға байланысты ойындарды топтастыру.
ІІ-топ: Малға байланысты ойындарды топтастыру.
ІІІ-топ: Түрлі заттармен ойналатын ойындарды топтастырады.
Видеоролик көрсетіледі.
Мұғалім сөзі:
«Өзге халықтар сияқты қазақтың да ертеден қалыптасқан, атадан – балаға мұра болып жалғасып келе жатқан ұлттық ойын-сауық түрлері бар. Зер салып байқап отырсақ, ол ойын-сауықтар қазақтың ұлттық ерекшелігіне, күнделікті тұрмыс-тіршілігіне тығыз байланысты туған екен және адамға жастайынан дене тәрбиесін беруге, оны батылдыққа, ептілікке, тапқырлыққа, күштілікке, төзімділікке т.б. әдемі адамгершілік қасиеттерге баулуға бағытталған екен»
Халқымыздың тарихи-мәдени мұраларының түрлері сан алуан. Солардың қай-қайсысы да адамға, соның игілігіне қызмет етуге бағытталған.
Осындай аса құнды мәдени игіліктердің бірі - ұлт ойындары. Бүгінде ойынды халық педагогикасының құрамды бір бөлігі деп тегін айтпаса керек, адам баласы жасаған жеті кереметтің қатарына 8-ші етіп осы ойынның аталып жүруі де жайдан жай емес.
Халқымыздың ұлы перзенттерінің бірі, заманымыздың аса көрнекті жазушысы М.Әуезов: «Біздің халқымыздың өмір кешкен - ұзақ жылдарында, өздері қызықтаған алуан ойын өнері бар ғой, ойын деген, менің түсінуімше, көңіл көтеру, жұрттың көзін қуантып, көңілін шаттандыру ғана емес, ойынның өзінше бір ерекше мағыналары болған», - деп тегін айтпаса керек.
Ұлт ойындары - ата-бабамыздан бізге жеткен, өткен мен бүгінгіні байланыстыратын баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз.Сондықтан оны үйренудің, күнделікті тұрмысқа пайдаланудың заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеуге пайдасы орасан зор.Ойын баланың алдынан өмірдің есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін оятып, бүкіл өміріне ұштаса береді.
Сергіту сәті «Қара жорға»
Кері байланыс «Ашық микрофон»
Сонымен ұлт ойындары – ата – бабамыздан бізге жеткен, өткен мен бүгінгіні байланыстыратын баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз. Сондықтан оны үйренудің күнделікті тұрмысқа пайдаланудың маңызы өте зор. Ойын адамның алдынан өмірдің есігін ашып, оның творчестволық қабілетін оятып, өміріне ұштаса береді. Ойынсыз ақыл – ойдың қалыпты дамуы да жоқ, болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті, ол баланың рухани сезімі жасампаз өмірімен ұштасып, өзін қоршаған ортаны тану арқлы түсінік алады. Ойын дегеніміз тынысы кең, алысқа меңзейтін, ойдан – ойға жетелейтін, адамға қиялымен қанат бітіретін осындай ғажайып нәрсе, ақыл – ой жетекшісі, денсаулық кепілі, өмір тынысы.Сонымен, ұлттық ойындар балаларды әдептілікке, ұқыптылыққа, тәртіптікке, әрекетті жинақтауға және жоспарлауға үйретеді. Терең ойды талап ететін ойындарға дойбы, тоғызқұмалақты жатқызамыз. Қызығына ешбір тоймайтын халықтың даналығы қалдырған ойындардың бірі болып табылады.
Мәңгі толы қазағымның ғұмыры
Сан асылдың ашылып тұр тұғыры
Кеше ғана керексіз ғып тастаған
Ғажап екен әдебі мен ғұрыбы- деп бүгінгі ашық тәрбие сағатымызды аяқтағымыз келіп тур. Назар аударып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет. Келесі кездескенше сау саламат болыңыздар. Тәрбие.орг сайтынан Қазақтың ұлттық ойындары Тәрбие сағаты материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Сарыбаева Гүлназ Әкімжанқызы

Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Ырғыз селосы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі тарих пәнінің мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar