Бақыт қаласы

  • Жүктеулер: 6
  • Көрсетілім: 645
  • Тәрбие сағаты
  • 05/Июн/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22943


Тақырыбы: «Бақыт қаласы»
(құқық тәрбиесі бағытындағы ойын-сауық түрінде өткізілетін тәрбие сағаты)
3 сынып.
Мақсаты: Құқықтық білім беру барысында оқушылардың әлеуметтік бейімделуіне назар аудару.
Бүкіл әлемдік адам құқығы туралы декларациядағы білім мен ережелерді қызықты ойындар арқылы үйретіп, білімдерін бекіту.
БҰҰ конвенциясындағы негізгі ережелер туралы мәлімет беру.
Көрнекіліктер: Кубиктер, ойыншықтар, гүлдер және басқа да заттардан соғылған «Бақыт қаласы» (алаң, көшелер, төрт үйшік)
Алдын ала өткізілетін жұмыс: «Адам құқығы туралы декларация» және «Бала құқығы туралы конвенция» кітаптарынан ереже оқу.
Барысы.
Ұйымдастыру кезеңі.
Сахнаға балалар кіріп, тақпақтар оқиды. (М. Шиманчиктің өлеңдерінен)
Бала деген ол да адам
Шақырамын білуге.
Оның да бар құқығы
Күліп өмір сүруге.

Ешкім мені ренжітпей
Басымнан бір сипаса,
Қол көтеріп, зекімей
Мені де адам деп санаса.

Жамандыққа сілтемей
Тек жақсылық көрсете
«Адам бол!» деп өмірде
Оқу-білім үйретсе.

Өзгелерден ерекше деп
Ешкім қолын созбаса,
Санамдағы ойларымды
Біреу келіп бұзбаса.

Құқығымды мен білем
Жауапқа да шақырам.
Бала құқығын біліңіздер
Сіздерді қолдауға шақырам.
Тәрбиеші:
- Балалар сендер балалардың құқықтары туралы көптеген тақпақтар біледі екенсіңдер. Бүгін мен сендерді осы мақсатта, бір керемет қалаға шақырғым келіп отыр. Бұл жерде балалардың құқықтары жақсы сақталып, қорғалады. Бұл қала – «Бақыт қаласы» деп аталады. Бұл қалаға кіру үшін, ғажайып қақпадан өту керек. (қақпаға қарап, тәрбиеші сәлемдеседі) Армысың, бақыт қаласы! Мұнда кішкентай балалар білім алуда. Біздің елімізде балалардың құқықтары жақсы сақталып, қорғалатыны жайлы балалар тереңірек білсе деймін. Сол сабепті, балаларды «Бақыт қаласына» шақырып отырмын. (Бақыт қақпа ашылады. Балалар ішке кіреді. Мейірімділік алаңына келеді) Мейірімділік алаңында бірнеше көше бар.
Тәрбиеші:
Жап-жасыл ағашы,
Тап – таза ауласы.
Көрікті көшесі
Бақытты қаласы.
-Балалар, биыл біздің Конституциямыздың 20 жылдығы қарсаңында, «Бақыт қаласын» одан әрі гүлдендіріп жіберіпті.
-Қала тұрғындары еңбектеніп, «мейірімділік алаңын» салыпты. Алаң өте үлкен екен, тезірек келіңдер. Мұнда ойын-сауыққа орын жеткілікті.
(Балалар дөңгелене отырып, көшелерге қарай бастайды)
1«Әдемі есімдер» көшесі

«Айнытпай сал» ойыны

Құлыншақтан қуыршақ, Олай-былай жүгіріп,
Шауып жүріп құлады. Ала мысық ойнамай,
Салшы дауысын, қуыршақ, Аша алмаса есікті,
Сонда қалай жылады? Дыбыстайды ол қалай?
Тышқан шығып інінен, Күзетші күшік саққұлақ,
Жем іздейді күнімен. Үй күзетіп шапқылап.
Қарны ашқанын ол қалай. Дыбыс шықса қаттырақ,
Жеткізеді үнімен? Қалай, қалай үреді?
Әтешке қарап ән салып,
Әнші болған балапан.
Әтеш болып шақырып,
Соқшы, қане, алақан.
Ал сенің есімің кім болады?
(Балалар дөңгелене отырып, бір-біріне допты ұсынып, өз есімдерін айтады)
Екі оқушыны тәрбиеші осы көшеден жүріп өтуге жібереді және көшенің соңында кім тұратынын анықтауды тапсырады. Балалар үйдің есігін қағады, үйдің ішінен кішкентай қыз шығады.
Қыз:
- Сәлеметсіздер ме, менің атым «Есім». Балалар дүниеге келген кезде, ата-аналар оларға мені береді. Өздерің білетін қыздар мен ұлдардың есімдерін атаңдаршы?
Бақыт,
Бейбіт,
Тынышбек,
Гүлнұр,
Аққу,
Ырысбек,
Қайрат,
Мира ,
Еламан,
Сәуле,
Шуақ,
Құрышбек,
Тәрбиеші:
Көңілге түй сен мұны,
Әр бүлдіршін – ел гүлі.
Бақытты елде туғаның
Есімдерден белгілі.
-Балалар, бұл қалада осындай көше бар болса, демек кез келген баланың есім алуға құқығы бар дегеніміз.
1. «Денсаулық» көшесі
Тәрбиеші:
Қала тұрғындарының біреуі ауырып қалса, осы көшеде тұратын дәрігерге келеді екен. Қане, бізде сол дәрігерге барып көрейік.
(Оқушылар осы көшеде тұрған үйдің есігін қағады)
Үйден дәрігер шығады:
Амансыңдар ма, балалар?
Егер ауырып қалсаңдар
Үйлеріңе келемін
Дәрі жазып беремін.
Тамақтарыңды емдеп
Жөтелмейтін етемін.
Ауырмасын балалар!
Осы менің тілегім.
Тәрбиеші:
Балалар, бұл көшеде қандай құқық сақталады екен? (медициналық қызмет көрсету құқығы)
2. «Қорғау» көшесі
Тәрбиеші:
Қаланың кез келген тұрғынына көмек пен қорғау қажет болса, осы көшеге келеді екен. Осы көшенің тұрғыны Иса бізге не айтар екен?
Қарындасым Әселді
Ренжітпеймін ешқашан.
Бірге ойнап, бірге күліп
Оны қорғай білемін.
Керек кезде мен оған
Жазасын да беремін.
Тәрбиеші:
- Балалар, Исаның іс-әрекеті дұрыс па? Ол қандай құқықты бұзды? (қорғау құқығы, жәбірлеушілік көрсетпей өмір сүруге)
3. «Білім» көшесі
Тәрбиеші:
-Бұл көшеде оқу, жазу, есеп шығару, ертегі айту, би билеу, мүсіндеуді үйретеді. Ал сендердің қандай өнерлерің бар?
Үйден білгіш шығады. Балаларға бұл көшеден не үйрену керек екенін түсіндіреді.
(би билеу, мүсіндеу және сурет салу)
Музыкалық үзіліс. Балалар би билейді.
Тәрбиеші:
Кешкілік қарашы,
Шамдарын санашы.
Қызылды, жасылды,
Бақытты қаласы.
-Күніміз тез өтіп, түніміз таяп қалыпты. (Шамдар өшіп, шырақтар жағылады.
Балалар көздерін жұмып, дөңгелене отырады)
Тәрбиеші:
-«Бақыт» қаласының тұрғындарына тек қана бақытты түстер кіреді екен. Оларға ашық аспан, көгілдір көлдер, жасыл орман және таңғы шықтағы қоңырау гүлдердің сыбдыры түстеріне кіреді екен. (үзіліс)
Тәрбиеші:
-Міне таңда атып, күн шықты (Балалар ұйқыдан оянып, керіле бастайды). Балалар, қалай ойлайсыңдар, неліктен бұл қаланың тұрғындарына тек қана бақытты түстер кіреді екен? (балалардың жауаптары)
(Балалар көрген түстерін айтады)
Тәрбиеші:
-Балалар, бақыт қаласы сендерге ұнады ма? Бұл қала сендердің естеріңде мәңгілік қалу үшін, мен сендерге осы қаланың таңбасын салуды ұсынамын. Ал таңбасы – күлімдеген мейірімді күн бейнесі.
Ғасырлар бойы адамдар жақсылықтың бәрін күн шуағына теңеген. Әр адамның жүрегінен шыққан жақсылық күнге теңеледі. Сендер әлі кішкентай болғандарыңмен, жүректеріңдегі күн шуағы өте үлкен болуы мүмкін.
Қорытындылау.
Жай ғана әуен ойнап тұрады. Балалар мольбертке күлімдеген күннің бейнесін суреттейді. Сабақ соңында балалар жұмыстарының көрмесі.
Тәрбиешінің қорытынды сөзі:
Осындай күн сәулесі, біздің еліміздің көк байрағын да жарқырап, шуағын шашып тұрады. Сендердің салған күндерің де жарқырап, күлімдеп тұр. Біз осындай елде туып, өмір сүріп жатқанымызға, бақыттымыз. Басқа елдер бізге қызыға да, қызғана қарайды. Біздің елімізде балалардың құқығын таптауға жол берілмейді. Сендер білім алуға, денсаулықтарыңды сақтауға, ойларыңды еркін жеткізуге, ойнап күлуге құқылысыңдар. Сол үшін елімізді, жерімізді қорғай білейік, сүйе білейік, құрметтей білейік. Әрқашан көк туымыз көкте желбіреп, күніміз жарқырай берсін деп, бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз. Тәрбие.орг сайтынан Бақыт қаласы Тәрбие сағаты материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Құдайбергенова Кенжекүл Байсубайқыз

Жамбыл облысы, Тараз қаласы, «Ақыл – ойы дамуында кемістігі бар балаларға арналған арнайы м Тәрбиеші

Пікірлер: 0

avatar